Семинар Зертханалық



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата20.04.2022
өлшемі1,26 Mb.
#140193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Силлабус. Әдеби процесс
Физика булану, document name, Тест, БАН рубеж - МАДДАМ-НН
 
Сәрсенбі, 
сағат 9.00  
Жұма, сағат 
14.00. 

З.Қабдолов. Образ – 
шындық – дәуір. 
Дәстүр 
мен 
жаңашылдық 
жайынан. 
 
Ғалымның мақалалары бойынша зерттеу 
жұмыстарын жүргізіңіз:
1.
З.Қабдоловтың «Образ – шындық – дәуір», 
«Дәстүр 
мен 
жаңашылдық 
жайынан» 
мақалаларының 
композициялық 
ерекшеліктері неде?
 
2.
З.Қабдоловтың зерттеушілік, қаламгерлік 
стилінің ерекшелігін қалай дәлелдейсіз?
 
З.Қаболовтың еңбектірінің бәріне де эссейстік 
сипат тән дегенді қалай түсінесіз?
 
Сәрсенбі, 
сағат 9.00  
Жұма, сағат 
14.00. 
 
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
9.1 Дәрістер 
1 Тақырыбы
: Кіріспе. Қазіргі әдеби процесстің даму тенденциялары.
Сағат саны
1
 
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Кіріспе. Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері. 
2.
Әдебиет теориясының өзге ғылым салаларымен байланысы. 
3.
Әлемдік әдебиеттану ғылымы және әдебиет теориясы.
Дәріс тезисі:
Әдебиет теориясы – әдеби творчествоның табиғаты мен қоғамдық функциясын 
зерттейтін және оны талдаудың методолгиясы мен методикасын айқындайтын ғылымның негізгі 
салаларының бірі. Әдебиет теориясы – әдебиеттану ғылымының жетекші саласы. әдебиеттану 
ғылымының үш саласы бар: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Әдебиет теориясы 
– әдебиеттің даму заңдылықтарын және әдеби шығарма мен әдеби процеске ортақ негізгі 
белгілерді айқындайды. Әдебиет теориясы – көркем әдебиеттің ерекшеліктерін талдап таныту 
арқылы оны зерттеудің тәсілдерін, негізгі принциптерін де айқындайды. Әдебиет тарихы – адам 
баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қандай жолдармен дамығанын 
зерттейді. Әдебиет сыны өз тұсындағы әдебиет мәселелеріне араласады. Сыншы – күнделікті 
әдеби құбылыстарды талдаушы, талғаушы адам. Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың 
жолдары, тәсілдері бар. Көркемдік кретерий – сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік 


түсінігін, өрелі ойын, терең білімін, биік талғамын керек етеді. Әдебиеттің үш саласы өзара тығыз 
бірлікте.
Әдебиеттанудың жанама тараулары: текстология, историография, библиография. 
Текстология – филологияның бір саласы; шығарма мәтінінің анық-қанығын сақталған 
қолжазбасымен, түпкі нұсқасымен салыстырып тексеретін, нәтижесін жариялайтын саласы. 
Библиография – әртүрлі пәндер бойынша кітаптарға, зерттеулерге анықтама-мағлұматтар беретін 
көмекші құралдар жасайтын жанама ғылым саласы. Историография – әдебиет теориясының, 
тарихының, сынының сан ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы деректер, мәліметтер, 
материалдар жиынтығы. Текстология – филологияның бір саласы; шығарма мәтінінің анық-
қанығын сақталған қолжазбасымен, түпкі нұсқасымен салыстырып тексеретін, нәтижесін 
жариялайтын саласы.
Бекіту сұрақтары 
1.
«Әдебиет» сөзінің маңызы мен атқаратын қызметі қандай?
2.
Сөз өнерінің өзіндік ерекшеліктері қандай?
3.
Әдебиеттанудың ғылым ретінде зерттейтін мәселелерінің аумағын анықтаңыз? 
4.
Көркем әдебиеттің өнер ретіндегі өзіндік ерекшеліктерімен көркемдік-идеялық мәнін, 
қоғамдық сипатын ажыратып жазыңыз.
Әдебиет
1.Райан М. Әдебиеттеориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттықаудармабюросы, 2019. - 292 бет. 
- ISBN 978-601-7943-37-0. 
2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 1-том: оқулық. - Алматы: 
Ұлттықаудармабюросы, 2019. - 568 бет. 
3.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 2-том: оқулық. - Алматы: 
Ұлттықаудармабюросы, 2019. - 372 бет. 
4.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 3-том: оқулық. - Алматы: 
Ұлттықаудармабюросы, 2019. - 440 бет. 
5.Ривкин Д., Райан М. Әдебиет теориясы. Антология. 4-том: оқулық. - Алматы: 
Ұлттықаудармабюросы, 2019. - 452 бет. 
6.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 
- 172 бет. 
7.Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.5. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. - Астана: 
Фолиант, 2005. - 536 б.
8.Шәбжантайқызы М. Әдебиет теориясы – көркемсөз ғылымының айнасы. Көкшетау, 2002. -186 б. 
 
2 Тақырыбы
: Ұлттық сөз өнерінің қалыптасу және даму тарихы. 
Сағат саны
1
 
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Қазақ әдебиеттану ғылымының бастаулары.
2.
Түркі халықтарына ортақ ежелгі дәуірдегі әдеби мұраны игеру және әдебиеттану ғылымы. 
3.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің өнер салаларының теориясына қосқан үлесі. 
4.
Орта ғасырлардағы әдеби-эстетикалық ой-толғамдар 
5.
ХІХ ғ. поэзия өнеріне қатысты толғамдар. 
Дәріс тезисі: 
Қазақ халқының өнері, мәдениеті, әдебиетінің тарихы, дүниетанымдық ой-көзқарасы 
ұлттық тарихымен байланысты. Себебі, әдебиеттану ғылымының негізгі зерттеу нысанасы сол 
ұлттық әдебиет екені белгілі. Бұл өте күрделі мәселе болып табылатын әдеби мұраны игеру 
процесіне әкеледі. Әдеби мұраны игерудің алғашқы баспалдағы белгілі бір шығарманы талғаммен 
қабылдаудан, өнер туындысы ретінде танудан, рухани азық ретінде қажетсінуден, көркем сөз 
құдіретін түсінуден, танымдық-тағлымдық мәнін ұғынудан басталады. Көне дәуірден бергі 
әдебиет нұсқалары көркем туынды дәуірінде ғана емес, өткеннің шежіресі, кешегі тарих ретінде де 
халықтың рухани өмірінде жоғары роль атқарған. Сол себепті де оны хатқа түсіру, әдеби тарихи 
мұра деп бағалап, әр түрлі жазба ескерткіштерге, сөздіктер мен шежірелерге енгізу, алғашқы 
ғылыми сипаттағы еңбектер мен трактаттарда қарастырады. Әдебиет теориясы ой-пікірдің тұңғыш 
рет көрініс табуы, әдебиеттанудың ғылымдық ертедегі сілемдері деп санау керек. Біздің 
ойымызша, қазақ әдебиеттану ғылымының тууына негіз болған фактордың бірі болып саналатын 
ұлттық әдеби мұраны игерудің алғашқы қадамдары қазақ әдебиетінің арғы бастаулары болып 
саналған көне түркі жазбалары мен ескерткіштерінен басталады. Оны ұлттық әдебиеттану 
ғылымының туу процесіне әкелетін тарихи алғышарттарға толы кезеңінің басы санаған орынды. 
 


Бекіту сұрақтары 
1.
Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштеріне қандай мәдени мұралар жатады? 
2.
Қазақ халқының өнері, мәдениеті, әдебиетінің тарихы, дүниетанымдық ой-көзқарасы ұлттық 
тарихымен байланыстылығы неде? 
3.
Әл-Фарабидің «Поэтика» атты еңбегінің құндылығы неде? 
4.
Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің ізі қандай ескерткіштерде сақталған? 
5.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің өнер салаларының теориясына қосқан үлес-салмағы қандай?
Әдебиет
1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 292 
бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 
2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 1-4том: оқулық. - Алматы: 
Ұлттықаудармабюросы, 2019.
3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 
- 172 бет. 
4.Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.5. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. - Астана: 
Фолиант, 2005. - 536 б.
3 Тақырыбы
: Қазақ ұлттық әдебиет теориясының тарихи даму жолы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет