Сенімді серіктестік


Серіктестіктің заңдық мәртебесі



бет2/3
Дата09.12.2022
өлшемі472,17 Kb.
#161977
1   2   3
Байланысты:
Азаматтык кукык Рома[1]

Серіктестіктің заңдық мәртебесі


2.1. Серіктестік мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады.
2.2. Серіктестіктің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы бар бланкілері болады.
2.3. Серіктестік өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, міндет алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
2.4. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы.
2.5. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
2.6. Серіктестікке, серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен жауап беретін қатысушылармен (толық серіктер) қатар серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар тәуекелін өздері салған салым сомаларының шегінде көтеретін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын салымшы қатысушылар кіреді.

Құжаттар

Сенімдегі серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады және әрекет етеді. Құрылтай шартында мынадай мәліметтер болуға тиіс:

  • серіктестіктің атауы;
  • оның орналасқан жері;
  • серіктестіктің қызметін басқару тәртібі;
  • серіктестіктің жиналмалы капиталының мөлшері мен құрамы туралы шарттар;
  • жиналмалы капиталдағы толық серіктестердің әрқайсысының үлесін өзгерту мөлшері мен тәртібі туралы шарттар;
  • толық серіктестердің салымдарды енгізу мөлшері, құрамы, мерзімдері мен тәртібі, салымдарды енгізу жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін олардың жауапкершілігі туралы шарттар;
  • салымшылар енгізетін салымдардың жиынтық мөлшері туралы шарттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет