Шетелдердегі қазақ диаспорасы



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі75,09 Kb.
#94216
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Шетелдердегі қазақ диаспорасы

1897 жылғы Жалпыресейлік халық санағының деректері бойынша Астрахан губерниясында - 42,6 мың, Самара губерниясында - 7,4 мың, Орынбор губерниясында - 3,9 мың қазақ тұрған болатын. Астрахан губерниясына қарасты Ішкі Ордадағы қазақтардың саны 207,3 мыңға жетті. Қазақтардың аздаған бөлігі Пермь, Уфа, Саратов сияқты басқа бірқатар губернияларда қоныстанды.

  • 1897 жылғы Жалпыресейлік халық санағының деректері бойынша Астрахан губерниясында - 42,6 мың, Самара губерниясында - 7,4 мың, Орынбор губерниясында - 3,9 мың қазақ тұрған болатын. Астрахан губерниясына қарасты Ішкі Ордадағы қазақтардың саны 207,3 мыңға жетті. Қазақтардың аздаған бөлігі Пермь, Уфа, Саратов сияқты басқа бірқатар губернияларда қоныстанды.
  • Қазақтар Батыс Сібірдің оңтүстік аумағында ежелден көшіп-конып жүрді. XV ғасыр мен XVII ғасырдың бас кезінде бұл аймақты қазақтардың қыпшақ, жалайыр, арғын, керей және уақ сияқты тайпалық бірлестіктері мекендеді. Оларды Батыс Сібірдің оңтүстік жағындағы аймақтан XVII-XVIII ғасырларда көшпелі жоңғарлар (ойраттар) бірте-бірте ығыстырып шығарған болатын.
  • 1752—1755 жылдары Орта жүздің солтүстік аймақтарының жерлерінде Жаңашекара ауданы күрылды. Соның салдарынан қазақтардың солтүстіктегі шекарасы оңтүстікке қарай 200 шақырымдай жылжытылды. Ол жерлердегі қазақтар күшпен көшірілді. Қайта-қайта үздіксіз өтініш жасаудың нәтижесінде 1771 жылы Орта жүз қазақтары Тобыл және Томск губернияларымен шекаралас аймақтарға уақытша көшіп-қонуға рұқсат алды. Соның өзінде тек «ерекше сенімді», «шын пейілдерімен берілген» қазақтар ғана аманат беру және жерге жалақы төлеу арқылы орналаса алды.
  • Патшаның 1788 және 1789 жылдары шыққан жарлықтары бойынша Ертіс бойындағы қазақтардың бір бөлігіне өзеннің оң жақ бетінде «мәңгі көшіп-қонып жүруге» рұқсат етілді. Сібір шекара шебінің ішкі жағындағы бос жатқан жерлерді пайдалану мүмкіндігі туды. Қазақтарға алдын ала бірнеше шарт қойылатыны ескертілді: біріншіден, қазақтардың көші-қоны қазыналық елді мекендерге 40 шақырымнан жақындамауы тиіс, екіншіден, олар шекара шебінен асып, 30 шақырым ұзап кетпеуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет