Шабындықтар мен жайылымдарда кездесетін бұршақ тұқымдас шөптер



бет7/7
Дата08.02.2022
өлшемі24,87 Kb.
#98305
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ВТ 12
8 кл Курс Физика және мамандықтар
Жоңғар кекіресі (Охуtropis sоngоrіса) - көпжылдық сабақсыз өсімдік, биіктігі 20-35 см. Тамыр жүйесі көптеген тамырсабақтардан тұрады. Жапырағы 16-20 жұп қауырсынды, ұзындығы 10-20 см. Гүл сағағы жапырағынан ұзын, мықты. Гүлінің түсі қою-қызыл.
Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Мал азықтық қасиеті толық зерттелмеген. Жалпы жоңғар кекіресін мал жақсы жейді.
Күміс қоянсүйек (Аmmodendгоn) – бұташық, биіктігі 30-150 см. Гүлшоғыры - шашақгүл, гүлінің түсі қара-күлгін, түбі сарғыштау. Құмды және қиыршық тасты сортаң жерлерде өседі. Мамырда гүлдейді, маусым-шілде айларында тұқымы піседі. Мал азықтығы жағынан зерттеулер аз. Қойлар жемістерін теріп жейді, күзде мал семіртетін азық болып есептеледі. Протеин мөлшері орташа, клетчатка көп. Балжинағыш өсімдік. Дәрілік қасиеті бар.
Шеңгел (Наlimоdendron) - қатты қылқанды бұташық, биіктігі 50-200 см түсі қоңыр-қызыл, қоңыр. Жапырағы 1-5 жұп қосқанатты ұшы қылқанды, пішіні ұзыншасына тәрізді. Гүлі қызғылт, кейде ақтүсті.
Далалық алқаптарда, құмды, ойпаң жерлерде, өзен алқаптарында және сортаң жерлерде өседі. Мамыр айында гүлдейді. Мал нашар жейді. Күзде және қыста түйелер және қойлар түскен жапырақтарын, жемістерін жейді. Қойлар үшін зиянды өсімдік, өйткені оның тікенектері қойдың жүнін жұлады, ластайды. Гүлденген кезінде жақсы балжинағыш өсімдік. Дәрілік қасиеті бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет