Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн, Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың



Дата19.06.2020
өлшемі13,5 Kb.
#74019
Байланысты:
Бар жақсысын маған беріп



Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн,
Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың.
Мама, өйткені бүгінгі күн сен үшін
Ақ тілектер тасқындайтын туған күн.


Шын көңілмен сол тілекті қостадың,
Боп тұрсыншы әр кез ашық аспаның!
Құттықтайды сені барлық жақының,
Құттықтайды сені бүгін достарың.


Мағынасы болып таң мен кешіңнің
Бізді аялап мәпеледің, өсірдің.
Өскенбіз біз саясында алаңсыз
АНА деген құдіретті есімнің.


Ыстықсың сен бізге де, елге — қауымға,
Сен екенсің байлығым да, барым да!
Самайыңда бар ғой менің «үлесім»,
Өтінемін, мама, ешқашан ауырма.

Тіл жетпейтін біздерге асыл, бағаң дүр,


Бар көңілің балаң үшін алаң бір.
Шамшырағым болдың мына тірлікте,
Қуанышқа жанды бөлеп аман жүр.


Өтеуіндей алаң көңіл жылдардың,
Жанарыңда бүгін шаттық тұнған күн.
Қуанатын ұл мен қызың сен үшін
Мама, саған құтты болсын туған күн!


Өзіңменен перзентіңнің бағы бар,
Келер күндер үміт болып жағылар.
Қуанышты, толқынысты сәтіңде
Қызыңның да ақ тілегін қабыл ал!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет