Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау



бет2/46
Дата20.11.2023
өлшемі0,85 Mb.
#192181
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Мектеп құжаттамаларының негізгі түрлері: мектептің жылдық жоспары, оқу-тәрбие жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқу құралдары, мектеп Уставы, мектепішілік ережелер, сынып журналдары т.б.
Білім беру мазмұны оқу жоспарында, бағдарламаларда, оқулықтарда, оқу құралдарында нақтыланады.
Типтік оқу жоспары – білім министрлігінде жасалынып, бекітіледі (барлық мектептерге ортақ), ал оқу жоспары мектептің түрлеріне орай жасалынады. Оқу пәндері міндетті және таңдаулы деп бөлінеді.
Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін; оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін; әр пәнге бөлінетін сағат мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат.
Оқу бағдарламалары – оқу жоспар негізінде қарастырылады. Оқу бағдарламаларының құрамы пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылардың білім, іскерлік, дағдысына қойылатын талаптарды, оқыту түрлері, әдістері туралы нұсқауларды, оқушылар білімін бағалау жолдарын т.б. анықтайды. Ол түсінік хат, негізгі бөлім, әдістемелік аппарат, қосымша, т.б. бөлімдерінен тұрады.
Оқу әдебиеттеріне – оқулық, оқу құралдары, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинақтары, карталар т.б. жатады.
Оқулық – оқу бағдарламаларына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайды. Оқулыққа қойылатын талаптар: оқу бағдарламаларына сәйкес, ғылыми деңгейде, түсінікті, ұғымды, қысқа, қызықты болуы, тілі жас ерекшеліктеріне сәйкес, бақылау сұрақтары мен жаттығулар болуы шарт. Қазіргі уақытта дәстүрлі кітаптармен қатар аудио, видеокассеталар т.б. пайдаланылып жүр.
1990-1993 жылдарында білім сферасына қатысты елімізде бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданды: «Дарын» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыратын Республикалық ғылыми-практикалық орталық; Шетелде тұратын қазақтарға арналған – Мемлекеттік бағдарлама.
Әрбір реформада заман талаптарына сәйкес білім мазмұны өзгеріске ұшырайды. Білім мазмұнын жаңарту, білім беру жүйесін дамыту – өмір талабының объективті заңдылығы.
Білім мазмұнын қоғамның даму сатысындағы – мақсат, міндеттері айқындайды. Қазіргі замандағы дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді. Білім мазмұны жеке тұлғаны дамытудың және базалық мәдениетін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі ретінде саналады.
Мектептегі білім мазмұны оқыту процесі компоненттерінің бірі. Мектептегі білім мазмұны қоғамның мектеп алдына қойылатын ағымдағы және болашақтағы мақсаттары арқылы нақтыланады. Бұл оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте берілетін білім, білік дағдылар жүйесі.
Мектепте білім мазмұнының деңгейін көтеруге қажетті мынандай принциптерді қолданған жөн:

  1. оқу материалының жалпы білімдік сипаты;

  2. оқу материалының дамытушылық бағыты;

  3. білім мазмұнының азаматтық және гуманистік бағыты;

  4. білім мазмұнының эстетикалық аспектісі;

  5. білім мазмұнында әлеуметтік-экономикалық жолдарын ескерудің маңыздылығы;

  6. мектепте оқылатын пәндерді интеграциялау;

  7. пәндердің өзара байланыстығы (пәнаралық) және келістілігі;

  8. қазіргі үдемелі ғылыми-техникалық жағдайда ақпаратты технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту;

  9. білім мазмұны негізінде ұлттық, мәдени, тарихи байлықты жалпы азаматтық мәдени мұраларымен ұштастыру;

  10. ұлттық тілді, халықаралық қатынас тілдерін оқып-үйренудің тұрмыста, мәдениетте, ғылымда маңыздылығы;

  11. жалпы білім мазмұнының политехникалық және кәсіптік білім мазмұнымен ұласуы – теориялық-практикалық білімнің негізі;

  12. оқу материалын практикамен, өмірмен байланыстыру.

Жалпы орта білім беруде мынандай мәселелер қарастырылады:
1.Жалпы орта білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-құралдарын жетілдіру.
2.Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.
3.Политехникалық және кәсіптік білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру т.б.
Жалпы орта білім мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми-жаратылыс, гуманитарлық циклдері, еңбек және дене шынықтыру дайындығы. Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты.
Ғылыми-жаратылыстану циклы (физика, математика, химия, биология т.б.) – табиғат заңдылықтары жайында ойлау қаблеттерін дамытудың негізгі құралы.
Гуманитарлық цикл (тарих, әдебиет, қоғамтану, экономикалық география т.б.) – қоғамның даму заңдылықтарымен таныстырады. Оқушының шындықты танудың, ойлау аппаратын дамытудың, қарым-қатынас жасаудың құралы. Музыка, ән, бейнелеу, эстетика – оқушылардың талғамын, адамгершілік сезімін қалыптастырады.
Еңбек және дене шынықтыру оқушылардың денсаулығын нығайтады, оқушы іскерлік, дағдыға иемденеді. Еңбек сабақтары – кәсіби бағдар беру ісіне әсер етеді.
Жалпы орта білім мазмұнын қалыптастырудың көзі – адамның негізгі ортасы – адам, қоғам, табиғат, ноосфера.
Жалпы орта білім – оқушылардың ғылым негіздерін игеру процесі және нәтижесі.
Ю.К.Бабанский – ғылым негіздерінің мазмұнын таңдап алу үшін төменгі критерийлер жүйесін атап көрсетті:
– тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру
міндеттері – білім мазмұнындағы тұтас бейнелеу критерийі (оқу бағдарламасында көрсетілген барлық негізгі теориялар, заңдылықтар, ұғымдар – ғылымның осы саласы жөнінде жеткілікті тұтас түсінік береді);

  • ғылым негіздеріне кіретін мазмұнның жоғары ғылыми және практикалық мәнділік критерийі (қажетті теорияның, заңдылықтарының, ұғымдардың мәнін ашу үшін эксперттік бағалау жолымен бағдарламада тым универсалды және информативті элементтер мазмұнын қалдырады);

  • оқушылардың жасына байланысты нақтылық, оқу мүмкіншілігіне білім мазмұнының сәйкестік критерийі (диагностикалау, бақылау, емтихан нәтижесін талдау т.б.);

  • пәнді білуге берген уақытқа – мазмұн көлемінің сәйкестік критерийі (лаборатория, эксперимент, нашар үлгеретін оқушыларға көмек көрсету т.б. уақыт болу);

  • орта білім мазмұнын құруда халықаралық тәжірибені ескеру критерийі (шетел бағдарламаларымен салыстыру әдісі);

  • қазіргі замандағы мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасына білім мазмұнының сәйкес критерийлері (осыған сәйкес білім мазмұнына басты лабораториялық және практикалық жұмыстар кіруі қажет).

ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (18ақпан, 2005) былай делінген: «біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларынсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз қажет». Осыған байланысты, ХХI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау мәселелерін, т.б. шешуді тапсырды.
Политехникалық білім берудің мәні - өндірістің барлық процестерінің негізгі принципімен танысу. Қазіргі жағдайда оқушыларға политехникалық білім беру – радиотехниканың, кибернетиканың, телемеханиканың, атомдық энергетиканың, генетиканың, ғылым және техника саласының соңғы жетістіктеріне байланысты.
Мектепте политехникалық білім беруді іске асырудың басты жолдары:

  1. есептеу техникасы және информатика негіздерімен таныстыру.

  2. жүргізілетін практикалық және эксперименттік жұмыстар арқылы мамандық таңдауға даярлау.

3) мектепте, мектептен тыс жұмыстарда балалардың техникалық қабілетін дамыту.
Мектептегі политехникалық білім мазмұны:
Бастауыш мектепте (1-саты) – қолмен жұмыс істеудің (материалды пайдаланып) қарапайым тәсілдерін қолдану, ауыл шаруашылық өсімдіктерін мектеп тәжірибе участогында өсіру, көрнекі құралдарды жөндеу, жаңарту, кәсіби бағдар жұмыстарын өткізу.
Негізгі мектепте (2-саты) – ағаш, металл өндеуді үйренеді, электрониканың, металтану, графикалық жұмыс негізімен танысу, халық шаруашылығының басты салалары туралы түсінік алады, кәсіби бағдарға ерекше көңіл бөлінеді.
Жалпы орта білім беретін мектепте (3-саты) – теориялық, лабораториялық сабақтарда ғылым мазмұнының политехникалық деңгейін көтеру, есептеу техникаларын оқыту, бақылау машиналарын, компьютерді оқыту процесінде кеңінен қолдану, әртүрлі мамандықтар бойынша еңбекке баулу т.б. жүзеге асырылады.
Кәсіби білім берудің екі сатысы бар:

  1. орта мамандар даярлайтын оқу орындары (кәсіптік лицей, колледж);

  2. жоғары оқу орындарында жоғары кәсіби мамандар даярлайды.

Жалпы, политехникалық, кәсіби білімдер өзара тығыз байланысты.
Әр халықтың тарихы, мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері – диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың негізгі көзі болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет