Сезім ағзаларына жалпы сипаттама. Анализаторлар туралы ілім. Рецепторлы жасушалар және рецепцияның механизмдері



бет2/4
Дата12.02.2023
өлшемі1,16 Mb.
#168452
түріАнализ
1   2   3   4
Байланысты:
Сезім ағзаларына жалпы сипаттама
Патофизиология Литвицкий т1, урок 3 (копия), Содержание
Көздің құрылысы:
Көз (Opthalmos oculos)- көру мүшесі, көру анализаторларының шеткі бөлігі, рецепторлы қызметін атқаратын көздің торлы қабығындағы нейрондар тізбесі.
Дамуы.
Көз ұрықтың әртүрлі жапырақшаларынан бастау алады. Көздің торлы қабығы мен көру нерві нерв түтігінен дамыса, көз бұршағы экстродермадан дамиды. Көз бокалын қоршаған мезенхимадан қан тамырлы қабық пен склера дамиды. Склераның алдыңғы бөлігі біртіндеп көп қабатты жалпақ эпителийге ауысып, көздің қасаң қабығына айналады. Көз бокалы ішіндегі мезенхима мен эмбриональді торлы қабықтан көздің шыны тәрізді денесі мен нұрлы қабығы дамиды. Көздің қарашығын (диаметрін) қысатын бұлшық еттері нейральді түрде дамып жетіледі.
Көздің жарық сындырғыш ,аккомодациялық және рецепторлы аппараттары болады.
  • Көздің жарық сындырғыш аппараттарына: қасан кабық, көз бұршағы, шыны тәріздес дене, көздің алдыңғы және арткы камераларындағы сұйыктық жатады.
  • Аккомодациялық аппараттарына: көздің нұрлы қабығы, кірпікшелі дене (кірпікшелі белдеу тәрiздi есiндi) жатады.
  • Рецепторлы аппаратына: торлы қабықты жатқызамыз.

Дәм сезу мүшесі:
Дәм сезу ағзасының - organum gustus («химиялық» сезімінің) - маңызы тамақтың сапасын айыруда.
Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді.
Тілдің сілекейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50-дей жіңішке түтікшелер орналаскан. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, одан ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет