Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы



бет19/21
Дата23.11.2016
өлшемі3,5 Mb.
#2414
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Басы бос шаруалар

  • Басыбайлы шаруалар:

    • Смердкняз жерін жалға алушылар;

    • Изгойлар – діннен безгендігі үшін қауымнан қуылып, княздің малайна айналдырылған шаруалар;

    • Закуптер – қарызы үшін басыбайлыққа түскен шаруалар;

    • Прощенниктер – шіркеудің қамқорлыққа өткен басыбайлы шаруалар;

    • Холоптар – қылмысы үшін құлға айналдырылғандар;

    • Челядь - әскери тұтқындар.

    1. Қаланың кедей тұрғындары

    Киев Русінің мемлекеттік құрылысына келетін болсақ, ол туралы мәлімет өте аз, негізінен археологиялық қазбалардан жиналған. Соларға сәйкес Басқару нысаны бойынша Киев Русі ертефеодалды монархия болды. Ұлы князь жоғарғы сюзерен болды, ал жергілікті княздер оның вассалдары болды.

    Мемлекет басында Ұлы княз тұрды. Оның заңшығару, атқару, сот және әскери биліктері болды. Княздік тақ мұрагерліпен бастапқыда рудың ең үлкеніне, кейін үлкен ұлына өтетін болды.

    Ұлы княздің жанында боярлардан, княздерден тұратын Кеңес жұмыс істеді. Сонымен бірге соғыс пен бітімгершілік мәселелерін реттейтін Халықтық Вече де қызмет атқарды. Ірі қалаларды Ұлы княздің посадниктері басқарды. Ауылдық қауымдарда өзін-өзі басқару сақталды.
    2-сұрақ:

    Ежелгіорыс мемлекетіндегі феодалдық қатынастардың дамуы, вотчиналық жер меншігінің нығаюы, феодалдардың қолында саяси биліктің үлкен бөлігінің шоғырлануы XII ғ. Киев Русінің түпкілікті ыдырауына әкеліп соқты. Ұлы княз билігі номиналды сиптақа ие болды.

    Бұл уақытта Скандинавиядан Византияға өтетін сауда жолының маңызы төмендеді, яғни, Киевтің саяси және экономикалық орталық ретіндегі маңызы төмендеді. Ұлы княздің резиденциясы Владимирге ауысты. Саяси және экономикалық орталық ретінде Новгород, Суздаль, Смоленск, Галич және басқа да қалалардың маңызы артты.

    Бытыраңқылық кезеңі Ресейдегі феодалды мемлекет дамуының заңды сатысы ретінде қарастырылады. Себебі ірі жер учаскелерінің феодалдар қолында шоғырлануы және шаруалардың толық басыбайлыққа өтуі феодал шонжарлардың саяси дербестігін арттырды. Олар Ұлы княздің билігінен бөлек өзіндік жазалау аппараты мен басқару аппаратын құрды. Соған сүйеніп өз жерінің шеңберінде ешкімге тәуелсіз заңшығарушылық, атқарушылық, сот және әскери билігін жүзеге асырды.

    Бұл кезеңде Киев Русінің орнында көптеген ұсақ княздіктер құрылды. Олардың ішінде ең маңыздылары: Владимир-Суздаль княздігі, Смоленск княздігі, Галицк-Волын княздігі және Новгород жерінде құрылған Новгород және Псков республикалары. Соларға жеке-жеке тоқталсақ:

    Владимир-Суздаль княздігі Киев княздігінен XII ғ. 30 жылдарында бөлініп шықты. Княздіктің билігінде солтүстік-шығыс русьтің орасан зор аумағы болды. Бұл княздің ерекшелігі князь билігінің мықтылығы және көптеген қалалардан тұруы.

    Княздіктің қоғамдық құрылысына сол кезедгі барлық тенденциялар тән болды. Феодалдар табына боярлар, олардың балалары, ерікті қызметкерлер және дворяндар мен діни басшылар жатты. Бұл княздікте қалалардың саны көп болды, сол себепті саяси ықпалы да зор болды. Көпестер мен қолөнершілер де үстем таптың құрамына кірді.

    Феодалды-басыбайлы шаруалар басы бос болып қала берді. Олар княздердің, боярлардың немесе басқа да феодалдардың жерін жалға алу арқылы күн көрді.

    Владимир жерінің басында үлкен саяси билікке ие Ұлы князь тұрды. Ол жанында шақырылатын Кеңеске, жасаққа және феодалдардың съездіне сүйенді. Маңызды сұрақтарды шешу үшін княздер халықтық вечені шақырды.

    Феодалды бытыраңқы Русьтің тағы бір маңызды орталығы – Смоленск княздігі болды. Ол сыртқы байланыстары мықты ірі қолөнер-сауда орталығы болды. Смолен княздігінің қоғамдық-мемлекеттік құрылысы Киев княздігімен бірдей болды.

    Галицк-Волын княздігі – батыс орыс жерлерінің маңызды саяси орталығы болды. Ол екі бөліктен тұрды: боярлық билік орнаған Галициядан және Князь билігі мықты Волынскіден. Волынск князі өз билігіне Галицияны да бағындырды. Алайда моңғол-татар шапқыншылығы кезеңінде бұл княздік те Алтын Ордаға алым-салық төлеп тұрды. Кейін оның жерін Венгрияғ Польша және Литва бөліп алды.

    Бұл княздікте жергілікті жер иеленушілер – боярлардың ықпалы зор болды. Олар князбен бірге ірі феодалдар тобын құрады. Феодалдардың келесі тобын қызметтегі феодалдар құрады. Шіркеулік ақсүйектер де үлкен жер қорларын иеленді.

    Басқару нысаны бойынша ертефеодалдық монархия болғанымен, аристократиялық орган – боярлар кеңесінің ықпалы зор болды.

    Осы кезеңде қалыптасқан феодалдық бытыраңқылық жағдайды сыртқы агрессия да аурлата түсті. Батыстан басып кірген неміс крестшілері және шығыстан басып кірген татар-моңғол әскерлері елдің тәуелсіздігі мен дербестігін жойды.

    XIII ғ. басында орыс жерлері татар-моңғолдардың жаулап алуына ұшырады. Олардың Русті жаулап алуы бірнеше жылға созылды. Татар-моңғол шапқыншылығы Рустің дамуын тоқтатты.



    3-сұрақ:

    Ресейдегі орталықтанған феодалды мемлекеттің пайда болуына бірнеше ішкі және сыртқы фактор әсер етті. Біріншіден, әрине, феодалдық қатынастардың одан әрі дамуына ішкі әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етті. Себебі феодалдық қанаудың артуы шаруалардың қарсылығы мен наразылығын арттырды. Шаруаларды басып тұратын, бағыныштылықта ұстап тұратын күш қажет болды. Және де сауда мен қолөнердің одан әрі дамуы түрлі княздіктерде орын алған кедергілерді жоюды қажет етті. Сонымен бірге елдің орталықтануына сыртқы саяси факторлар да мол әсерін тигізді. Татар-моңғол басқыншылардың тәуелділігінен босау үшін орыс жерлері Москва княздігінің маңайына біріге бастады. Мосва сол кезеңдегі географиялық жағынан барлық жаулардан алыс орналасқан, айлалы экономикалық саясаттың нәтижесінде байып алған мықты саяси орталыққа айналған болатын.

    Бұл кезеңде Владимир, Дмитров, Можайск, Переяславль, Угличь, Тверь, Кіші Новгород, Рязань және тағы басқа ірі қалалар қалыптасты. Осы саяси орталықтардың ішінде өзінің экономикалық қуатының арқасында Москва жеңіп шықты. Ол орталықтанған орыс мемлекетін құра бастады.

    Бұл кезеңдерде Русте феодалдық меншік саласында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Феодалдар табы бірнеше разрядтарға бөлінді. Иерархиялық сатының ең басында Ұлы княз тұрды. Қызметтегі княздер бұл уақытта ірі жер иеленушілерге айналды. Олар Ұлы княздің тікелей бағыныштыларына айналды. Боярлар да Ұлы княздің бастапқыда вассалдары, кейін бағыныштыларына айналды. Бояр атағы басында мұрагерлікпен қтетін болды, кейін ол Ұлы княз беретін сарайлық атаққа айналды. Сонымен бірге феодалдар табына думалық дворяндар, думалық дьяктар, стольниктер, москвалық және қалалалық дворяндар, бояр балалыры да кірді.



    Қызметтегі адамдар, яғни, дворяндар, жерді шартты ұстады, яғни, қызметі үшін пайдалануға алды. Олардың саны мен ықпалы да өсті. Ұлы княз өзінің боярларға қарсы күресінде дворяндардан қолдау тапты.

    Монастырь мен шіркеу Орыс мемлекетінің барлық жеке иеліктегі жерінің үштен бірін иеленді.

    Қалардың саны өсті, сонымен бірге, олардың халқының жіктелуі тереңдеді. Қала халқының жоғарғы бөлігін – көпестер құрады. Олармен бірге бұл сатыда ірі қолөнершілер тұрды. Бұл екі категория қаланың басқа бөліктерінінің еңбегін пайдаланды.

    Шаруалар негізгі бірнеше топқа бөлінді:


    1. Қараауыртпалықты, яғни, Ұлы княздің шаруалары. Олар патшаға натуралды алымдар төледі және басқа да борыштарды өтеді.

    2. Сарайлық шаруалар – жеке княздер мен олардың отбасыларына тиісті басыбайлы шаруалар.

    3. Жекеиеліктегі шаруалар – жеке феодалдардың жерін жалға алушы шаруалар.

    Бұл шаруалар өздері отырған жерді, феодалын тастап кете алмады, тек жылына бір рет Юрьев күні оларға ондай мүмкіндік берілді.

    Бұл кезеңде Орыс мемлекетінің басында XV ғ. аяғынан бастап «Барлық Рустің билеушісі» деп атала бастаған Ұлы князь тұрды. Бастапқыда ол ертефеодалды монархиялық мемлекеттің басышысы сияқты өзіне тең княздердің ішіндегі біріншісі ғана болды. Оның билігі өз вассалдарымен отырған келісім-шарттарымен анықталды, княздердің, боярлар мен монастырьлардың кең өкілеттіктерімен шектелді. Жеке княздіктердің дербес билігін жою Ұлы княз билігінің кеңеюіне алып келді. Жергілікті княздер мен бярлар біртіндеп Ұлы княздің бағыныштыларына айнала бастады. Алайда соған қарамастан оның билігі шексіз болмады, ол мемлекетті боярлық аристократияның органы – Бояр думасымен бірге биледі. Бояр Думасы боярлар мен княздерден тұратын тұрақты түрде қызмет ететін орган болды. Ол Ұлы князбен біріге отырып маңызды сұрақтарды шешті.



    Феодалдық съезділер феодалдық бытыраңқылық кезеңінде де орталықтанған мемлекеттің құрылу кезеңінде де шақырылды. Біртіндеп бұл органның маңызы төмендеді. Кейінірек олар мүлде жоғалып кетті.

    Орталық билік лоргандары – приказдар құрылды. Оларда арнайы салалар бойынша жұмыс істейтін дьяктар қызмет етті. Бастапқыда олардың саны 10 болды. Оларға Үлкен сарай приказы және Қазына приказдары жатады. Бұлар бірінші приказдар болды. Олардан кейін Разрядтық, яғни, әскери, елшілік, тонаушылық, Пошталық приказдар құрылды.


    4-сұрақ:

    Орталықтанған Орыс мемлекетінің құрылуына феодалдардың үстем табының нығаюы жағдай жасады. Феодалдардың кейбір топтары біртіндеп топтарға біріге бастады, шаруалардың крапостнойларға айналуы толық аяқталды. Сонымен бірге, оған жаңа аумақтарды басып алу да септігін тигізді. Бұл кезеңде Қазан, Астрахань хандықтары, Украина қосылды. Біртіндеп Ресейдің құрамына Солтүстік Кавказдың бір бөлігі, башқұрт жерлері және Батыс Сібір кірді.

    Феодалдық қытынастар да дамыды, сонымен бірге, өндіріс пен нарықтардың байланысы нығайды. Таптық күрес күшефе түсті. Ресейдің түрлі аумағында шаруалардың көтерілістері орын алды.

    Осы өзгерістердің нәтижесінде XVI ғ. ортасында сословиелі-өкілді монархия орныға бастады. Бұл процесс Зем соборларын шақырумен байланыстырылады. Оның құрамына боярлар, діни сословие және жоғарғы дворяндар мен қала басшылары кірді. Бұл органның құрамына боярлардың думасы да кірді.

    Бұл кезеңдегі үстем тап иерархиямында патша жоғарғы орынды иеленді. Оның жерлері екі құқықтық мәртебеге ие болды. Бірінші жерлер патша мен оның отбасының жеке меншігі болды, ал екінші жерлер оған патша ретінде тиісті болды.

    Феодалды шонжарлардың бас бөлігін боярлар деп атады. Боярлар патшамен сыйланатын сарайлық атаққа айналды. Феодалдардың келесі тобы қызметтегі адамдар – дворяндар деп аталды.

    Бұл кезеңдерде вотчиналық жер иелену шартты сиптақа ие бола бастады, яғни, қызмет үшін ғана берілетін болды.

    Поместьелік жер иелену де болды. Олармен қатар монастырлық жер иелену де сақталды.

    Ресей мемлекетінің даму кезеңдерінің бұл кезеңінде қалалардың саны одан сайын өсті. Қолөнердің сан түрі пайда болды және дамыды. Қала халқының саны мен олардың жіктелуі күшейді. Олардың санымен бірге ықпалы да өсті.



    Шаруалар жерге толық бекітілді. Олар қожайынға мұрагерлікпен өтетін болды. Бұл кезде холоптардың жағдайы крепостной шаруалармен теңестірілді.

    Мемлекеттік билікте орталықтану күшейді. Патшаның билігі күшейе бастады. Феодалдық топтардың арасындағы қайшылықтарды пайдаланып патша өз билігін айтарлықтай нығайтты. Патша мемлекет басшысы болды. Бірақ ол билігін Бояр думасымен бөлісуге мәжбүр болды. Алайда бұл кезеңде Бояр думасының құрамында дворяндардың саны өсті.

    Мемлекет басқаруды бұл кезеңдерде Зем соборлары бас орынды иеленді. Олар маңызды шешімдерді қабылдады және салықтарды енгізуге рұқсат беріп отырды.

    Орталық басқару органдары – приказдардың жүйесі дамытылды. Приказдардың саны өсті, штаты да ұлғайды, мемлекеттің барлық аумағын қамтитындай жағдайға жетті.

    Ресейдегі абсолюттік монархияның орнауы XVII ғ. аяғында басталды. Бұл процесті негізінен капиталист-көпестер басқарды. Боярлық аристократиямен күреске түскен патша қала тұрғындарының көмегіне сүйенді. Оған сауда мен өнеркәсіптің дамуы жағдай жасады. Сонымен бірге, жаңа аумақтарды жаулап алу да мықты патшалық мемлкетті қажет етті. Бұл кезеңде патша өз билігін Бояр думасын шектеу арқылы кеңейтті. Зем соборының қызметі патша қаржылай тәуелсіздікке қол жеткізген кезде қажет болмай қалды. Шіркеудің мемлектке толық бағындырылуы жүзеге асырды. Патриарх Никон мен Алексей Михайлович патша арасындағы қақтығыс шіркеудің жеңілісімен аяқталды.

    Абсолюттік монархияның Ресейде толығымен орнауы Петр I есімімен байланысты. Оның жүргізген реформалары Ресейдің одан әрі империя ретінде дамуына жағдай жасады.

    1721 ж. Солтүстік соғыста жеңіске жеткен Петр I Сенат пен Қасиетті Синод император атағын сыйлады. Ресей мемлекеті империяға айналды.

    Бұл кезеңдегі қоғамдық құрылысқа қалыптасқан негізгі төрт сословиенің құқықтық мәртебесін жан-жақты реттеу тән болып табылады.

    Бұл уақытта дворяндардың артықшылықтары мен жеңілдіктерінің одан әрі кеңеюі байқалады. Тек дворяндар ғана жерге ие болды. Нәтижесінде вотчина мен поместье бірігіп кетті. 1722 ж. Рангілер туралы табель қабылданды. Оған сәйкес қызметтің түрлі шендері анықталған. VIII разрядқа дейін қызмет еткен адамдар дворяндарға айналды. Барлық жоғарғы лауазымдарды дворяндар иеленді.

    Діни сословиесінің жағдайы абсолютизм кезеңінде күшейе түсті. Діни қызметкерлер мемлкеттік аппаратқа белменді түрде кіре бастады. Діни қызметкерлер екіге бқлінді: қара (монастырларда қызмет ететін) және ақ (шіркеулерде қызмет ететін).

    Шаруалар сословиесі де бірқатар өзгерістерге ұшырады. Феодалды-басыбайлы шаруалар негізгі бөлігін құрады. Оларың келесі түрлері болды:



    1. Помещиктер

    2. Мемлекеттік

    3. Экономикалық

    4. Поссесиондық

    5. Сарайлық

    Бұл кезеңде қалаларда металлургиялық, тері, мата көсіпорындары құрылды. Буржуазияның саны көбейе бастады. Қала халқы бірнеше гильдияларға біріктірілді. Бірінші гильдияға банкирлер, көрнекті көпестер, қалалаық дәрігерлер, аптекарьлар, алтын, күміс жасаушылар, суретшілермен икона салушылар жатты. Екінші гильдияға азық-түлікпен сауда жасайтындар, қолөнершілер, тігіншілер, етікшілер жатты. Қаланың қалған бөліктері үшінші гильдияға кіргізілді.

    Мемлекет басшысында қолында жоғарғы заңшығарушылық, атқарушылық, сот билігі бар абсолютті монарх тұрды. Ол ел әскерінің жоғарғы қолбасшысы болды. Шіркеуді мемлекетке бағындырғаннан кейін ол шіркеу басшысына айналды.

    1711 ж. тоғыз мүшеден тұратын Сенат құрылды. Оған маңызды сұрақтар бойынша шешім қабылдау құқығы берілді. Алайда Петр I өлімінен кейін бұл органның маңызы төмендеді.

    Одан бөлек бұл уақытта орталықтанған бюрократиялық аппарат құрылды. Оның құрамына арнайы салалар бойынша маманданған түрлі органдар болды..



    5-сұрақ:

    Ресейдегі феодалды құқықтың дамуы құқық қайнар-көздерінің дамуына тәуелді болды. Ал олар өз кезегінде мемлекеттің даму кезеңдерімен байланысты болды.



    1. Феодалды мемлекет пайда болған кезеңде әдет-ғұрып құқығының феодалды сипаттағы ең ірі кодификациясы «Орыс шындығы» жасалды. Оның бүгінгі күнге дейін үш редакциясы жетті.

    • Қысқа түпнұсқасы. Ол екі бөліктен тұрады: Ярослав шындығы және Яровлав ұлдарының шындығы.

    • Кең ауқымды тұпнұсқасы. Ол да екі бқліктен тұрады: Ярослав жарғысы және Маномах шындығы.

    • Кең ауқымды түпнұсқасының қысқартылған түрі.

    1. Феодалдық бытыраңқылық кезеңінде «Орыс шындығы» қолданыла берді. Алайда Псков және Новгород республикаларында Судный грамоталар, яғни, заңдар жинақтары қабылданды.

    2. Елдің орталықтану кезеңінде бұл процеске Жалпыорыс жинағы және 1497 ж. Судебник өз септігін тигізді. Бұл құжаттар крепостной құқықтың негізін салды.

    3. Сослоиелі-өкілді монархия кезеңінде заңнаманы жүйелеу нәтижесінде 1550 ж. Судебник және 1649 ж. Собор уложениесі пайда болды. Бұл құжаттар крепостной құқықтың қалыптасуын аяқтады.

    4. Абсолютті монархия кезеңінде заңшығару императордың жеке құқығына айналды және ескі заңнаманы жүйелеу процесі жалғастырылды.


    Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

    1. Ең алғаш Орыс мемлекеті қай қалады орын тепті?

    2. Орыстың ең алғашқы княздары кім болды?

    3. Удельдік княздар деген кімдер, олардың мәртебесі қандай болдды

    4. 1905 ж. революцияның кейінгі зардабы қандай саси зардабы туындады?

    5. Қазан төңкерісін басқарушы және қозғалушы күштері кімдередн тұрды?

    6. СССР одағының құлауына қандай себептер болды?

    Тақырып № 17 Жаңа замандағы Жапон мемлекетінің дамуы.

    Жоспар:

    1. Мэдзи революциясы және оның саяси нәтижелері.

    2. 1889 ж. Жапон Конституция

    3. Жапония құқығы


    Қолданылған әдебиеттер:

    1. История государства и права зарубежных стран. \ Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999ж.

    2. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999ж.

    3. Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

    4. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

    5. Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005

    6. Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М.., 1988г.

    7. История государства и права зарубежных стран: Учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006

    8. Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран: Словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000

    9. Ливанцев Е.К. История буржуазного государства и права. М., 1986г.

    10. Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998г.


    1-сұрақ: Мэдзи революциясы және оның саяси нәтижелері.

    XIX ғ. бірінші жартысында Жапония милитаристік типтегі феодалдық мемлекет – сегунат болды. Сегунат басшылары елді басқа әлемнен оқшаулау саясатын жүргізді. Бұл феодалдық құрылыстың үзақ сақталуына жағдай жасады. Формальды түрде мемлекеттік-құқықтық сипаты жағынан Жапония орталықтанған монархия болып саналғанымен, шын мәнінде билікті самурайлардың қатарынан шыққан мұрагерлікпен ауысатын әскери диктатор – сегун («ұлы қолбасшы») жүзеге асырды. Императорлар сегундардың тұтқындары ретінде ұсталынды және оларға толық тәуелді болды. Токугава үйінен шыққан әскери билеуші - сегун өз қолында әскери және әкімшілік билікті шоғырландырды. Мемлекетті басқару ісінде ол «бакуфу» үкіметіне (әскери-далалық ставка) және әскерге арқа сүйеді. Мемлекет аумағы ықпалды княздер – даймелер басқаратын феодалды княздіктерден тұрды. Бұл уақытта дәстүрлі Жапон қоғамы төрт сословиелік топтан тұрды:



    1. «си» - самурай-дворяндардың әскери сословиесі. Олар сегунға немесе даймелерге жер немесе күрішпен алатын үлес үшін қызмет етті;

    2. «но» - жерге бекітілген шаруалар. Олар астықтың 60-80%-ын құрайтын рента салығын төлеп тұрды;

    3. «ко» - цехтарға біріктірілген қолөнершілер;

    4. «се» - гильдияларға біріктірілген саудагерлер.

    Бұл сословиелік қоғамда феодалды княздар – даймелердің тобы ерекше орынға ие болды. Сегунаттың әскери-олигархиялық диктатурасы феодалдық құрылыс пен дәстүрлі қоғамды сақтап қалуға тырысты. Алайда феодалдық қатынастардың дамып жатқан қоғам қажеттіліктеріне жауап бере алмауы Жапонияда да көріне бастады.

    Тауар-ақша қатынастарының дамуы бір жағынан буржуазия табының пайда болып нығаюына және екінші жағынан шаруаларды қанаудың күшеюіне алып келді. Бұл проесс барысында самурайлардың бір бөлігі де кедейленді. Қызметсіз және жерсіз қалған самурайлардың рониндер деп атады. Олар негізінен саудагерлерге тәуелділікке түсті.

    Шаруалардың арасында жіктелу проестері басталды. Кедейленген шаруалар жалдамалы жұмыс нарығына түсті, ал байыған шаруалар кәсіпкерлерге, өндірістік буржуазияға айналды. Яғни, феодалдық қатынастардың ыдырауы орын алды. Алайда капиталистік қатынастардың дауына Токугаваның әскери‑феодалды режимі кедергі жасады. Шаруалар феодалдық құрылысқа ашық түрде қарсы шықты. 1853-1867 жж. елде 52 ірі шаруалар көтерілісі орын алды. Сонымен бірге осы кезде сегун болып отырған Токугава үйінің өкілі Хитобашиге қарсы самурайлардың төменгі топтары мен буржуазия көтерілді. Сонымен бірге токугавалық режимнің құлауына АҚШ, Англия, Франция және Голландия сияқты державалардың қарулы араласуы үлкен рөл атқарды. Олардың біріккен флоты сегун үкіметінен кедергісіз Жапония порттарына кіріп сауда жүргізуге рұқсат алмаған соң, аралды атқылауды бастады. Сегун бұл елдермен елдің мүддесіне кереғар келісім-шарттарға отыруға мәжбүр болды. Жапонияның отарға айналу қауіпі күшейе түсті. Қалың бұқара үшін сегун ұлттық мүдделердің сатқыны ретінде көрінді. Жапонияда буржуазиялық революцияның алғышарттары пісіп жетілді.

    Нәтижесінде сегунға қарсы оппазициялық топ күннен-күнге күшейе түсті. Олардың қатары буржуазия, самурайлар мен либералды көзқарастарды ұстанған дворяндар арқылы көбейді. Бұл өз алдына сегунның жақтастарын ашық қақтығысқа шығуына алып келді. «Болмашы азаматтық соғыс» нәтижесінде 1867 жылдың 7 қарашасында Кейки сегун биліктен бас тартты, елде император Муцихитоның билігі қалпына келтірілді.

    Осылайша сегун билігін құлатып абсолюттік монархия нысанындағы император билігін қалпына келтурі Жапониядағы буржуазиялық революцияның алғашқы қадамы болды. Бұл Жапон буржазиялық революциясының европалық революциялардан басты айырмашылығы болды.

    Елде Мәйдзи исин дәуірі, яғни, «ағартушылық басқарудың» қалпына келтірілуі басталды. Мэйдзи революциясы «үстіден жүргізілген революция» болды. Оның басты мақсаты елді тез арада капитализациялау болды.



    Жапониядағы Мэйдзи буржуазиялық революциясының басты белгілері:

    1. буржуазияның әлсіздігінен революцияның аяқталмай қалуы, осымен Жапон капитализміндегі феодализм қалдықтарының кездесуі түсіндіріледі;

    2. революция мазмұны бойынша елдің саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік жүйелерін біртіндеп түрлендірген реформалардың тізбесі ретінде қарастырылады;

    3. артта қалған жапон қоғамын модернизациялау алдыңғы қатарлы батыстық идеяларды, технологияларды, саяси және құқықтық мекемелерді алу арқылы жүргізілді. Оларға жапондықтарға түсінікті болатын ысандар берілді;

    4. Бұл реформалар жоғарыдан, яғни, билік басындағы топпен жүзеге асырылды.

    Мэйдзи революциясының нәтижелері:

    1. Адамдардың жеке бас бостандығын шектеген қоғамның сословиелі-өкілді бөлінісі жойылды және азхаматтардың заң алдындағы формальды теңдігі жарияланды.

    • 1868 ж. цехтар мен гильдиялар және олармен байланысты қолөнер мен саудадағы шектеуліктер жойылды. Әрбір азаматқа кәсіпті еркін таңдау құқығы берліді;

    • 1872 ж. Жалпыға бірдей бастапқы білім алу туралы заң қабылданды;

    • 1869 ж. феодалды құқықтар жойылды, помещиктерге олардың орнына бұрынғы табысының үштен бірін тең болатын көлеміне дейін жететін мемлекеттік зейнетақылар тағайындалды;

    • 1871 ж. сословиелердің теңдігі, ел аумағында еркін жүріп-тұру және кәсіпті еркін таңдау құқықтары жарияланды;

    • 1872 ж. бұрынғы атақтарды жою туралы заң абылданды. Барлық халық жоғарғы шонжарлар – «кидзоку», төменгі дворяндық – «кидзоку» және «қарапайым халық» деп бөлінді.

    Осы реформалардың арқасында ел аумағында ортақ экономикалық кеңістік, жұмысты пен тауарлардың ортақ нарығы құрыла бастады, ортақ валюта енгізілді.
  • 1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет