Серік Мырзалы философия оқу құралы


математика – астрономия –



Pdf көрінісі
бет297/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
математика – астрономия – 
физика – химия – биология – социология
. Осы тәртiпке сәйкес соци-
ология биология ғылымына негiзделгенмен, бiрақ адамдардың өзара 
iс-әрекет етуiмен байланысты жаңа заңдылықтарға ие болады. Социо-
логия ғылымының негiзгi мақсатын ол 
тәртiп
пен 
өрлеудi
бiр-бiрiмен 
ұштастыру қажеттiктерiнен шығарады. Ал ол үшiн бүкiл адамзатты 
бiрiктiретiн жаңа дiн қажет. Ескi әлемдік дiндер бiр-бiрiмен күресiп, 
адамзатты қайшылықтарға әкелдi және олардың қағидаларының көбi – 
жалған. Олай болса, жаңа ағарған дiн қажет – ол қазiргi өмiр сүрiп 
жатқан, бұрынғы тарихта болған және болашақта дүниеге келетiн 
адамдардан тұратын 
Адамзаттың
өзi. Сондықтан ол адамзатқа Құдай 
ретiнде қарап табынуға шақырды. 
Конттың бұл соңғы ойын өз уақытындағы замандастары терiс 
қабылдағанмен, бүгiнгi таңдағы адамзатқа өте өзектi мәселеге айна-
луда. Өйткенi бүгiнгi таңдағы адамзат «адамның мән-мағыналық 
дағдарысына» келiп тiрелуде. Бүкiл адамзаттың басын бiрiктiретiн 
терең рухани-адамгершiлiк мағынасы бар жаңа дiн – аса қажеттi де 
тағдырлы нәрсе. Бiрақ ол, бiздiң ойымызша, Конттың айтқан адам-
заты емес, өйткенi дүниеде сол адамның өзiн тудырған бiздiң арғы 
анамыз – «Ұлы мәртебелi Табиғат» бар. Оған табыну – алғашқы 
қауымдық қоғамда пайда болған-ды. Шамасы, алғашқы адамдар 
ақиқаттан онша алшақ болмаса керек. Көшпендi өмiр салтын ұстаған 
бiздiң ата-бабаларымыз да Табиғатқа, Тәңiрге сенгенiн бiз жақсы 
бiлемiз. Мыңдаған жылдардағы өткен цивилизацияның жетiстiктерiне, 
өмiрден алған тәжiрибеге сүйене отырып, жаңа дәрежеде табиғатты 
аялауға, оған табынуға, оны пір тұтуға қайта оралып қана, адам-
зат өзiнiң өмiрiн сақтап қалуға мүмкiншiлiк алар ма екен деген сұрақ 
оқтын-оқтын ойымызға келедi.


329
ХХ ғ. басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар 
(радиоактивтi сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейiнгi беделдi 
механистiк классикалық физиканың негiзгi қағидаларына үлкен 
соққы жасады. Электрон бөлшегiнiң тұрақты салмағының жоқтығы 
ғалымдарды таңғалдырды. Франция елiнiң сол кездегi iрi математик-
ғалымы А.Пуанкаре: «Олай болса, материя жойылды», – деген пiкiрге 
келдi. А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясындағы кеңiстiк пен 
уақыттың бiр-бiрiне өтiп, бiртұтастық дәрежеге келуiн қалай түсiнуге 
болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар едi. Бұл сұрақтарға 
жауап беру жолында позитивизмнiң екiншi сатысы дүниеге келедi. 
Оның аты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   521




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет