Шиелі ауданының географиясы орны және ауданның құрылу тарихы Географиялық орны



бет1/18
Дата20.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#163463
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Болл
Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі, Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі, Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі, Жасыл-сары-қызыл кесте есебі, 20, 2 5314420604529543613, әдебиет тізімі, DOC-20221204-WA0024^-1

Шиелі ауданының географиясы орны және ауданның құрылу тарихы
Географиялық орны. Шиелі ауданы – Қызылорда облысының шығысындағы орналасқан. Оңтүстікте Қызылқұм алабы алып жатыр, солтүстік- шығысына Қаратау жотасының қиыр солтүстік батыс бөлігі кіреді. Шиелі аудан батысында Тереңөзек ,шығысында Жаңақорған аудандарымен шектеседі.
Қызылорда облысы орталығы мен аудан орталығының арақашықтығы-120 шақырым .Ауданның географиялық координаталарына келетін болсақ с.е 44010'44'' с.е. 660 43'58'' ш.б. 1938 жылы құрылған. Жер аумағы 34,3 мың км2 Тұрғыны 73 ,5 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 2,3 адамнан келеді. Ауданда 31 елді мекен 1 кентік және 22 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы –Шиелі кенті. Ірі елді мекендер. Ірі елді мекендер: Шиелі кенті, Бала би, Қодаманов, Бидайкөл, Мұстафа Шоқай, Алғабас , Бекежанов. Ауданың жер бедері жазық дала .

Ауданың ең биік жері де осында (873 м). Жота аласа сілемдерден (Қарамұрын, Дәуіт) тұрады. Қаратау жотасы солтүстігіне қарай батпақты-сазды Ащыкөл ойысының батыс бөлігі кіріп жатыр.Оның қиыр батысында Қатыншоқай құмы орналасқан.Қызылқұм атырабында мал жайылымына қолайлы қыстаулар мен құдықтар көп.


Оның орталық бөлігі Сырдария өзенің аңғарлық жайылмасы алып жатыр. Жер қойнауынан алтын, ванадий, уран кентастары және құрлыс материалдарының кен орындары барланған. Климаты континенттік .
Қаңар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде -7-90 С, оңтүстігінде (Қызылқұм өңірінде ) -4-60 С, кейбір жылдары ауа температурасы 400 С-қа дейін төмендейді. Шілде айының орташа температурасы 26-280 С , кейде 46 0 С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашының жылдық орташа мөлшері 130-200 мм. Аудан жерімен Сырдария өзенінің және оның тармақтары ағып өтеді. Одан басқа , Қаратау жотасының оңтүстік баурайынан бірнеше шағын өзендер бастау алып , Сырдарияға жетпей жерге сіңіп кетеді. Ауданың солтүстігінде Телікөл көліне Сарысу өзенің төменгі ағысы келіп құяды. Сырдариядан Телікөлге дейін Шиелі –Төлікөл каналы тартылған. Телікөл көлі мен Ащыкөл ойысы аралығында артезиан құдықтары көп. Қарамұрын тауының солтүстік баурайында суы емге шипа Ақжарбұлақ бастауы бар . Ауданың топырақ жамылғысы негізінен құмды сортаң және сортаң сұр топырақты. Сырдарияның оңтүстік жағалық аңғарында сұр, бозғылт сұр, Қаратау баурайында қиыршықты бозғылт сұр,Қаратау баурайында қиыршықты бозғылт қоңыр, сортаң сұр топырақ қалыптасқан. Өсімдік жамылғысында шөл және шөлейт белдемдерге тән өсімдіктер: басым құм жусаны, қара жусан, баялыш, бұйырғын, тасбұйырғын, теріскен, изен, көкпек, еркекшөп).
Қаратау жотасына арша, итмұрын бұталары аралас бетеге, боз,қау астық тұқымдас шөптесіндерге тән. Құмды оңтүстік өңірде сексеуіл, жыңғыл тоғайлары кездеседі.Сырдария жайылмасында тал, жиде ,тораңғыл тоғайлары және қамыс құрағы өскен. Тағы аң-құстардан қасқыр, шиебөрі, қарсақ, түлкі, қоян, борсық, ақ бөкен, қарақұйрық тоғай арасында- құм қояны, тышқаның бірнеше түрі қырғауыл мекендейді. Аудан жерімен Орынбор - Ташкент темір жолының 120 км бөлігі , Қызылорда –Шымкент автомобил магистралі өтеді. Аудан жерінде 71 тарихи –археологиялық ескерткіштерді қорғауға алынған.

Ғасыр басындағы алғашқы онжылдықта Шиелі халқы атақты сары бұйра толқынды Қызылқұмнан алғашқы түйе мен сексеуіл дайындап.
1900-1905 жылдары темір жолдың келуінен бастау алады. Сол жылдары Шиелі, Бәйгеқұм, Тартоғай, Сұлутөбе станциялары соғылып, халық қоныстана бастайды.
Орта Азия мен Ресейге жіберсе, кейін тар табан теміржолдың салыну нәтижесінде жұртшылық теміржол вагондарымен даңқты болды.Алғаш Таштоп кейін ЛЗУ атанған мекемелер осы қажырлы істердің айғағы.
1900-1905 жылдары темір жолдың келуі
Шиелі ауданы – ежелгі Сырдария өзенің орта ағысында орын тепкен киелі мекен.Шығысындаалты алашқа белгілі Сығанақ , Бестам шаһары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қазақтың тауының атасы қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін сырлы өзен Сарысу, «Таңбалы тас» тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі болған атақты «Телікөл » де осы өңірде .


Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Шежірелі Шиелі

Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Шиелі ауданының географиялық орны шығу тарихының ерекшеліктерін ажыратады;

Сабақ мақсаты

Шиелі ауданы тарихи орындарды анықтайды;





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет