Шөл, шөлейт жерлерде өсетін және паразит өсімдіктердің жапырақтары жетілмей ұсақ болады. Мысалы, Сексеуіл, жүзгін, қылша – шөл өсімдігі. Арамсояу, сұңғыла – паразит өсімдіктер.
Жапырақтың түрөзгерістері
Олар – тікен, мұртша, қабыршақ, шырынды, бунақденелілерді ұстау құралына айналған жапырақтар. Тікенге айналған жапырақ- а)Жүйкесінің ұшы, тақтасының жиегі тікенге айналған, мысалы, түйетікен, шағыртікен.
ә)Жапырақ тақтасы түгел тікенге айналған – кактус, кәріқыз, қарлыған. б)Жапырақ түгі тікенге айналған – итмұрын. Мұртшаға айналған жапырақ – асбұршақ, үрмебұршақ, т.б. Қабыршаққаайналған жапырақ– бүршік, пиязшық қабыршағы, жүгері собығының сыртындағы жапырақтар. Шырынды жапырақ – пияз, қырыққабат, бозкілем, сарысалма, т.б. Бунақденелілерді ұстау құралынаайналған жапырақ - шықшылдық, шыбынжұт, т.б.
Сабақ Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек. Сабақтың ең ұшында түзуші ұлпа орналасқан, ол сабақтың өсуін қамтамасыз етеді.