Шабындықтар мен жайылымдарда кездесетін бұршақ тұқымдас шөптер



бет5/7
Дата08.02.2022
өлшемі24,87 Kb.
#98305
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ВТ 12
8 кл Курс Физика және мамандықтар
Жантақ. Жантақ көпжылдық бұршақ тұқымдас жартылай бұталы өсімдік. Шөлді аудандарда кең тараған өсімдіктердің бірі. Құрғақ су айырықтарында, құмда, ескі өзен алқабында, жерасты суларына жақын, төмен жерлерде өсіп-өнеді. Сабағының биіктігі 50-100 см жетеді. Өсімдік жапырақ қолтықтарында орналасқан сүйір бұрышпен тарайтын, ұзындығы 1-30 см көптеген тікен сабақтылығымен сипатталады. Жапырақтары ұзыншалау және қияқты, гүлдерінің түсі қызыл, бұршақтары көп тұқымды.
Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жақсы бал шырынды өсімдік. Тамыры қуатты, кіндіктамырлы, 10-15 м тереңдікке дейін өседі.
Жантақ түйелер үшін бағалы жайылымдық өсімдік. Оны қойлар, ешкілер, әсіресе қаракөл қойлары жақсы жейді. Әсіресе күзгі жайылымдық ретінде пайдалану өте тиімді. Жантақ өскен алқапты пішен дайындау үшін де пайдаланады. Пішеннің әр гектардан өнімі 6-20 ц дейін жетеді. Жантақтың келешегі мол. Оны жақсылап жерсіндіріп, жергілікті сорттарын шығару келешектің жұмысы.
Жантақ топырақ талғамайтын, құрғақшылыққа төзімді өсімдік ретінде Батыс Қазақстанда жақсы пайдаланылуы тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет