Шетелдердегі қазақ диаспорасы


Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу ерекшеліктері



бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі75,09 Kb.
#94216
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Шетелдердегі қазақ диаспорасы

Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу ерекшеліктері

  • Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасуы XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ-жоңғар соғысына тікелей байланысты болды. Жоңғарлардың басқыншылық шабуылы барысында қазақтар Жетісу, Тарбағатай аймақтарындағы шұрайлы жайылымдарының едәуір бөлігінен айырылып қалды. Мұның өзі ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының бұрыннан дәстүрлі қалыптасқан көші-қон бағыттарының бұзылуына соқтырды.
  • Қытай-жоңғар және қазақ-жоңғар соғыстарының барысында Жоңғар мемлекеті тарих сахнасынан кетті. Қазақтар өздерінің байырғы дәстүрлі мал жайылымы жерлерін қайтарып алуға тырысты. Бірақ жоңғарлардың көзін жойған негізгі жеңімпаз ретінде қытай үкіметі қазақтардың ондай талабын қабыл алмады. Жоңғар хандығының орнына Қытайда Синьцзянь атты аймақ құрылды. Онда бекініс-қамал түріндегі қалалар салына бастады.
  • Абылай хан бастаған қазақ билеушілері Қытай өкімет билігі орындарымен бірнеше рет келіссөздер жүргізіп, қазақтардың ежелгі жерлерін қайтарып беру мәселесін қайта-қайта қозғаумен болды. Сонымен бірге қазақтар жаңа аумақтық құрылымның жеріне өз беттерімен қоныстануын да тоқтатпады. Ақырында Қытай өкімет билігі орындары 1767 жылы қазақтардың Синьцзяньға көшіп, қоныс аударуына рұқсат етті. Бірақ оның есесіне қазақтар ондағы жайылымды пайдаланғаны үшін ақы төлеуге тиісті болды. Төлемақының мөлшері әр түліктің 100 басына жылына бір малдан беріп тұру болып келісілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет