Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер


Орынжайлардың табиғи жарықтандыруына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет13/52
Дата12.09.2022
өлшемі1,2 Mb.
#149300
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
Байланысты:
22 СН РК 2.04-01-2011

 
5.2 Орынжайлардың табиғи жарықтандыруына қойылатын талаптар 
 
5.2.1
Үнемі адамдар болатын орынжайларда, ереже бойынша, табиғи жарықтандыру 
болу керек .
 
5.2.2
Табиғи жарықтандырусыз ғимараттар мен имараттарды жобалауға арналған 
тиісті нормалармен, белгіленген тәртіппен бекітілген өнеркәсіптің жекелеген 


ҚР ҚН 2.04-01-2011 
 

салаларының ғимараттары мен имараттарын құрылыстық жобалау жөніндегі нормативтік 
құжаттармен белгіленген орынжайларды және ғимарааттар мен имараттардың жертөлелік 
қабаттарда орналастыруға рұқсат берілген орынжайларды жобалауға рұқсат беріледі.
 
5.2.3
Табиғи жарықтандыру бүйірлі, жоғарғы және аралас (жоғарғы және бүйірлі) 
болып бөлінеді. 
5.2.4
Кез келген мақсаттағы орынжайда екі жақ бүйірден жарықтандыру кезінде ТЖЕ 
мөлшерленетін мәні орынжай ортасындағы сипатты кескіннің тік жазықтығының жұмыстық 
бетпен қиылысқан жеріндегі есептік нүктеде қамтамасыз етілу керек . 
5.2.5
Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда бір жақ бүйірден жарықтандыру кезінде, 
ТЖЕ-нің мөлшерленетін мәні мыналарды қамтамасыз ету керек: 
а) тұрғын ғимараттардағы тұрғын орынжайларда – жарық түсетін тесіктерден анағұрлым 
қашық қабырғадан 1 м арақашықтықтағы сипатты кескіннің тік жазықтығы мен еден 
жазықтығының қиылысында орналасқан есептік нүктеде: 1, 2, 3 бөлмелі пәтер үшін бір 
бөлмесінде сонымен бірге 4 бөлмелі және одан көп бөлмелі пәтер үшін екі бөлмеде . 
Қалған тұрғын ғимараттарының көп бөлмелі пәтерінің тұрғын бөлмелерінде және 
асүйде бүйірден жарықтандыру кезіндегі ТЖЕ-нің мөлшерленген мәні орынжайдың 
ортасында орналасқан еден жазықтығындағы есептік нүктеде қамтамасыз етілуге тиіс;
б) жатақханалардың тұрғын жайларында, қонақ бөлмесінде және қонақ үй 
нөмірлерінде –сипатты кескіннің тік жазықтығының еден жазықтығымен орынжай 
ортасындағы қиылысқан жерінде орналасқан есептік нүктесінде; 
в) мектепке дейінгі балалар мекемелерінің топтық және ойын бөлмелерінде, 
изоляторларда, және науқастанған балаларға арналған бөлмелерде – жарық түсетін 
тесіктерден анағұрлым қашық орналасқан қабырғадан 1 м арақашықтықтағы сипатты 
кескіннің тік жазықтығы мен еден жазықтығының қиылысында орналасқан есептік нүктеде; 
г) мектептердің, мектеп-интернаттардың, кәсіптік-техникалық және арнаулы орта 
оқу орындарының (техникумдардың) оқу және оқу-өндірістік бөлмелерінде – жарық 
түсетін тесіктерден анағұрлым қашық орналасқан қабырғадан 1,2 м арақашықтықтағы сипатты 
кескіннің тік жазықтығы мен шартты жұмыс бетінің қиылысында орналасқан есептік нүктеде; 
д) шипажайлардың, демалыс үйлерінің және пансионаттардың палаталары мен жатын 
бөлмелерінде – жарық түсетін тесіктерден анағұрлым қашық қабырғадан 1 м арақашықтықтағы 
сипатты кескіннің тік жазықтығы мен еден жазықтығының қиылысында орналасқан есептік 
нүктеде; 
е) ауруларды қабылдайтын дәрігерлер кабинеттерінде, тексеру бөлмелерінде
қабылдау-тексеру бокстарында, жара таңу бөлмелерінде – сипатты кескіннің тік жазықтығы 
мен бөлме ортасындағы шартты жұмыс бетінің қиылысында орналасқан есептік нүктеде; 
ж) тұрғын және қоғамдық ғимараттардың өзге орынжайларында – орынжай 
ортасында орналасқан жұмыстық беттегі есептік нүктеде 
5.2.6
Тереңдігі 6,0 м–ге дейінгі өндірістік орынжайларда бір жақ бүйірден 
жарықтандыру кезінде жарық түсетін тесіктерден анағұрлым қашық, қабырғадан немесе 
өңірдің ең көп тереңдету сызығынан 1,0 м арақашықтықтағы сипатты кескіннің тік жазықтығы 
мен шартты жұмыс бетінің қиылысында орналасқан есептік нүктеде ТЖЕ-нің минимальды 
мәні мөлшерленеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет