Шардара ауданы


ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ КІРЕ БЕРІС БЕЛГІСІ



бет5/8
Дата24.04.2023
өлшемі356 Kb.
#175297
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дип.-Шардара-су-қоймасында-балық-шаруашылығын-дамытудың-облыс-экономикасындағы-орны
13.05 қмж апай, Титулы
ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ КІРЕ БЕРІС БЕЛГІСІ

ІІ-тарау. Шардара су қоймасында балық шаруашылығының дамуы
2.1. Шардара ауданынан жалпы сипаттама

Шардара ауданы облыстың оңтүстік - батыс бөлігіндегі аумақтық -әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 13 мың шаршы шақырым, облыстың 11,1 % - ын құрайды. Тұрғын саны 70 мың адам. Орталығы - Шардара қаласы. Аудан 1969 ж. қазан айында Қызылқұм ауданының негізінде құрылған. Аумағындағы 27 елді мекен 1 қалалық және ауылдық округке біріктірілген.
Аудан жері негізінен Сырдария өзенінің сол жағалауын, Қызылқұм құмының оңтүстік - шығысын ала, аллювийлік жазықта орналасқан. Қызылқұм өңіріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп, суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін 1958 ж. «Шардара құрылыс» басқармасы құрылды. Кеңестер Одағының әр түкпірінен келген мыңдаған комсомол жастар, жоғары білімді мамандар осы өлкенің жас кадр мамандары бірлесіп жұмыс істеді. 1967 ж. 15 - қазанда Мемлекеттік комиссия сыйымдылығы 5 млрд. 700 млн. м3 Шардара бөгені мен су электр станциясының құрылысының аяқталғаны жөнінде актіге қол қойды.
ШАРДАРА БӨГЕНІ

ШАРДАРА СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ
Сол жылы Сырдария өзенін бойлай ұзындығы 130 км Қызылқұм магистральды каналы іске қосылды. Климаты айқын континенттік. Қысы біршама жұмсақ, қантардың жылдық орташа температурасы -4 -6°С. Жаз айлары ыстық, аңызақты, шілденің орташа температурасы +28 - 29°С. Жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері 150 - 200 мм. Аудан аумағында құрылыс материалдары барланған. Жерінің басым бөлігі құмды. Сұр, сортаң топырақты, өзен аңғарлары шалғынды - сазды топырақты. Мұнда жусан, селеу, сексеуіл, жантақ, жыңғыл, баялыш, Сырдария бойында қамыс, құрақ, тал, жиде өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, қарақұйрық, бауырымен жорғалаушылар, өзен бойында қаз, үйрек, қырғауыл мекендейді.
Ауданның тұрғындарының негізгі бөлігі қазақтар - 93,9 %, орыстар – 4 % - ын құрайды, қалғаны өзбек, әзербайжан, украин т.б. ұлт өкілдері. Тұрғындарының 60,7 % ауылдық елді мекендерде тұрады. Орналасу тығыздығы 1 шаршы жерге 5,4 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Шардара қаласы (25,5 мың адам), Көксу (6,1), Шардара (4,8), Қоссейіт (4,5), Ұзыната (4,3), Қазақстан (4,3), Целинное (3,5) ауылдары. Ауылдарда күріш, қаракөл қойы, оған қосымша мақта, сүтті, етті мал, жылқы, түйе, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 14 кеңшар, 14 күріш өсіру тәжірибелік шаруашылығы болған "Қазақстан", "Целинный" біріктіріліп, "Жиделі", "Аққала", "Байырқұм" кеңшарлары Арыс ауданына берілген. Олардың негізінде ауданда ӨК, ЖШС, 4186 шаруа қожалықтары құрылған. Елді мекендер Қызылқұм каналы мен Сырдария өзенінің бойын жағалай орналасқан. Ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемінің 67,7 % мақта шаруашылығына тиесілі. Аудандағы егістік жерлердің 58.8 % немесе 30,2 мың гектары мақта егістігі, қой басының 23,69 % -ын қаракөл қойы құрайды. Ауыл шаруашылығының негізін «Талапты» ОК, «Қызылқұмда ауылым» ОК, "НИМЕКС" корпорациясының зауыты. «Мырзакент» АҚ, «Игілік» ЖШС т.б. құрайды. Денсаулық сақтау саласында 43 мекеме жұмыс істейді. Олар аудандық аурухана, 3 ауылдық аурухана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік - акушерлік пункт, аудандық туберкулезге қарсы диспансер, сан. - эпидемиология станциясы, стамотология емхана қызмет көрсетеді. Білім беру, мәдениет салаларында 30 жалпы білім беретін мектеп, 1 кәсіптік - техникалық мектеп, 35 кітапхана, 10 мәдениет үйі, клубтар, халық театры, 1 кинотеатр, «Шардара толқындары» ансамблі жұмыс істейді. 1969 жылдан аудандық «Өскен өңір» газеті шығады. Аудандағы Ұзыната ауылынан 8 км жерде бүтіндей сақталып қалған орта ғасыр ескерткіштерінің бірі - Ұзыната кесенесі орналасқан. /16/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет