Шағымы: қуырылған және майлы тамақтанғаннан кейін іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, қайталанатын құсу. Анамнезінде



бет1/3
Дата20.12.2023
өлшемі100,49 Kb.
#198124
  1   2   3
Байланысты:
Гулнар 4 иөж


Педиатрия кафедрасы
Орындаған: Гайсаева Г.
Тексерген: Абдиева А
Ауруханаға 12 жастағы бала түсті.
Шағымы: қуырылған және майлы тамақтанғаннан кейін іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, қайталанатын құсу.
Анамнезінде: 5 жастан бастап тағамдық аллергия, атопиялық дерматит диагнозы мен аллергологта диспансерлік есепте тұрады. 7 жасында А гепатитімен ауырған. Баланың анасының айтуынша, бала диетаны ұстанбаған. 9 жастан бастап түскі астан кейін және физикалық белсенділіктен соң іштің жоғарғы жартысында белдемелі сипаттағы ауырсыну мазалайды, іштегі ауырсыну 2 сағатқа дейін созылады. Ауырсыну жүрек айнуымен бірге жүреді, метеоризм, ауыз қуысының құрғауы байқалады және но-шпа қабылдағаннан кейін ауырсыну басылады.
Объективті: Дене салмағы 28 кг, бойы 132 см. Астеникалық денелі бала. Жағдайы орташа. Дене қызуы 36,80С. Терісі таза, бозғылт. Жұтқыншақ таза, бадамша бездері бос, гипертрофияланған. Өкпеде везикулярлы тыныс. ТАЖ минутына 20рет. Жүрек тондары ырғақты, анық, систолалық шу. Іші жұмсақ пальпацияда сол жақ қабырға асты аймағында ауырсынады, Шоффард симптомы, Кача, Майо-Робсон, Керте симптомдары оң. Бауыр және көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжісі шырышты, патологиялық қоспалары жоқ, майлы жылтыр. Температура 36,8С.
Зертхаланалық зерттеулер:
Биохимиялық қан анализі: жалпы белок 78 г/л, мочевина 5,2.ммоль/л, холестерин 3,4 ммоль/л, триглицеридтер 0,72 ммоль/л, β-липопротеин 42ммоль/л, тікелей билирубин 3,8, тікелей емес 12,8. мкмоль/л, амилаза 520 бірлік/л.
Копрограммада: креаторея (қорытылмаған ет талшықтарының мөлшері) және стеаторея (нәжісте бейтарап майлардың бар болуы) көп мөлшерде.
Аспаптық зерттеулер:
УДЗ: ұйқы бездің гиперэхогенділігінің кезектесуі гипер- гипо эхогенді контур айқын, негізгі без протогының кеңеюі
Диагноз: Қайталамалы созылмалы панкреатит, орташа
ағымы, өршу кезеңі.

Ауыру түрі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет