Шаңғы спортының түрлері және маңызы



Pdf көрінісі
Дата19.05.2022
өлшемі4,87 Mb.
#143881
Байланысты:
Шаңғы спортының түрлері және маңызы
Врач общей практики в экстренной медицине 7041 группа (1), Шаңғымен трамплиннен секіру


Ша
ңғ
ы спортыны
ң
т
ү
рлері ж
ә
не
ма
ң
ызы
Дайындаған: Рахметоллинова Айым SMM-11


ШАҢҒЫ СПОРТЫ АЛҒАШ РЕТ НЕОЛИТ ДӘУІРІНДЕ
СОЛТҮСТІКТІ МЕКЕН ЕТКЕН
ТАЙПАЛАР АРАСЫНДА БОЛДЫ. АРХЕОЛОГТАР
АДАМЗАТ 4-4,5 МЫҢ ЖЫЛ БҰРЫҢ
ШАҢҒЫНЫ ПАЙДАЛАҒАН ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ
ШАҢҒЫНЫҢ АЛҒАШ ПАЙДА БОЛУЫ
АДАМДАРҒА ҚЫСҚЫ УАҚЫТТА ТАМАҚ НЕМЕСЕ КӨШІП
ҚОНУҒА ӨЗ ОРНЫН ТАПТЫ. ЕҢ АЛҒАШ РЕТ БІРІНШІ
ШАҢҒЫ ПСКОВ ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕКАРАСЫНДА
ТАБЫЛДЫ


ШАҢҒЫ СПОРТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ:
1.Биатлон
2.Тау шаңғысы спорты
3.Шаңғы жарыстары
4.Шаңғыда бағдарлау спорты
5.Шаңғымыен трамплиннен секіру
6.Фристайл
7.Могул


Биатлон — қысқы, сонымен қатар жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы
үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан
дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы
бойынша жарыстар өтеді. Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, 60
мемлекеттің өкілдерін біріктіреді (1998). Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан
бастап дами бастады. Республика биатлоншылары Азия чемпионаты мен 12-, 13-Азия
ойындарында жүлделі орындар алды.
жүгіру және оқ ату (кросс-биатлон)
шаңғы-роллерлермен жарысу және оқ ату (шаңғы-роллерлік биатлон)
тау велосипеді, яғни маунтин-байктармен жарысу және оқ ату (маунтин-байк биатлоны)
Биатлон түрлері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қысқы биатлонның кейбір нұсқаларында винтовка орнына садақ қолданылса, басқаларында тіпті
аңшы мылтығы және аңшы шаңғысы пайдаланылады.
Биатлонның қысқы емес, яғни жазғы түрі келесі комбинациялардан тұрады:
Барша биатлон түрлерінен тек «классикалық» қысқы биатлон және жазғы биатлон (бүкіл үш
нұсқасы) Халықаралық биатлон федерациясы жетекшілігі астында.


Тау Шаңғы Спорты – шаңғы спортының бір түрі. Тау шаңғы спорты слалом, алып слалом, жылдам
сырғанау болып бөлінеді.
Слалом жарысы тапталған қалың қарлы тау бөктерінде өткізіледі. Жарыс жолының қашықт. 500 –
700 м, көлбеулігі – 100 – 200 м. Жол бойына қызыл не көк жалау ілінген кедергілер қойылады.
Олардың арасы – 3 м. Жарыс кезінде слаломшылар трассаны екі рет өтеді. Соның орташа уақыт
көрсеткішінен қорытынды нәтиже шығарылады. Алып слаломда жолдың көлбеулігі 200 – 500 м,
ұзындығы 800 – 2000 м, қақпаның ені – 8 м, олардың арасы 15 – 20 м. Жылдамдық сағатына 65
километрге жетеді.
Жылдам сырғанауда жолдың көлбеулігі 500 – 1000 м, ұзындығы 2000 – 4000 м, жылдамдығы
сағатына 90 – 100 километрге жетеді. Тау шаңғы спортының алғашқы ережесін 1920 жылдары
ағылшын А.Лунн құрастырған. Жылдам сырғанаудан 1923 жылы Швейцарияда тұңғыш жарыс
өтті. Әлем чемпионаты 1930 жылдан өткізіліп келеді. 1936 жылы олимпиадалық ойындар
бағдарламасына енгізілді.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы біріншілігі 1934 жылы басталды. Тау шаңғы
спортынан федерация құрылып, ол 1948 жылы халықаралық ұйымға (ФИС) мүше болды.
Қазақстан/Қазақстанда Тау шаңғы спорты 2- дүниежүзілік соғыс жылдарында пайда болды.
Республиканың тау шаңғы спортшылары А.Артеменко, Ю.Кабин, В.Митрозаев, Г.Минаев,
П.Дельвер, О.Жайшыбеков, В.Духанин, Р.Ақжанов, Н.Еремеева, М.Хусайнов, тағы басқалар
спорттың бұл түрін дамытуға зор үлестерін қосты.


Шаңғы жарысы — белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша белгілі
бәр спортшылар санаты бойынша (жастары, жынысы және т. с. бойынша) шаңғымен
жарысу спорты.
Алғашқы рет жылдамдыққа жүгіруден шаңғымен жарысу Норвегияда 1767 жылы өтті.
Осыны үлгі етіп жарыс Швеция мен Финляндияда өте бастады, артынша Орталық
Еуропада кең тарай бастады. 19 ғасыр аяғында— 20 ғасыр басында әлемнің көп
елдерінде шаңғы клубтары пайда бола бастады. 1924 жылы Халықаралық шаңғы спорты
федерациясы (FIS) құрылды. 2000 жылы FIS құрамында 98 ұлттық федерациялар болды.


Бағдарлау спорты - спорттың бір түрі. Қатысушылар құбылнама мен спорттық картаның
көмегімен картада белгіленген барлық бағдарлау пункттерінен өту керек. Жарыстың
нәтижесін команданың дистанцияны өткен уақыты мен ұпайлары шығарады. Жарыс
көбіне тау шатқалы мен орманды жерлерде өткізіледі.
Спортшыларға жарыс жолы белгіленген карта жарыс алдында таратылып беріледі.
Қашықтық жер жағдайына, орманның қою, сиректігіне, жарысқа қатысушылардың жас
ерекшелігіне байланысты берледі. Негізінде, ересектер мен жас өспірімдер 6-12 км,
әйелдер (16 жастан жоғарылар) 4-6 км қашықтықтарға жарысады. Аса тәжірибелі
спортшылар 12 км артық қашықтық белгілеуге болады. Қатысушылар бірінен соң бірі бір
минуттан кейін жолға шығады. Мәре мен жол бойындағы бағдарлау пункттері жалаумен
белгіленеді.
1960 жылдан Бағдарлау спорты жеке спорт түрі болып туризмнен бөлініп шықты.
Бағдарлау спортынан еліміз бойынша ресми жарыстар өткізіліп тұрады. Қазақстанда
тұнғыш рет 1963 ж. жарыс өкізілді. Республикамызда Бағдарлау спортын тұңғыш
ұйымдастырғандар - А. Жақсылықов, Ю. Накатков және басқалар


Шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғымен тұғырдан секіру) - арнайы жабдықталған
трамплиннен (тұғыр) шаңғымен секіруге негізделген қысқы спорт түрі. Өз алдына жеке
дара спорт түрі ретінде саналады, сонымен қатар шаңғы қоссайысы бағдарламасына
кіреді. Халықаралық шаңғы спорты федерациясы қарамағында.
Олимпиада ойындарының құрамында 1924 жылдан бері ұйымдастырылса, алғашқы әлем
чемпионаты 1937 жылы өткен.


1) балет,
2) акробатикалық секірістер,
3) могул болып үшке бөлінеді.
Фристайл, соңғы жылдары көптеген елдерде кең тараған қысқы Олимпиядалық
ойындарының бірі, Азия ойындарының бағдарламасына енген қысқы спорт түрлерінің
бірі. Қарлы беткейінен құлдилап түсу кезінде әртүрлі бағдарламаларды орындайтын
Фристайл:
Балет: түрлі айналыстар мен секірістерден, жүру, акробатикалық, хореографиялық
бөліктерден құралатын, спортшының өзі қалап алған музыканың сүйемелдеуімен
орындалатын бұл эстетикалық мәні зор көріністердің бірі. Балет орындалатын беткей
арлы, кедір-бұдырсыз, тегіс болуга тиісті. Музыка сөредегі төреші рұқсат бергеннен кейін
басталады. Есептелген баллдық 50%-ы композияция мен мәнер үшін есептеледі. Балет
жаттығулары орындалатын аумақтың ені құлдилау беткейінің енінен аз болады.


Могул, мұнда да спортшылар қолдан жасалған тосқауылдар мен кедергілерден өтеді.
Жарыстың барысында спортшы кем дегенде екі акробатикалық жаттығуды орындайды.
Мұнда секірістің биіктігі (20%), түрі (50%), беткейге түсудің сәттілігі (30%) есепке алынады.
Олимпиялық ойындар мен халықаралық жарыстардың барлығында осы түрлердің бәрі
енген. Су айдынында өткізетін ф-дың түрі де бар. Мұнда спортшы моторлы қайыққа
(катерге), тікұшаққа байланған шылбырдан (арқаннан) ұстап судың бетінде түрлі қимыл-
қозғалыстар жасайды. Қазақстанда XXI ғасырдың басында дами бастады. Алматы
қаласында N 15 және Өскемендегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде ф-
мен айналысатын топтар бар. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы біздің
заманымыздағы жазғы олимпиялық ойындарға 1996 жылдан бастап (АҚШ, Атланта)
қатысып келеді.


алма кезек екі адымды жүріс


алма кезек төрт адымды жүріс



бір мезетті бір қадымды жүріс










Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет