Шығармалары деректі дүниелер


Ризамын туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн солып



Pdf көрінісі
бет15/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf
Лекция 1 Физические эффекты, используемые для создания датчиков, 614bfa4fc93940.60747302, 130592
 
Ризамын туғаныма адам болып,
Өкінбен қаламын деп бір күн солып. 
 
Адамзат сапарының мейманымыз,
 
Бір мезет жер бетіне кетер соғып. 
 
Иә, өмір өтеді – ол табиғат, диалектика заңы. Бірақ ұлы сапар – 
Адамзат сапары бар, бақытқа, әділетке бет алған сапар. Сол сапар 
мәңгі. Ал жеке адам – сол сапардың бір өрісін іске асырушы, атқа-
рушы. Оның өмірдегі белсенді күрескер екендігі айқын. Өзінің бү-
гінгі бақытын ғана місе тұтпай, жаңа жеңістерге алға ұмтылады. 
Озық ойлы біздің замандас осындай.
Қасым мен Мұқағали жырын оқығанда сан-сала ойға қалып, 
телегей-теңіз сезімге шомыласың, өлгің келмей кетеді, өмір саған 
ыстық болып көрінеді, алдыңда ұзақ өмір жолы барын ойлайсың. 
Рас, кез келген адамға ақын болуды жазбаған, бірақ әңгіме онда 
емес. Мейлі, сен ақын бол, мейлі шопан бол, мейлі шахтер, мейлі 
жұмысшы, мейлі ғалым – қай мамандық иесі болсаң да, өзіңнің 
адам атыңды ақтауға міндеттісің. Еңбегіңмен де, адамгершілік
арыңмен де.
Адамзат болашағы үшін, бақыты үшін күреске шақыру жақсы-
лық үшін күрес рухы – гуманистік өнердің табиғатын, бүкіл бол-
мысын айқындайтын ең басты белгісі. Тарих алдында өзінің ұлы-


34
лығын дәлелдеген нағыз гуманистік бағытқа қарама-қарсы ізгілік 
атаулыға зәрін шашқан сан түрлі бағыттар да жетіп жатыр. Оларға 
тән белгі – адам өрлігін, ерлігін, адамдығын аяққа басу, өмірден 
безіну, күрестен қашып, бейжайлық, бейшаралықты жырлау. Бұл 
ретте сары уайымшылдығымен, қаратүнектігімен айрықша көзге 
түсетіні – капитализм елдерінде кең таралған экзистенциализм.
Олар дүниеге өлім позициясынан, көрден қарайды, адам қасие-
тін қор еткен, болашағы бұлдыр қоғамда тұйыққа тірелуден, торы-
ғудан туған тарығуды жырлайды.
Экзистенциализмнің қыр-сырын ашып, оны теріске шығарған 
ғылыми еңбектерді айтпағанда, социалистік реализм туындылары-
ның өзі өмірді сүюге шақыратын ерлікке толы рухымен, бүкіл 
болмысымен бұл бағытқа қарсы тұр. Алайда, тікелей өмір мен 
өлім күресін көтерген шығармалардың бұл бағытпен айтысқа тү-
судегі, оны теріске шығарудағы орны ерекше. Сондай туындылар-
дың қатарынан Қасым мен Мұқағали жыры қастерлі орын алуға 
лайықты.
Екі жырды да біз тек өмір туралы, адам туралы толғау деп қана 
қарамай, жат көзқарасқа да қарсы соққы десек, бұл жасанды қарсы 
қою емес. Бұл көзқарастардың өз табиғатынан, қайшылығынан 
туып отыр. Және де осы айтыс-тартыстың зор өмірлік мәні бар. 
Бұл – өмір, адам туралы, өмірдің мәні туралы ымыраға келмес көз-
қарас тартысы. Қасым мен Мұқағали поэзия, өнер тілімен, ақын-
дық өр рухпен олардың бас қаруы – адам өледі, сондықтан бәрі 
бекер деген пікірін сол өлімнің өзін жырлау арқылы талқандап 
отыр. «Иә, мырзалар, сіздер адам туралы былай дейсіздер, ал біз 
былай дейміз».
Рас, адам өледі, – дейді олар өрлікпен. Бірақ: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет