Шараның мақсаты



бет2/4
Дата27.03.2023
өлшемі26,22 Kb.
#173090
1   2   3   4
Байланысты:
Үш арыс (тәрбие сағаты)
жанар, мектепке бейімделу Хамзина А, Документация педагога
1- оқушы «Ананың хаты»
«Балам, сағындым,
Ұмыттың ғой, бізді, тіпті,
Бір келмедің не қылдым?
Оқу іздеп кеткеніңнен
Ауылға бір қайтпадың. Біз не көрдік жеткеніңнен, Елге уәж айтпадың.
Жас күнінде көп ойлаушы ем,
Сені әлдилеп, тербетіп.
Арманым жоқ, деп ойлаушы ем,
Қалқам өссе ер жетіп.
Болмай шықты ойлағаным,
Сен жігітбопжеткенсоң,
Қалжырадым, ойла, жаным,
Сен алысқакеткенсоң.
Қалжырадым, сағындым мен,
Біркепкөрінкөзіме.
Ұмытқандай не қылдым мен,
Жауапқайтарсөзіме!»
2-оқушы «Сыр сандық»
Әр адамның ішкі сыры
Берік қойма сақталған.
Сол қойманың бір түпкірін
Достың досы-ақ ақтарған.
Кейде ашуға сол түпкірді
Іздейді жан жақынын.
Шертеді жан сырлы жырды
Сырлас жанын шақырып.


3-оқушы «Домбыра»
Домбыраға қосылып
Көкірегім сарнады.
Кернеді, толды, тасыды,
Көзімен жас парлады.
Тыңдаушы үйде әлеумет
Көңілденді, ойланды.
Тұнжырасып біресе
Тереіге сүңгіп ойлады.
Домбыраның күйлері:
Жас жүректің сыры еді,
Көңілдің зары, мұңы еді,
Көкірек сарын – үн еді

2) 2-жүргізуші«Поэзияның құлагері» (Презентация)
Қазақ проэзиясының екінші бәйтерегі – Ілияс Жансүгіров Алматы облысы, Ақсу ауданында туған. Ілияс анасынан ерте айырылып, әкесі Жансүгірдің үлгі - өнегесін көп көрген. Ескіше хат таныған. Аңыз - әңгіме, шежіре сырларын естіп өскен.
Жетісудың бай табиғаты, ақындық, батырлық дәстүрлері Ілиястың өмірге, ізгелікке, сұлулыққа құштар болып өсуіне көп ықпал етті.
Ілияс Жансүгіров Алматы, Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты курстарда оқыды. Фольклорлық экспедицияға шығып, баспасөзге араласты. «Сағанақ» атты алғашқы кітабы 1928 жылы жарық көрді. Ілиястың ақындығы «Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Әншіге» деген шағын өлеңдерінен басталып, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты көлемді поэмаларымен жалғасын тапты. Ақын «Дала» поэмасында – Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Сібір мен Самарқанд, Шу мен Сыр секілді кең – байтақ өлкені мекен еткен қазақ халқының өмір – тұрмысын, дәстүр - өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал, «Күй» және «Күйші» поэмаларында тарих пен тағдыр ісі, қазақ халқының бастан кешкен оқиғалары тартымды жырланады. 1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспасөзінін қалыптасуына көп үлес қосты. 1934 – 1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. Жазушының Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған. Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтын Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет