Шахмардан есенов



бет90/123
Дата31.12.2021
өлшемі0,85 Mb.
#107253
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   123
Байланысты:
Шахмардан есенов
@ 5 B - 07, Нурканик сііідддііккк, @ 5 B - 07, @ 5 B - 07, Тау - кен кәсіпорын экономикасы пробное тест (2), Конгитивные обучение, Конгитивные обучение, Конгитивные обучение, англ
Селифонов Е.М.
«--Ш.Е. Есенов – Қазақстан геологиясындағы тұтас бір дәуірі. Ол туралы әңгімені ұзақ-ұзақ айта береуге болады.

Зымыраған уақыт ты қайтерсің, осы жақында ғана біз Шахмардан Есенұлымен кездесіп, әртүрлі өндірістік мәселелерді қызу таласты талқылайтын едік. Одан бері біраз жылдар өтіп кетіпті, дегенмен мен онымен бірге қызметтес болған жылдарды ғана емес, сонымен бірге қазіргілер айтатын «бейформальды жағдайдағы» кездесулеріміз де бүгінгідей есімде. Ондай адамдармен кездесулер ұмытылмайды.

Біздің таныстығымыз Шахмардан Есенұлы Жезқазған геологиялық-барлау экспедициясының бас инженері қызметінде жүргенде басталған. Біз әртүрлі жиналыстарда, министрліктің алқа мәжілісінде жиі кездесіп жүрдік. Ол өзінің рухани және физикалық қуаттылығымен, адами болмысымен бір көргеннен-ақ күшті әсер ететін. Менің есімде ол мәңгілік сондай болып қала бермек-биік, шымыр, өте сезімтал ғажайып сұхбаттас. Бұған мейірімді жымиысып, байқағыштығын қосыңыз-міне Қазақстанның өнеркәсібі мен ғылымының аса көрнекті ұйымдастырушысының портреті.

Ол Қазақ ССР-ы геология және жер қойнауын қорғау министрі қызметіне тағайындалғаннан кейін жақынырақ таныстық. 1963 жыл шахмардан Есенұлы Қаныш Имантайұлымен бірге бізге Лениногорге келгенде мен Лениногор геологиялық-барлау экспедициясының бастығы қызметінде едім. Экспедиция ұжымымен болған кездесу, комбинатта, резинкте өткен жиналыс, одан кейінгі Ленингор комбинаты мен толықтай өңірдің минералды-шикізаттық базасының жағдайы мәселелерін тәптіштеп зерделеу шаралары есімде қалыпты. Кейінірек Қазақ ССР-ы министрлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметінде Лениногорға КСРО түсті мелаллургия министрі П.Ф. Ломакомен бірге келгенінде,қыруар шаруамен жүргенінің өзінде Лениногор экспедициясына келу үшін мүмкіндік пен уақыт тапқан еді келе сала жазу столында карталар пайда болып, экспедиция геологтарының қатысуымен тау-кен кәсіпорындарын сапалы шикізатпен қамтамасыз етудің мәселелері қызу талқыланған болаты. Оның өндірісіт жыға білетін бай тәжірибесі, ғылыми білімі, шалқар дүниетанымы біздің ісімізге жаңа серпін беріп, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде оң ықпалын тигізді. Бұдан да басқа оның қатысуымен өткен жиналыс-жиындардың бәрі қатардағы геологтар үшін үлкен бір мектептен өткендей еді. Шахмардан Есенов әлеуметтік мәселелерді шешуге, дала жағдайындағы геологтардың тұрмысын жақсартуға, жалақысын молайтуға едәуір көңіл бөліп, назар аударатын.

Менің Ш.Есеновпен кездесуім менің тағдырыма едәуір әсерін тигізді. Ойламаған жерден мен 1974 жылы Алматыға шақырылған соң дереу геологиялық материалдарымды жинастырып, қалың папкаларым мен шиыршықталып оралған сызбаларымды алып астанаға жеттім. Мұнда маған Қазақс ССР Геология министрінің бірінші орынбасары қызметін ұсынды.Міне, осылайша Есеновтің қолдау-қолпаштауымен менің өмірімінің жаңа кезеңі басталды.

Шахмардан Есенұлы шығармашыл, мақсаткер, бастамашыл адам еді. Әрқашан оза шауып, төске озғанды ұнататын, баяу, сылбыр жүргенді жаны қаламайтын. Ол министр қызметіне тағайындалысымен министрліктің жұмыс стилі өзгерді.Переспективалық жоспар жасалынып, соның ішінде көміртек шикізаты, қорғасын-мырыш, мыс, алтын, және көптеген пайдалы қазбалардың ілгері мерзімге алыну мен пайдалану, байыту үрдістері көрсетілді. Орынбасарардың міндетті жұмысына араласпайтын, сеніммен, талап қоя отырып атқаратын. Мұндай стиь министрлік аппаратының іскерлігін артырып, жұмысқа құлшындырды, қарапайым геологтардың қызығушылығын тудырды. Қысқасы, Есенов кең көлемде ойлай алатын қабілетін, мемлекет ісін атқара алатын, ұйымдастырушылық зор қабілетінің барлығын көрсете және басқаларға таныта білді.

Ш.Есенов ешқашан пісіп-жетілмеген, жеңіл-желпі шешімдер қабылдаған емес. Мынадай бір оқиға есте қалыпты, Төралқа отырысының біріне дал экспедиция жұмыскерлерінің отбасылары тұрып жатқан , тозығы жетіп ескірген үйлерді бұзу және далалық геолог-барлаушылар үшін толық инфра құрылым—қалалық пиптегі елді мекендер салу туралы мәселе қойды. Бұл мәселе бойынша түрлі пікірлер туып, егер экспедиция отбасылары қалаларға қоныстанса жетекші басшылар жұмысты нашарлатып алад деген де пікірлер айтылып, ақырында бір шешімге келе алмады. Өзінің шешімді сөзінде Ш.Есенов бұл мәселеге біраз зерттеу жүргізіп, қайта оралатынын айтты.

Ол Лениногор геологтарының қалада тұратын отбасыларының жағдайымен танысты, салынған мектеп, балабақшаны көрді, вахтамен істеп жатқан геологтар өмірімен танысты. Сөйтіп, бұл мәселені қайта көтеріп, министрліктің төралқа мәжілісіне Қазақстандық экспедициялардың әлеметтік дамуы және әлеуметтік мәселелері туралы бағдарламаны қайта қарауды ұсынды. Төралқада Қазақстан геолог-барлаушыларының тұрмысын жақсарту жөніндегі бағдарламалық құжат қабылданды.

Төралқа отырысы аяқталып, оңаша отырғанда ол маған былай деді: «Сен экспедицияда жұмысты қалай атқардың, мұнда да солай жаса, тек енді бүкіл министрліктің мүддесінен шыға біл!»

Мұндай шешімдерді стратегиялық ойлай білетін адамдар ғана қабылдай алады. Сонымен, жұмыс «дөңгеленді». Геологтар мен олардың отбасылары үшін жайлы тұрған үй құрылысы басталып кетті. Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай және көптеген қалалар мен аудан орталықтарынан қызу құрылыс қарқын алды. Кұрделі құрылыс қанат жайылып, базалық елді мекендерді абаттандыру істері мұнайшылар экспедицияларын да жалғасты. Нйтижесінде, геологтардың едәуір бөлігі уақытша барақтардан ірі қалаларға, аудан орталықтарына қоныс аударды.

Геология-барлау саласындағы жұмыскерлердің, әлеуметтік мәселелерін шешудің қазақстандық тәжірибесі КСРОГеология министрлігіне қозғау салып, оның Төралқа отырысында біздің республиканың тәжірибесі арнайы күн тәртібіне қойылды».

Естеліктерге анықтама беріп, түсініктем жазу артық. Қазақстандықтардың тәжірибесі СССР Министрлігінде күн тәртібіне қойылып, Одақ көлеміне үлгі етіліп, іс жүзіне асырылп жатса, бұны Ш.Есеновтің іскерлігі,ғұлама ғалымдығы, халық үшін жаны күйетін нағыз қайраткер демегенде не дерсің?!

***

Абайша айтқанда адамның өмірде мәңгілік боларлық іс көп. Соның бірі—адам ұрпағымен мәңгі. Жезқазғанда дүниеге келген балалрдың бәрі бұл күнде ер жетіп, бір-бір шаңырақтың иесі болған. «Жалғызбын» деп жабырқап жүретін Шахмардан от басы бүгінде «Есеновтер әулеті» атанып, ордалы жанұяға айналған. Келіндер түсіп, немерелер келіп, үй-іші ақар-шақар шаттыққа бөленгелі біраз.



Мамандық таңдауда да олар— балалары әке жолынан алшақ кетпеді. Қыздары Шәйза биология факультетін бітіріп, ғылым кандидаты атанды. Үй болды, ана атанды, Ержан мен Ғалымжаннан: Сара, Мағи, Әлен атты немерелерін сүйіп отыр.

Мақсұтбек Мәскеудің Металл және қорыту институтын бітіріп, ол да ғылым қандидаты, білікті инженер атанды. Қызық бір жағдай, әуелгіде Мақсұтбек Қазақ Политехника институтының тау-кен факультетіне түседі. Өте жақсыға оқиды. Бір күні әкесі Шахмарданға келіп:

-Папа мен Мәскеуге барып оқығым келеді. Сіздің беделіңіз менің «бестіктерімнің» беделін түсіріп тұр..,--деді. Әкеге ойын әзілмен жеткізгенмен Мақсұтбектің шыны еді бұл. Өз білімімен алған бестік бағасын көре алмаған кейбір студенттер «президент әкесінің беделі ғой» деп, намысына тие берген соң осы шешімге келіп еді. Баласының әзілі де, шешімі де Шахмарданға ұнады да, бір сөзге келген жоқ:

-Дұрыс балам, әркім өз беделін өзі жинауы керек. Қазақ оны «әкенің малы балаға мал болмайды» дейді. Жолың болсын,-деді. Бір ғана әрекеттен, аз ғана сөзінен баласының болашағын болжағандай, жек өмірінің қабырғасын өзі қалағыс келетін ынтасына іштей шын қуанды.



Сол Мақсұтбек қазір Есеновтер әулетінің көш бастаушысы. Жары Гүлнармен ынтымағы жарасқан жанұя. Қазақ тегін айтпаған ғой, «ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» деп. Сондай-ақ, Гүлнардың әкесі, өскен ұясы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұқтасым Ықсановтың от басы. Анасы Сайда да көргенді, өскен жердің қызы болатын. Сол ана мен әке Гүлнарға зиялы от басының тәрбиесін, білімін бере білді. Мақсұтбек пен Гүлнардың ұлдары Тайыржан Бостанда білім алып, еңбекке енді араласып жатыр. Бұл күнде Мақсұтбек әке туралы былаша сыр толғайды:

--Менің әкем, Шахмардан Есенов ең әуелі үлгілі әке. Біздер бала кезімізден өз әкемізге ұқсағымыз келді, үлгіні, тірбиені әкеміз бен анамыздан, әкемнің анасы әжеміз Шарипадан алдық. Әрине, әкеміз біззге алдына отырғызып қойып сендер ондай болыңдар, мұндай болыңдар немесе жақсы деген немене жаман деген немене дегеннен лекция оқып тәрбиелеген емес. Ол өз әрекетімен, жүріс-тұрысымен, қарым-қатынасымен бізге үлгі бола білді. Біздер-- балалары оған қарап бойымызды да, ойымызды да түзедік.

Менің анам Кәмила мектепті де, жоғары оқу орнын да үздік бітірген. Жезқазғанда мектепте мұғалім, кейіннен ЖенПи-де біраз сабақ берді. Себебі, төрт баланы тәрбиелеу, қарт әжемізге қарау, әкеміздің қонақтарын күтіп, шығарып салу бәрі анамыздың мойынына түсті де, қызметті қойып, өмірін бізге арнады. Ол үшін біз анамызға өмір бойы қарыздармыз. Анамыз біздің тәрбиемізге аса жауапкершілкпен қарады. Бір-ақ мысал, кебір балалардың ата-анасын мектептен жылына бір рет көрмейсің. Ал менің анам мектепке жиі келіп, жиналыстарына қатысып, ата-аналар комитетінің мүшесі болып, қоғамдық жұмыстар атқарып жүретін. Бұл бізді тәртіпті блуға тәрбиеледі. Ойлаймын әрбір ата мен ана өз баласына осындай жауапкершлікпен қараса еш бала жаман жолға түспес еді деп.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   123




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет