Шиелі ауданының географиясы орны және ауданның құрылу тарихы Географиялық орны


Сырдария ауданының орналасқан жері



бет12/18
Дата20.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#163463
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Болл
Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі, Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі, Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі, Жасыл-сары-қызыл кесте есебі, 20, 2 5314420604529543613, әдебиет тізімі, DOC-20221204-WA0024^-1
Сырдария ауданының орналасқан жері.
Қызылорда облысының белді аудандарының бірі Сырдария ауданы өзі аттас көне дария бойында орналасқан. Облыс орталығы Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 52 км жерде. Бүгінгі аумағы 43,7 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Уақыт белдеуі UTC+5:00. 1928 жылы негізі қаланған аудан Сырдария өзенінің төменгі ағысын бойлай орналасқан. 2009 жылғы санақ бойынша аймақта 39 665 адам тұрады. Ауданның құрамына 1 кент және 14 ауылдық округ кіреді, әкімшілік орталығы-Тереңөзек кенті, ал жалпы жер көлемі 4 067 949 гектар. Географиялық координаталары 45034/12//с.е. және 65036/00// ш.б. Ауданның 2019 жылғы халық саны 38 841 адамды құрайды. Оның 39374 –і қазақ, 263 –і орыс, 71-і кәріс, 92-сі шешен, қалғаны басқа ұлт өкілдері. Аудан халқының басым бөлігін (98,2%) осы өңірдің байырғы тұрғындары – қазақтар құрайды. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 0,9 адамнан келеді. Аудан аумағындағы елді мекендер 1 кенттік, 13 ауылдық округтерге біріктірілген. Әкімшілік орталығы – Тереңөзек кенті. Сырдария ауданы 1928 жылы құрылған. Оның аумағында 1936-1940 жылдары аралығында жалпы саны 25 ұжымшар болған. 1967 жылы Сырдария, Тереңөзек аудандары негізінде жаңа Сырдария ауданы бөлініп шықты. 1997 жылы облыс аумағында әкімшілік аумақтарды оңтайландыру саясатына байланысты Сырдария және Тереңөзек аудандары негізінде қазіргі Сырдария ауданы құрылды. Ауданның солтүстігі Қарағанды облысының Жезді ауданымен шектессе, оңтүстігінде «Іңкәрдария» ауылы орналасқан. Ол Өзбекстанның Бұқара облысының Тамды ауылымен шектеседі.
Ауданның жер қойнауынан құрылысқа қажетті материалдардың (құм, саз, қиыршықтас, т.б.) қоры барланған. Олардың кейбіреуі өндіріледі. Мұнай мен газ-кен орындарына барлау жүргізілуде. Сырдария ауданының климаты тым континенттік. Аудан жерімен Сырдария және оның тармақтары (Шіркейлі, Қараөзек, т.б.) ағып өтеді. Ауданның солтүстігінде Арыс, Телікөл көлдері жатыр. Олардан басқа осы өңірде көптеген сор( Арыс, Тораңғылтүбек, Қараойсор, т.б.) кездеседі.
Сырдария ауданы аумағымен Орынбор – Ташкент темір жолының 40 шақырым бөлігі өтеді. Автомобиль жолдарымен Қызылорда – Жосалы, Тасбөгет – Жосалы трассасы кесіп өтеді. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 338 км, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдың ұзындығы – 90 км. Сырдария ауданында қазақтың белгілі классик ақыны А.Тоқмағанбетов туып өсті. Аудан жерінде тарихи-археологиялық ескерткіштер саны – 40, оның ішінде – археологиялық ескерткіштер – 20, тарихи – 5, сәулетті – 14, монументті – 1 ескерткіш бар. Олардың ішінде тарих пен сырға толы ХІІ ғасырдың ескерткіштері саналатын «Сырлытам», «Мүлкалан әулие мазары», т.б. тарихи-сәулет ескерткіштері бар. Қызылорда облысының белді аудандарының бірі – Сырдария ауданы өзі аттас көне дария бойына орналасқан. Сырдария ауданы – тарихы терең, табиғаты таңғажайып өлке. Олай дейтініміз, Еуропа мен Азия елдерi арасындағы қарым-қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк көштерi, т.б.) ежелгi заманнан-ақ осы өңір арқылы өткен. Осыған байланысты бүгінгі Сырдария ауданының кейбiр табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгiлi болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінiң шығысында шексiз жазық өңiр жатқандығын және оны массагеттердiң мекендейтiндiгiн баяндаса, Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерiнде Сырдария (Jаxаrtеs) өзенi туралы мәлiметтер келтiрген. 9 — 10 ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама берiп, картаға түсiрдi және гректердiң Әмудария мен Сырдария өзендерi Каспий теңізіне құяды деген топшылауын терiске шығарып, Арал теңізіне құятынын анықтаған. 1246 жылы Италия саяхатшысы Плано Карпини және 1258 жылы фламанд саяхатшысы Гильом де Рубрук Моңғолияға барған сапарларында Сырдария өзені маңымен, Мұғалжар мен Аралдың шығыс жағы арқылы өтіп, географиялық орналасу жағынан орнығатын ертедегі Үзген, Баршынкент және Ашнас қалаларын атап, осы өңірдегі шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет