Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы



бет10/21
Дата23.11.2016
өлшемі3,5 Mb.
#2414
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

Сот және процесс. Ортағасырлық Германияда орталықсызданған сот жүйесі болды. Оның құрамына кірді:

  1. жер иеленуші феодалдардың (княздердің) соттары

  2. белгілі тұлғаларға ғана және белгілі істерге ғана таралған шіркеулік соттар

  3. сайланған судья мен заседательдер – шеффендерден тұратын қалалық соттар.

Осыған сәйкес соттардың көптеген түрлері түрлі сот процесінің нысандарын қолданды. «Саксон зерцалосында» сот процесінің айыптаушылық-жарыспалы нысаны бекітілді. Жәбірленуші немесе талапкер сотқа талап-арыз беруі, ал айыпты немесе жауапкер оның орынсыздығы мен негізсіздігін дәлелдей алды. Дәлелдеу ауыртпалығы айпталушыға жүктелді. Тараптарға құжаттар мен айғақтар беруге және заңгерлердің қызметін пайдалану құқықтары болды.

«Каролина» сот процесінің жаңа нысаны – тергеу-іздеушілік және инквизициялық нысанын енгізді.


Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1. Феодалдық Германияның мемлекеті қандай кезеңдерден тұрды?

2. Геранияда жоғарғы орталық мемлекет органы қалай аталды?

Тақырып №10: Англияның ортағасырлық мемлекеті мен құқығы


  1. Англо-саксондық ертефеодалды монархия

  2. Англиядағы сеньориалды монархия. Нормандық жаулап алу.

  3. Англиядағы сословиелі-өкілді және абсолютті монархия.

  4. Ортағасырлық Англияның құқығы.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. История государства и права зарубежных старн. \ Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999ж.

  2. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999ж.

  3. Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  4. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  5. Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005

  6. Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М.., 1988г.

  7. История государства и права зарубежных стран: Учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006

  8. Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран: Словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000

  9. Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998г.


1-сұрақ:

Англиядағы мемлкет пен құқықтың қалыптасуы бірқатар ерекшеліктер ие болды:



  1. Англиядағы мемлкет пен құқық Батыс Европа елдерімен салыстырғанда Римнің саяси және құқықтық мәдениетінің ықпалына ұшырамады. I ғасырдың ортасында Британ аралдарын Рим империясы басып алып, провинциясына айналдырды. Алайда соған қарамастан рим құқығы мен саяси мәдениеті бұл жерде өнбеді.

  2. Англиядағы мемлекет пен құқықтың пайда болуы сыртқы экспансияның әсерімен іске асты. Британ аралдарында мемлекеттің пайда болуы герман тайпаларының және нормандардың шабуылдарының нәтижесінде жүзеге асты. Рим легиондары тастап кеткен Британ аралдарына 449 жылы фриздер, англдар, сакстар және юттар сияқты герман тайпалары басып кірді. Аралдардың түпкілікті халқы кельттер жеңіліс тауып қазіргі Шотландияның аумағына ысырылды. Бұл аумақта көптеген кішігірім англ-сакстік патшалықтар құрылды. Біртіндеп олардың ішінен ең ірі 7 ертефеодалды мемлекет бөлініп шықты. Оңтүстікте сакстердің үш патшалығы – Уэссекс, Суссекс және Эссекс, англдар шығыста – Англдардың патшалығын, оңтүстік-шығыста юттар – Кент патшалығын, ал Солтүстікте екі аралас патшалық құрылды: Мерсия және Нортумбрия. Бұл кезең тарихты жеті патшалық (гептархия) кезеңі деп қалды.

829 ж. Уэссекстің патшасы Экберт жеті патшалықты біріктіріп, бретвальд - жоғарғы патша титулын иеленді. Ол біртұтас англоө-сакстік мемлекет – Англияны құрды. Мемлекеттің көркеюі Ұлы Алфредтің билігімен байланысты. Алайда VIII ғасырдан X ғасырға дейін. Британияға дат тайпалары шабуыл жасады. XI ғасырда Англияны дат патшасы Қуатты Кнут басып алды, бірақ Күнәләрді Кешіруші Эдуард патшаның тұсында қайтадан тәуелсіздігін алды. Англо-саксондық әулет билікке қайтып келді.

1066 ж. Британияға жаңа жаулаушылар келді. Бұл жылы Англияны Нормандияның герцогі Заңсыз туылған Вильгельм басқарған нормандықтар басып алды. Вильгельм өзіне Жаулап алушы атағын қосты.



  1. Англияда құлиеленушілік құрылыс болмағандықтан феодалдық қатынастардың орнығуы ру-тайпалық қатынастардың ыдырауы нәтижесінде жүзеге асты. Осының нәтижесінде феодалдық қатынастар континентке қарағанда бәсең дамыды. Бұнда ұзақ уақыт басқарудың қауымдық нысандары сақталды.

Ортағасырлық Англиядағы феодалды мемлкеттің дамуының келесідей кезеңдері болды:

  1. ертефеодалды монархия (IX-XI ғғ.)

  2. орталықтанған сеньориалды монархия (XI-XIII ғғ.)

  3. сословиелі-өкілді монархия (XIII-XV ғғ.)

  4. абсолюттік монархия (XVI-XVIII ғғ.)

Англосакстердің қоғамдық құрылымына рулық және тайпалық белгілердің қалдықтары сақталған ертетаптық қоғамның қалыптасуы тән болды. Әлеуметтік топтардың құқықтық жағдайларында өзгерістер орын алды. Ру ақсүйектері – эрлдардан тұратын қоғамның жоғарғы тобы бөлініп шықты.Олардың құқықтық мәртебесі өте жоғары болды. Бұны оларды өлтірген үшін тағайындалатын құннан көре аламыз. Эрлдардың құны бастапқыда 400, кейін 600, ал соңында 1200 шиллингті құрады. Англосакс қоғамының негізгі бөлігін еркін қауым мүшелері – кэрлдар құрады. Олар ірі жанұя болып тұрды, 50 га жететін жер учаскелерін иеленді және қуым жерлерін пайдаланды. Қауым мүшелері иемденген жерлер фолкдленд (халық жері) деп аталды және бұл жерлер сатылмады, өсиетке тасталмады және әйел туысқандарға мұрагерлікке берілмеді. Жерге қатысты жеке меншік әлі қалыптаспаған. Еркін қауым мүшесі – кэрлдің құны 200 шиллингіні құрады. Англосаксон қоғамының ең төменгі сатысында жаулап алынған келттерден тұратын жартылай бос немесе басыбайлы лэттер мен уилейлер тұрды. Оларда жер болған жоқ, сол себепті олар эрлдардың жерлерін өңдеді және сол үшін натуралды оброк төлеп тұрды. Лэттер мен уилеййлердің құны 80 шиллинг болды. Сонымен бірге англосакстік қоғамда үй малайлары ретінде ұсталған құлдар болды. Олардың құны белгіленбеген.

Англосакстік феодалды қоғамның қалыптасуына VII ғ. жерге қатысты шартсыз меншіктің (бокленд) пайда болуы зор әсер етті. Ол дегеніміз патшаның грамотасымен сыйға берілген жерлер болды. Ол жерді өсиетке қалдыруға, сатуға, кепілге беруге және мұрагерлікке беруге болды. Осыдан Англияда ірі жер иеленушілік қалыптаса бастады. Патшалар тек бос жерлерді емес, сонымен бірге кэрлдар тұратын жерлерді де тарата бастады. Кэрлдар жердің жаңа иелерінің тәуелділігіне түсті. Феодализация процесінің тездетуге даттықтардың шабуылдары ықпал етті. Себебі бар-жоғанынан айырылған кэрлдар жер иеленушілерден көмек сұрауға мәжбүр болды. Кейде толық қауымдар өздерін шонжарлардың қамқорлығына беруге мәжбүр болды.

Феодалды қатынастардың одан әрі дамуы IX-X ғғ. орын алды. Патша Этельстанның 930 ж. жарлығында әрбір кэрлді өзіне лорд, яғни, қамқоршы табуын міндеттеді. Феодалдық қоғамның қалыптасуы жаңа сатыға көтерілді. Бұл уақытта үстем таптың өзінде бірнеше топтар қалыптасты. Бірінші топты ірі зайырлы феодалдар - магнаттар құрады. Олардың ірі феодалды поместьелері – манорлары болды. Әскери қызмет үшін сыйлар мен төлемдер алып тұрған әскери-қызметтік шонжарлар – тэндер (рыцарьлар) бөлініп шықты. Осы кезеңде діни шонжарлар да ірі жер иеленушілердің қатарына қосылды. Рим католиктік шіркеуінен тәуелсіз болған ағылшын шіркеуі барлық жердің үштен бірін иемденді. Шаруалардың да ішінде құқықтық жағдайы әртүрлі жаңа категориялар пайда болды:


  1. Сокмендер – феодалдың юрисцикциясына тиісті болатын және феодал сотымен сотталатын жеке басы бос шаруалар;

  2. Гениттер - өз жерлері бар, басы бос шаруалар. Олар патшаға және көрші феодалға салық төлеп тұрды;

  3. Коттерлер – жері аз шаруалар. Олардың лашық пен бау-бақша ұстайтындай кішкентай жер учаскелері болды.

  4. Гебурлер – феодал жерінде отырған және сол үшін ауыр барщиналық, оброктык міндеттемелер атқарған шаруалар.

Алайда бұл кезеңде англосакстік қоғамның феодалдану процесі аяқталған жоқ. Шарулардың басым көпшілігі басы бос болды, ормандарды, су көздерін ортақ пайдалану құқығы бар еркін қауым сақталды.

Англосакстердің мемлекеттік құрылысыертефеодалды монархия. Мемлекет басында патша болды. Ол бас қолбасшы функцияларын атқарды, жерге қатысты меншіктің жоғарғы иесі болды, салық жинау және монета соғу құқықтарын иемденді. Бірақ патшаның билігі патшалықтың Жоғарғы кеңесі уитанагемоттың билігімен шектелген болатын. Оған патша, діни, зайырлы және әскери шонжарлар кірді. Уитанагемот барлық маңызды мәселелерді шешті, патшаны сайлау және орнынан алу құқықтарын иеленді. Мемлекет аумағы округ-графтықтарға бөлінді. Олардағы билік жергілікті тайпалардың өкілі элдорменнің қолында болды. Кейін оның орнын патшаныңшенеулігі – шериф ауыстырды. Қауымды ауылдық қауым өзі басқарды.


2-сұрақ :

1066 ж. Британияға жаңа жаулаушылар келді. Бұл жылы Англияны Нормандияның герцогі Заңсыз туылған Вильгельм басқарған нормандықтар басып алды. Вильгельм өзіне Жаулап алушы атағын қосты. Нормандиялық жаулап алу саяси орталықтануға, феодалдық бытыраңқылықтың жойылып, патшалық биліктің жариялық негіздерінің нығаюына әкеліп соқты. Нормандиялық жаулап алудың тек жергілікті өзін-өзі басқаруға ғана тигізген әсері шамалы болды.

Патша билігінің нығаюы мен мемлекеттің орталықтануына патшаның жер қорының құрылуы себептігін тигізді. Англияны басып алған Вильгельм оны заңды патша деп танудан бас тартқан англосакстік шонжарлардың жерін жаппай тәркіледі және өзін жердің жоғарғы иесі деп жариялады. Тәркіленген жердің басым көпшілігі (1/7 бөлігі) патша доменіне өтті, ал қалған аз бөлігі нормандық ақсүйектерге таратылды. Вильгельмнің меншігіне мыңнан астам поместье, елдегі барлық дерлік ормандар мен қалалар өтті. Орасан зор материалдық ресурстарға ие болған ол феодалдардың барлығын өзіне бағындырды. Елдегі барлық феодалдар сеньорының кім екендігіне қарамастан патшаға әскери қызмет атқаруға міндетті болды. Феодалдар негізгі екі категорияға бөлінді: тәждің тікелей вассалдары – ірі жер иеленушілер (графтар мен барондар) және екінші саты вассалдары – рыцарьлар (кіші барондар). Діни феодалдар да патшаның пайдасына түрлі алымдар мен салықтар төледі. Континенттік мемлекеттермен салыстырғанда Англия дамуының ерте сатысында біртұтастыққа қол жеткізді. Осы уақыттағы Англияда «Менің вассалымның вассалы менің вассалым» деген формула қалыптасты. Қорытындыласақ Нормандиялық жаулап алушылық Англияның феодалдық бытыраңқылық кезеңін айналып өтуіне белгілі дәрежеде септігін тигізді.

Патша билігінің қаржылық негізінің нығаюы нақты салық жүйесінің қалыптасуына жағдай жасады. 1086 ж. Вильгельмнің бұйрығы бойынша фискалды мақсаттарда Англиядағы барлық жерлер мен онда тұратын адамдардың санағы жүргізілді. Санақтың материалдары «Қатаң сот кітабына» кірді. Патшалық зазынашылық поместьелер мен шаруашылықтардың нақты саны мен мөлшерлері туралы мәліметтер алды. Санақ мәліметтеріне сәйкес шаруалардың 70%-ын феодалды басыбайлы шаруалар, тек 12%-ын сокмендер, яғни лордтың юрисдикциясында болатын басы бос шаруалар құрады. Феодалды басыбайлы шаруалар біртекті болмады. Олар:



  1. Вилландар – лордтың жерін мұрагерлікпен ұстаушы жеке басы бос емес шаруалар. Оларда 30 акрге тең жер үлесі болды және қауымдық жерлерді пайдаланды;

  2. Бордарийлер – 6-15 акр жері бар басыбайлы шаруалар;

  3. Коттерлер – 2-3 акр ғана жері бар қосымша жұмыстарды (ұсталық, қолөнершілік) атқаратын шаруалар.

  4. Сервілер – жер үлесі жоқ және ең ауыр жұмыстарды атқаратын құлдар.

XII ғ. патша билігінің одан әрі нығаюы жүзеге асты. Бұл процес патша Генрих I атымен байланысты. Ол биліктік функцияларды орталықтандыруға тым үлкен бюрократиялық аппаратты реформалау арқылы қол жеткізді. Бұрындары патшаларға заң шығаруға және маңызды шешімдерді қабылдауға мақұлдау беріп отырған Ұлы кеңес жылына үш рет ғана жиналатын болды. Ал күнделікті мәселелерді жедел әрі шапшаң шешу үшін жоғарғы сот-әкімшілік және қаржылық уәкілеттіктері бар Кіші немесе Патшалық курия құрылды. Ол жоғарғы сот-әкімшілік орган болып табылатын Патша куриясынан және салық жинау мен шерифтердің қаржылық есептерін тексерумен айналысатын Есеп палатасынан («Шахмат тахтасы» палатасы) тұрды. Олардың құрамына ұлы коннетабль, маршал, камергер, сенешалдармен қоса барондар мен патша шенеуліктері кірді.

1135 ж. Генрих I патшаның өлімінен кейін елде феодалдық тартыстар басталды. Билікті ірі барондар басып алды. Алайда бұған қарамастан патшалық биліктің нығаю тенденциясы орын алды. Бұл крепостной шаруалардың күресімен және оны жаныштау үшін мықты патша билігінің қажеттілігімен түсіндіріледі. Сонымен бірге патша билігінің нығаюын ұсақ феодалдар – рыцарьлар қолдады, себебі олар барондардың басысыздығынан жапа шекті. Осы әлеуметтік топтарға сүйене отырып жаңа ағылшын патшалық әулеті - Плантагенеттердің негізін салушы патша Генрих II барондардың сот-әкімшілік уәкілеттіктерін шектей отырып, патша билігін нығайтты. Ол сот және әскери реформаларды жүзеге асырды.

Генрих II патшаның сот реформасы барондардың юрисдикциялық құқықтарын шектеп, патшаның сот билігін нығайтуға бағытталды. Сот реформасы кезең-кезеңмен, асықпастан, патшалық ассизалардың (жарлықтарының) қабылдануы арқылы іске асырылды. Осы кезеңде Ұлы ассиза, Кларендондық ассиза, Нордгемптік ассизалар қабылданды.


  • Патша соттарының юрисдикциясы кеңейді. Патша соты барлық сеньориалды соттар үшін жоғарғы аппеляциялық сот деп жарияланды. Оның құзыретіне барлық қылмыстық істер берілді. Патшалық курия тұрақты қызмет ететін жоғарғы сот органы ретінде бес заңгерден тұрды.

  • Патшалық юстицияның нақты құрылымы және патшалық сот төрелігін атқару механизмі қалыптасты. Тұрақты орталық соттармен қатар көшпелі судьялар институты енгізілді. Алты біріктірілген сот округтері құрылды. Патша соттары сот округтарына жыл сайын барып сол жерде қызмет ететін болды.

  • Отырушы айыптаушылар институты енгізілді. Ол ордалиялар мен соттық жекпе-жек институттаррын ауыстырды.

Әскери реформа патшаның феодалдардан әскери сферадағы тәуелсіздігін арттырды. Генрих II әскери қызмет өтеу борышын арнайы әскери салық – щиттік ақшаға алмастырды. Бұл қаржы жалдамалы әскер ұстауға жұмсалды. Осыдан кейін рыцарьлар әскери сословиеден ауылдық помещиктерге айналды. Осылайша Генрих II реформалары нәтижесінде Англияда бюрократия, иерархия және функциялардың мамандануы қағидаларына негізделген кәсіпқой мемлкеттік аппараттың негізі қаланды.

XIII ғ. басында рыцарьлардың, ерікті шаруалар мен қала тұрғындарының қолдауымен мықты орталықтанған патшалық билік қалыптасты. Алайда Генрих II патшаның кіші ұлы Жерсіз Иоанның билік ету кезеңінде патшаның билігі бұзылды. Себебі Жерсіз Иоанн Англия үшін жеңіліспен аяқталған соғыс жүргізді. Соғыс нәтижесінде Англия Нормандиядан, Анжу, Турень және Пуатудан айырылды. Сонымен бірге шіркеуден аластатылудан қорыққан Жерсіз Иоанн өзін Рим папасы III Иннокентидің вассалы деп таныды және жыл сайын 1000 марка күміспен төлеуге міндеттенді. Қаржы іздеген патша салтқа қайшы келетін шексіз салықтар енгізді. Сол себептен патшаға қарсы түрлі әлеуметтік топтардың одағы құрылды. Ожақтың құрамымен бірге қоятын талаптары да түрлі болды. Рыцарьлар, қала тұрғындары мен ерікті шаруалар патшаның бассыздығына қарсы болғанымен, патша билігінің мықтылығын қолдады, ал барондар орталықтанған билікті әлсіретіп жоюға тырысты. Бұл каолицияда басты рөлдерді барондық олигархияның орнауын мақсат ететін барондар ойнады.



1215 ж. Еркіндіктердің ұлы хартиясы. 1215 ж. қарулы көтеріліске шыққан барондар патшаны Еркіндіктердің ұлы хартиясы деп аталған петицияға қол қоюға мәжбүр етті. Петицияда жазылған нормалардың орындалуын қадағалау үшін 25 бароннан тұратын арнайы комитет құрылды.

Ағылшын патшасының өз бағыныштыларымен қарым-қатынастарын реттейтін 63 баптың 30 діни және зайырлы барондардың мүдделерін, 7-сі рыцарьлар мен ерікті шарулардың, 3 бабы қала тұрғындарының және тек 1 бап ғана вилландардың мүдделерін қорғады. Хартияда барондардың барондық олигархия орнатуға деген ұмтылысы орталық орынға ие. Барондар егер патша хартияны орындамаған жағдайда оны әскери төңкеріс арқылы заңды түрде тақтан тайдыру құқығын иеленді. Барондар тек өзіне теңдердің сотына ғана тиісті болды, оларға патша сотының юрисдикциясы тарамады. Барондық лендер еркін мұрагерлікпен өтететін иеліктер деп танылды. Сонымен бірге хартияда прогрессивті сипаттағы нормалар да болды. Оларды қалалардың құқықтары мен артықшылықтары бекітілді. Фригольдерлер патша шенеуліктерінің бассыздығынан қорғаныс алды.

Еркіндіктердің ұлы хартиясында кейбір конституциялық сипаттағы ережелер де болды. Осында патша билігінің қаржылық мәселелер бойынша шексіздігін болдырмау үшін ортақ кеңес құру идеясы жазылған. Парламенттік басқару идясы Патшалық кеңесінде көрініс тапты. Парламенттің атасы болған Патшалықтың кеңесіне патшалық вассалдардың барлығы кірді. Сонымен бірге, бұл құжатта тұлғағы қол сұғылмаушылық кепілдері, сот қорғанысына қатысты тең құқылық бекітілді. Әрине, бұл құжаты нақты уақытта орын алған саяси-құқықтық жағдайларды ескере отырып саралау қажет. Іс жүзінде Еркіндіктердің ұлы хартиясы жүзеге асырылмады, себебі 1216 ж. Жерсіз Иоанн қайтыс болды.
3-сұрақ:

Англиядағы сословиелі-өкілді монархия Франциядағыдай сословиелердің патшамен келісімі нәтижесінде емес, сословиелердің патшамен күресіп, оны жеңуі нәтижесінде құрылды. Англияда сословиелер патшаға қарсы күрес нәтижесінде қалыптасты және сол күрес жолында саяси өзгерістерді жүзеге асырды. Негізінен бұл процестер Генрих III патшаның билік ету уақытымен байланысты. Ол өзінің билігін Еркіндіктердің ұлы хартиясымен шектемеді. Ол зінің кіші ұлы үшін Сицилияның тәжін алып беру үшін жаңа салықтар енгізді. Бұған көнбеген барондар жаңа толқуға шықты. Олар барлық барондардың кеңесін шақыруды талап етті. Мақсаты елде саяси реформаларды жүзеге асыру. Кеңес 1258 ж. Оксфордта жиналды. Ол жынды парламент деген атқа ие болды. Шын мәнінде ол парламент болған жоқ, себебі бұнда тек бір сословие – барондардың өкілдері болды.

Оксфордтық парламент жұмысының нәтижесі Англияның саяси жүйесін қайта құрудың жобасы – елдің конституциясы болды. Ол «Оксфордтық провизиялар» деген атауға ие болды. Конституция бойынша барондық олигархия режимі орнады. Патшаның жанында Он бестің тұрақты кеңесі құрылды. Оның мүшелері патшаға қажетті кеңестер беруге міндетті болды. Маңызды мәселелерді шешу үшін жылына үш рет парламент шақырылуы тиіс еді. Ол 27 адамнан тұрды, оның 15 кеңестің мүшелері, ал 12-сі барондармен сайланған тұлғалар. Мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғалары (канцлер, ұлы юстинарий, патшалықтың қазынашысы, шерифтер) бір мерзімге тағайындалуға және патша мен он бестің кеңесі алдында жауапкершілікте тиіс болды. Патша графтықтардағы шерифтерді барондардың ұсынысымен тағайындайтын болды. Алайда бұл саяси құрылыс барондардың одақтастары рыцарьлар, қала тұрғындары мен фригольдерлерге ұнамады. Себебі олар мемлкеттік басқаруға жіберілмеді және олардың құқықтары кепілдендірілмеді. Сондықтан олар Вестминестерде жиналып өз талаптарын ұсынды. Олар «Вестминестерлік провизиялар» атты құжатта көрініс тапты.

Патша мен рыцарьлар, қала тұрғындары және фригольдерлерден тұратын оппозиция арасында 1258-1267 жж. азаматтық соғыс басталды. 1264 ж. Льюстегі шайқаста оппозицияның басшысы граф Симон де Монфор патшаны жеңді. 1265 ж. ол Патшалық кеңесін шақырды, оған барондар мен графтардан басқа әрбір графтықтан екі рыцарьдан және әрбір қаладан екі өкіл шақырылды. Міне, осы орган Англияның тұңғыш парламенті болып саналады. Бұл парламент оппозиция әскері жіңіліп, оның қолбасшысы Симон де Манфордың өлімінен кейін де өз жұмысын жалғастырды. Тек1295 ж. ғана патша Эдуард I «үлгілі парламент» деген атаққа ие болған парламентті шақырды. Бұнда зайарлы және діни феодалдармен қатар рыцарьлар мен қала тұрғындары да шақырылды. Парламенттің құрылуымен Англияда сословиелі-өкілді монархия орнады.

Мемлекет басшысы патша болды. Оның билігін сословиелі-өкілді орган – парламент шектеді. Бастапқыда барлық сословиелер бірге отырды. 1343 жылдан бастап ол екіге бөлінді: жоғарғы – мұрагерлік лордтар палатасы және төменгі – қауымдар палатасы.

Лордтар палатасында ірі зайрлы және діни феодалдар отырды, ал қауымдар палатасында рыцарьлар (әрбір графтықтан екі рыцарьдан) және қала тұрғындары (әрбір қаладан екі өкілден) отырды.

Парламенттің құзыреті патшаның билігінің азюымен бірге өзгеріп отырды. Ортағасырлық англиядағы парламенттің келесідей құқықтары болды:


  • Қаржылық, яғни, салықтарға рұқсат беру;

  • Заңшығарушылық, яғни, заңшығарушылық бастама құқығы;

  • Жоғарғы лауазымды тұлғалар мен қаражаттың жұмсалуын қадағалау функциялары;

  • Соттық, яғни, жоғарғы лауазымды тұлғаға қатысты импичмент процедурасы арқылы соттық функцияларды атқару;

  • Сыртқы саяси, яғни, соғыс пен бейбітшілікке қатысты сұрақтарға қатысты мақұлдау.

Алайда парламенттің қолында осыншама биліктің шоғырлануына қарамастан патшаның қолында да толық билік сақталды. Мысалы патша заң жобаларын қайтару құқығын, қабылданған заңдардың орындауын тоқтата тұру құқығын және заңның аясынан кез-келген тұлғаны алу құқықтарын иеленді. Сонымен бірге патшаның ордонанстары мен прокламациялары парламенттік заңдармен тең дәрежеде жүрді. Заңдар реттемеген қатынастар монархтың актілерімен реттелді. Басқаруды патша жаңа жоғарғы сот-әкімшілік орган Патшалық кеңеске сүйене отырып жүзеге асырды. Патшалық сот жүйесі де даралана бастады. Оған: Патша орындығының соты, Жалпы даулар соты, Қазынашылық соты және графтықтардағы көшпелі соттар кірді.

Жергілікті басқару орталықтану және монарх әкімшілігімен бақылану тенденцияларына сәйкес реформаланды. Жергілікті басқарудың лауазымды тұлғалары патшамен тағайындалып, оның әкімшілігіне кірді. Графтықтардағы патша әкімшілігінің басшысы шериф болды, ал жүздіктерде оның көмекшісі – бейлиф.

Англиядағы абсолютті монархияның орнауы XV ғасырдың аяғында Ланкестерлік және Иорктік патшалық әулеттердің арасындағы отыз жылдық азаматтық соғыстың аяқталуымен байланысты. Бұл соғысты басқаша Ақ және Қызыл рауашандардың соғысы деп те атайды. Бұл соғыс таққа Ланкастерлердің туысы Генрих III отыруымен және оның иорктік әулеттен шыққан патша Эдуард IV қызы Елизаветаға үйленуімен тоқтады.

Англияда абсолюттік монархияның орнауы бірқатар объективті себептермен түсіндіріледі:



  • Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте алғашқы капиталдың қорлануы. Ауылда аграрлық төңкеріс орын алды. Ағылшын жүніне деген сұраныс жер өңдеуден қой өсірудің құнын арттырды. Осылай өз поместьелерін тауарлы шаруашылыққа айналдырылған жаңа дворяндар – джентрилер мықты патша билігін қажет етті;

  • Ұлы географиялық теңіздік ашулар және жаңа аумақтарды отарландыруға деген сұранысты тек мықты монархиялық билік ғана қанағаттандыра алды.

Англияның XIV-XVI ғғ. қоғамдық құрылымы айтарлықтай өзгерістермен сипатталды. Капиталистік қатынастар дәстүрлі қоғамды да өзгертті. Феодалды дворяндық өзара жіктеле бастады. Шаруашылықтың барщиналық жүйесін сақтауға тырысқан ірі феодалдар ескі дворяндар деп аталды. Қызыл және Ақ раушандардың соғысы ірі феодалдардың көбісінің қырылуына әкеліп соқты. Мысалы, бұл соғыста патшалық қаны бар патшазадалардың 80-өлді. Осындай жағдайда орта және ұсақ жер иелері болып табылатын рацарьлар мен джентельмендерден шыққан жаңа дворяндардың жағдайы нығайды. Олар жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес шаруашылықты кәсіпкерлік және жалдамалы еңбекті пайдалану негізінде жүргізе бастады. Ағылшын буржуазиясы енді ғана қалыптаса бастады. Ол әртүрлі әлеуметтік топтардан құралды: байып алған қолөнершілер, саудагерлерден, буржуазияланған рыцарьлардан. Бұл кезеңде шаруалар табы да біршама өзгерістерге ұшырады. XV ғ. вилландардың басым көпшілігін жеке тәуелділіктен босату жүзеге асты. Ағылшын шаруалары бұл кезде екі негізгі құқықтық категорияға бөлінді:

    1. Копигольдер – қожайынның жерін мұрагерлік негізде ұстайтын шаруалар. Олар бұл құқықтарды монариалды соттың шешімінің көшірмесі немесе жазбасы негізінде иеленді. Копигольдерлер басы бос болды, лордқа қатысты тұрақты рента төледі және бірқатар борыштарды өткерді, бірақ олар саяси құқықсыз және соттық қорғансыз болды.

    2. Фригольдерлер – жеке меншікте жерді иеленетін және ол үшін анықталған төлем төлейтін шаруалар. Олар патшалық соттардың қорғанында болды, ал бай фригольдерлер парламент сайлауларына қатысты.

XVI ғ. шаруалардың үшінші категориясы – арендаторлар (лизгольдерлер) қалыптасты. Олар помещиктердің жерлерін ұзақ немесе қысқа мерзімді жалға алып отырды.

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет