Шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру



Дата26.08.2017
өлшемі50.81 Kb.
БҚО. Зеленов ауданы

Достық жалпы орта білім беретін мектебі

Бисенова Айгуль Тлегеновна-бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі

Шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру

Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-

ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев.

Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңестігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде жалпы білім беру мәселесін қайта қарап,таптаурын әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында және технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы қажет.Жаңа технология оқушыға тек білім негіздерін беріп қана қоймайды, сонымен қатар оны тұлға ретінде дамытуға бағытталған. Менің өз жұмысымдағы негізгі міндетім бастауыш сыныпта оқушыларының дамытушылық қабілетін арттыру. Әдістемелік тақырыбым: «Шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.». Бұл тақырыпты алудағы басты мақсатым - оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Ертеңгі күнді болжау қиын, бірақ бүгінгі күнді пайдалану өз қолымызда. Бастауыш мектепте қазіргі педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі оқушылардың білімін арттыруда, іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты. Кез-келген сабағым қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші.. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады. Оқушының танымдық белсенділігін қалай дамытуға  болады? Сабақтың тиімділігін қалай арттыруға болады? Жаңа технологиялардың осы мақсаттарға жетудегі пайдасы қаншалықты? деген сұрақтарға өз жұмысымда жауап беруге тырыстым. Бұрын бастауыш мектеп мұғалімінің басты міндеті баланы оқуға, сануға үйрету болса, қазір бастауыш мектеп – оқушының тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік- педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қызметтігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс- әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технология пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отыра мүмкіндік деңгейіне жеткізеді.

Әрбір жұмыс оқушының білімін тереңдетіп, біліктілігін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыс. Берілген жұмыс түрі оқушы бойында пәнге деген қызығушылық тудыратындай, танымдық әрекетін арттыратындай, сабақта алған білімдерін салыстырғанда, неғұрлым терең, тәжірибе жүзінде іске асыра білетіндей етіп ұйымдастыру керек. Тапсырманы орындауда оқушының қатысуы оның қызығушылығымен тікелей байланысты. Жұмыстың әрбір түрлері мен оларды жүргізу тәсілдері оқушылардың сабаққа деген дайындықтары мен қызығушылықтарын, дағдыларын жаңдандыруда алған білім деңгейлерін тереңдетуде, оны оқушы санасына бекітуде маңызы ерекше.Сонымен дұрыс ұйымдастырылған деңгейлік тапсырма бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің бүкіл жүйесін белсендіруіне ықпал етеді.Күрделенген, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білім алушының қосымша білім алуға бағытталған жұмыс түрі болып табылуы тиіс. Деңгейлік тапсырманың негізгі мақсаты: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін тереңдете түсу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды таныта білу, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математика қызығушылығын арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа баулу. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мақсатында мынадай жұмыс түрлерін ұсынуға болады. Олар: логикалық жаттығулар, ойын, ертегі тапсырмалар мен ертегі үзінділерінен қызықты басқатырғыштарды шешу, олимпиадаларға қатыстыру, қызықты ертегілер, қойылымдар, сценалық жұмыс формаларына қатынастыру, шығармашылық немесе логикалық ойлауды талап ететін тапсырмаларда неғұрлым тиімді тәсілді анықтау.

Осындай тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын молайтып, бала қиялын дамытады. Сөздік жұмысы оқушылардың жаңа сөздер үйренуде бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауға маңызы зор. Дүниетану пәні бойынша олардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында , топсеруен , қызықты мәліметтерді энциклопедиядан іздену, оқуға деген қызығушылығын ояту, өз пікірін айта білуге т. б. міндеттер белгіленген. Оқушы өз ойын «егер», «онда», «менің ойымша», «себебі» деген дәйекті сөздермен бастап өзін еркін сезініп, жан-жақты жауап беруге талпынады.



Берілген тапсырманы орындата отырып, сұрақ қою арқылы ізденіске тартып отырамын. Мысалы «Сен қалай ойлайсың?», «Сенің ойыңша қалай?» деген болжау сұрақтарын жиі қоямын. Сол сияқты шығармашылық деңгейде рефераттар жазып, өлең шығарып, сөзжұмбақтар құрастырады.   Суретпен, тест жұмыстарын жиі жүргізіп отырамын.

Осы орайда 2015-2016 оқу жылында «Сіз деген- әдеп,біз деген- көмек» тақырыбында аудан мұғалімдеріне сыныптан тыс шара өткізіп жоғары деңгейде бағаланды. 2016-2017 оқу жылында аудандық ашық есік күнінде «Дарындылық ты анықтау» тақырыбында баяндамам тыңдалды.Бастауыш сынып мұғалімдеріне 3 сыныптарға дүниетану пәнінен «Табиғат құбылыстары», «Өсімдіктердің көптүрлілігі» тақырыбында ашық сабақ өткізіп баспасөзге ұсынылып, республикалық «Бастауыш сынып» журналының №5 2016 жыл. санында жарияланды. Сабақтарымда әдістемелік тақырыбыма сай түрлі шығармашылық тапсырмалар орындалады және жеке, жұптық, топпен жұмыс түрлері жүргізіледі, сөздік қорларын молайтып, қиялын өз ойларын еркін жеткізе алады.. Қазіргі талап – оқушылардың білім деңгейін жан-жақты көтеру, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны практика жүзінде қолдана білу.. Тапсырмалар оқушы бойында танымдық әрекетін арттыратындай, сабақта алған білімдерін салыстырғанда, неғұрлым терең, тәжірибе жүзінде іске асыра білетіндей етіп ұйымдастырылады. Жұмыстың әрбір түрлері мен оларды жүргізу тәсілдері алған білім деңгейлерін тереңдетуде, оны оқушы санасына бекітуде маңызы ерекше. Сонымен дұрыс ұйымдастырылған жұмыс оқу-тәрбие үрдісінің бүкіл жүйесін белсендіруіне ықпал етеді.Оқушы жетістігі – ұстаз абыройы. Ұстаз еңбегі шәкірт жетістігі арқылы көрінеді. Қабілетті оқушыларды зерттей жүріп, олармен бірлескен тынымсыз еңбектің, шығармашылық ізденістің нәтижесінде шәкірттерімді биік белестерден көру мақсатым. Ұстаздық жолымдағы басты мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу, биікті бағындыру болса, қазіргі жетістіктерім – сол биік шыңға шығар жолдың алғашқы баспалдағы ғана деп білемін. Ол үшін әрине, үздіксіз еңбек пен шығармашылық шабыт маған серік болатынына сенімдімін. Сондықтан жоғарыда аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану – мұғалімнен үлкен шеберлікті, ізденушілікті, шығармашылықты талап етеді.Сондықтан бастауыш әлемін аралай жүріп шкірттеріме білімнің қыр- сырын санасына сіңіруге тырысып келемін. Бастауыш – сиқырлы әлем. Сол сиқырлы әлемнің кілтін тауып, шәкірт санасына сіңірсе – ұстаз сонда ғана бақытты.Өзімнің ұстаздық еткен 22 жыл еңбек өтілімде әр баланың жүрегіне жол тауып,дарындылығын анықтау деп білемін.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет