Мұхамедьяр Мөлдір Желтоқсанның жиырма екісі Шығарма Қыс Қыста күн қысқа, түн ұзақ болады. Қыста ауарайы суық немесе жылы болады. Қыста үш ай бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Мен қыста "Алау" деген мұзайдынға барамын. Мен отбасымен бірге далаға шығып, қармен ойнаймын, аққала жасаймын. Мен ауырып қалғанда, әжеммен бірге Бурабайға барамын.
Маған қыс өте қатты ұнайды. Енді тек қана қыс мезгілі болса ғой. Өйткені қыста олармен ойнауға болады және қарға жатып аққала жасауға болады.
Байқамысов Нади Желтоқсанның жиырма екісі Шығарма Қыс Қыста ауа райы суық болады. Өйткені Астана Солтүстік облысында орналасқан. Қыстың күні аз, түні ұзақ. Астананың суықтығы -30қа дейін жетеді.
Қыста көп ойындар ойнауға болады. Мысалы: аққала, қар атыс. Оларды ойнасаң өте қызық болады. Мен қысқы демалысымда Астанаға келдім. Мен қызықты жерлерге бардым.
Маған қыс мезгілі ұнайды. Мен қыс мезгілін өте қатты ұнатамын.