жоғалтып алдым», «арманымды білмеймін» деп, ал кей-
біреулері еліміздің ең мықты, беделді жоғары оқу орында-
рын бітіріп, «мақсатымды білмеймін» дегенде,
осы кітап
қалай да жарық көруі керек деген ой келді. Бұл кітап - жал-
пы қазақ жастарына жол сілтейтін, замандастарыма, еліме
пайдасын тигізетін туынды болса деймін. Ал, кәсіппен
айналысамын дегендерге элі бизнестің қыр-сыры туралы
кітап жазбақпын, бұл - болашақтың еншісінде. Сондықтан
да менің алғашқы туындым осылай басталды. Негізі, 2008
жылы Стамбулда жүргенде-ақ
кітап жазамын деп арман-
дайтынмын. Оны өзім туған Жамбыл облысы Аса ауылын-
да жалғастырып, кейін Амстердамда немесе Лондонда
нүктесін қою ойда болатын.
Бэлкім, бұл сол аңсаған арманымның сәл де болса да жү-
зеге аса бастағаны болар, қазір Словенияның Рогашка қа-
ласында қолға қалам алып,
кітабымның алғашқы бөлімін
бастап отырмын.
«Ашылмаған қанаттың үлкендігін білмейді» дейді ғой.
Біздің тәрбиелеу әдістерімізде қалыптасқан жағдайлар бар:
«анда барма», «мынаны істеме», «қонақтар кетсін, содан
соң жейсің», информатика пэнінде «шұқи берме, ертең
компьютер бұзылады» дегендей көп шектеумен өстік. Сон-
дықтан да, «мен ешкім емеспін» деген ішкі сезімдер қа-
лыптасады. Сол сезімдер біріге келе «мен эншейін жүрген
біреумін, жасаса, жұрттың балалары жасайтын шығар, бұл
менің «темам» емес» деген сезім келеді.
Талай тренингтерге қатыстым, барлығының айтары бір
- «басқадан кем болма», «одан күштірек бол»
жэне тағы-
сын тағы. Ал бір күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнан-
баевтың «Мықты болсаң, өзіңді жең» деген сөздері есіме
түсті. Расында да, біз жэне идеалды біз бармыз. Біз сол
ю