Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет13/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
ЖЕТІСТІК КІЛТІ:
Кез келген жағдайда өсуге мүмкіндік жасаңыз. 
Тілдесуді үйреніңіз, көпшіліктің алдына шығуға
қорықпаңыз, 
жаңа 
адамдармен 
танысудан
жасқанбаңыз. Жетістікке жетуге – жоспарлау, бар
ынтаны нəтижеге қол жеткізуге бағыттау, сондай-ақ
батылдық, тіл табысу жəне дос бола білу көмектеседі. 
Мінезді қатайтыңыз, спортпен айналысу арқылы
өзіңізге деген сенімділікті қалыптастырыңыз. 
Мықты «қарсыластарды» таңдаңыз! Олар сізді үнемі
өсуге ынталандырады. 
Əрдайым жасы үлкен тəжірибелі достарыңыз,
тəлімгерлеріңіз болсын. Олар сізге өмірде дұрыс
бағыт таңдауға көмектесіп, жеңіске жету жолын қалай
қысқартуға байланысты кеңес бере алады. 
Егер өз мəселеңіз бойынша білмей тұрған тұстарыңыз
болса, 
беделді 
адамдардан 
кеңес 
сұрауға
қысылмаңыз. Шешім қабылдау үшін тəуелсіз пікір
алған жөн. Табысқа жеткен достар жеңіс жолын
қысқартуда кеңес беріп, үлкен мотивация жасай
алады. 


Өзгерістер кезеңі
2
Мен алдымен жүйені бағамдап, сосын жоспар құрып,
ойға алғанын сүйсіне жүзеге асырған адамды жетістікке
жетті деп санаймын.
Өзгерістер кезеңі
Студенттік жылдар – адам ретінде қалыптасудағы өте
қызықты дəуір. Кешегі өрімдей жігітке өзі үшін, өз
шешімдері мен əрекеттері үшін жауапкершілік алатын кез
келді. Егер сен өзіңнің туған қалаңда оқысаң, үйде саған
əрдайым көмектесіп, қолдайтынын білесің. Ал басқа
қалаға, тіпті басқа елге кетсең, мықтылығың нағыз сынға
түсетін осы сəт. Мен əке-шешемнің үйінен 16 жасымда
кетіп, Кеңестік дəуірдегі ең үздік оқу орындарының бірі –
Калинин 
атындағы 
Ленинград 
политехникалық
институтына оқуға түстім. Дəл осы Ленинградқа көшу
туралы шешім өмірімде маңызды рөлге ие болды жəне
осындай адам болып қалыптасуыма көмектесті.
Сол кезеңде, 1988 жылы «өмірімнің 25 жылын осы
қалада өткіземін, қарапайым студент болып келіп,
халықаралық холдингтің негізін қалаушыға айналамын»
деп, мүлдем ойламаған едім.
Оқуымды Кеңес Одағында, əлі Ленинград кезінде
бастап, жоғары оқу орнын басқа елде жəне басқа қалада –
Ресей Федерациясы, Санкт-Петерборда тəмамдадым. Бұл
бір үлкен өзгерістерге толы қызықты кез еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет