Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Ең кедей – ол ақшасы жоқ емес, арманы жоқ адам



Pdf көрінісі
бет7/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Ең кедей – ол ақшасы жоқ емес, арманы жоқ адам.
Біздің ауданда баскетбол секциясы бар еді. Ондағы
ойын əсіресе, бойы ұзындар мен жасы ересектерге қызық.
Ал мен секілді аласалар футболға қатысса, өзін жайлы
сезінер еді. Алайда, соған қарамастан біріңғай ұзын
бойлылар ойнайтын спортта өзімді сынап көргім келді.
Өмір үнемі түрлі сабақтар беріп отырады, біз оларды
игермейінше, əрі қарай жылжи алмаймыз. Сондықтан 
мен
күрделі, қиын жағдайларды түйткіл емес, сынақ
ретінде қабылдаймын. Сол арқылы мықтырақ,


ақылдырақ, 
табыстырақ 
болудың 
жолын
қарастырамын.
Спорт сыныбында мықты командаға түскен соң, үздік
болу үшін елдің сеніміне ие болып, өзіңе арқа сүйеуге
болатынын дəлелдеу керектігін ұқтым. 
Он бес-он алты
баладан тұратын командада абыройлы болу үшін,
салмақты мінез бен нəтиже үшін жауапкершілік ала
білу қажет. Бизнесте де дəл солай!
Менің баскетболды не үшін жақсы көретінімді
білесіздер ме? Топтық ойын болғаны үшін, онда тек
жылдамдық пен реакция ғана емес, мықты командалық
рух – маңызды. Футболмен салыстырғанда, мұнда
барлығы жылдам өзгереді, белгілі бір миллисекунд ішінде
жағдай құбылып, шыға келеді.
Баскетбол – өте қарқынды əрі күшті қажет ететін
ойын. Оған штангашының аяғы, боксшының қолы жəне
шахматшының басы керек. (Оны «қозғалыстағы шахмат»
деп бекер айтпаған). Сондықтан маған қарсыластың əлсіз
тұстарын көріп, дұрыс қадам жасау қажет болды.
Команданың мықты тұстарын пайдаланып, сен əрбір
шабуылда доп салып жəне дұрыс қорғануың керек. Демек
нəтижесінде жеңіске жетелейтін стратегияны таңдауға
тиіссің.
Жетістікке жету үшін қажырлы, жүйелі жұмыстың
қаншалықты маңызды екенін де, осы спортпен айналысып
жүріп білдім. Жеті жыл бойы біз күн сайын екі реттен
жаттықтық. (Таңертең жəне күндіз). Алайда, боксты
бəрібір ұмыта алмадым, сол себепті тоғызыншы
сыныптың жазғы демалысын соған арнадым. Оқу
басталған кезде кешкісін сабақтан кейін боксқа қатысып
жүрдім. Оған оралған себебім, өзімнің бəсекеге
қабілеттілігімді арттыру үшін маған қосымша физикалық
дайындық қажет болды.
Спорттың екі түрімен қатар айналысу сенімділік берді
жəне қарсыластың бойы қандай болмасын, оның көзіне тік
қарауға, сондай-ақ достарымның арасында құрметке ие


болуыма мүмкіндік берді. Ал баскетбол командасының
үлкен жетістіктері бəріне бірдей ұнай қойған жоқ. Дəлірек
айтқанда, қарсыластарымызға жанкүйерлік еткен жоғары
сынып оқушыларымен жиі қақтығыстар болып тұрды. Сес
көрсетіп, «одан да жеңілгендерің дұрыс, əйтпесе
өкінесіңдер» деп қоқан-лоққы жасаумен болды. Алайда,
үлкен жігіттер біздің жігерімізді жасыта алмады. Сөйтіп,
ойындарда 
жеңіске 
жетіп, 
матчтардан 
кейін
жеңілгендердің 
жанкүйерлерімен 
жұдырықтасып
қалатынбыз. Бұл ұстаным маған кейін, Петерборда 90-шы
жылдары көмектесті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   84




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет