Шетел тілдері «АҒылшын тілі»,



бет2/6
Дата25.08.2022
өлшемі67,59 Kb.
#148229
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ

оқытылуы ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде

2

Шетел тілі

2

72

1,5

54

3-4

Шетел тілі

2

72

2

72

5-9

Шетел тілі

2

72

2

72

ҚГБ 10-11

Шетел тілі

3

108

2

72

ЖМБ 10-11

Шетел тілі

3

108

2

72

Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.


ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, Үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар Үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдай алады.

  1. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Негізгі үлгілік оқу бағдарламада 2-11 сыныптарға арналған «Шетел тілі» пәні бойынша сөйлеу қызметінің барлық: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым және тілді пайдалану сынды дағдылар қамтылып, оларды дамытуды көздейді. Бағдарламаның лексикалық және грамматикалық құрылымы қарапайымнан күрделіге дейінгі принципті қамтиды.
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу бағдарламалары пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. Бұл оқу бағдарламаларында да, ұзақ мерзімді жоспарда да
тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей, сол тоқсанда игерілуі тиіс.
2022 – 2023 оқу жылы «Ағылшын тілі» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен (5-қосымша) бекітілген 1- 4 сныптарға арналған Үлгілік оқу бағдарламалары негізінде оқытылады.
«Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы» (ҚР БҒМ 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына 8-қосымша).
«Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығымен (7-8 қосымшалар) бекітілген.
2022-2023 оқу жылында жалпы орта білім беру деңгейіндегі 10-11- сыныптарына арналған «Шетел тілі» пәнінен оқу процесі келесі үлгілік оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен (10-11-12 қосымшалар) бекітілген.

  • Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

  • Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

  • Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Неміс тілі», «Француз тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

  • ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрығына № 27, 28 және 29 - қосымшаларға сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану- математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарға арналған «Ағылшын тілі»,

«Неміс тілі», «Француз тілі» пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары (төмендетілген оқу жүктемесімен).
1-11-сыныптaрынa aрнaлғaн «Шетел тілі» оқу пәнінің жaңaртылғaн мaзмұндaғы үлгілік оқу бaғдaрлaмалары ҚР БҒМ бұйрығымeн бeкітілгeн жәнe Ы. Aлтынсaрин aтындaғы Ұлттық білім aкaдeмиясының сaйтындa https://uba.edu.kz/ орнaлaстырылғaн.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің деңгейілердің 2-11- сыныптарына арналған «Шетел тілі» пәнінен Үлгілік оқу жоспары ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда бір оқу жылына арналған оқу мақсаттары қамтылған. Ұзақ мерзімді жоспарда бөлімдер мен тақырыптарды меңгеруге жұмсалатын сағат саны көрсетілмеген. Бөлімшелерге арналған сағат санын бөлуді ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес, күнтізбелік- тақырыптық жоспарды педагог өзі немесе педагогтер ұжымы бірлесіп әзірлейді. Әзірленген күнтізбелік-тақырыптық жоспар мектептің пән бойынша әдістемелік бірлестік отырысында қарастырып, бекітіледі.
«Шетел тілі» пәннің оқу бaғдaрлaмaры білім aлушылaрдың тaлдaу, бaғaлaу жәнe шығaрмaшылық ойлaуды қaлыптaстырaтын түрлі тaпсырмaлaрды орындaу, aуызшa жәнe жaзбaшa түрдeгі дeрeккөздeрдің сaн aлуaн түрлeрі, ынтaлaндырaтын жәнe қызықты пәндік мaзмұн aрқылы білім aлушылaрдың шетел тілінeн жaлпыeуропaлық құзырeттeрінe (CEFR) сәйкeс дeңгeйілерінe жeту мaқсaтын көздeйді (10.2.кесте)

10.2-кесте - «Шетел тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес тілдік деңгейлері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет