Шараның тақырыбы: Бәрін білгім келеді Шараның мақсаты


Қазақстанда 3,3 миллионға



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі19,94 Kb.
#98302
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ауызша журнал

4. Қазақстанда 3,3 миллионға жуық жеңіл автокөлік бар.
5. Екібастұз ГРЭС-2 су электр станциясының мұржасы- әлемдегі ең биік саналады.
6. Медеу мұз айдыны теңіз деңгейінен 1,691 метр биіктікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасына кіреді.
7. Қазақстан қызғалдақ (тюльпан) пен алманың отаны
8. Қазақстанның териториясына 5 Франция, 3 Түркия, немесе 7 Жапония сиып кетер еді.
9. Қазақстан табиғи қор жағынан әлемнің ең бай мемлекеттерінің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің ішінде 99-ы Қазақстанда кездес
10. Қазақстандағы Балқаш көлі – әлемдегі ең ірі көлдердің бірі. Көл суының жартысы тұзды, жартысы тұщы.
Оқушыларға таныстырылған материалдар бойынша пысықтау сұрақтары беріліп отырады.
VI. Шебер қолдар (суретшілер ойыны)
Оқушыларға А-3 қағаздары мен сурет салуға қажетті материалдар үлестіріледі және үш топқа бөлінеді. Әрбір топ берілген тақырыпқа байланысты шығармашылық сурет салады. Салынған суреттер тақтаға ілініп, қорытындыланады.
Берілетін тақырыптар:
«Қазақстан табиғаты»
«Еліміздің астанасы-Астана қаласы»
«Ауыл көрінісі»
Қазақстанның өзінің тарихы, әдет-ғұрпы, алып таулары, жабайы ормандары, ыстық шөлдері, мөлдір көлдері, жылжып аққан өзендері, керемет өсімдіктері мен жануарлары бар кең даласымен бай ел.
VII . Қорытындылау
Біз бүгінгі шарамызды Н.Ә Назарбаев сөзімен қорытындылаймыз «Өзгеру үшiн өзiмiздi мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуiрдiң жағымды жақтарын бойға сiңiруiмiз керек. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелiк қабiлетiмен айқындалады. Сондықтан, әрбiр қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлiк сауаттылық, шет тiлдерiн бiлу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркiмнiң алға басуына сөзсiз қажеттi алғышарттардың санатында».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет