«Шығармашылық жоба» пәні оқу бағдарламасынан (силлабустан) көшірме


КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет5/7
Дата27.04.2023
өлшемі108,5 Kb.
#175616
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5.Шығармаш жоба, 4-5 кезеңдер, 14-15 апта

1.КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік істің әлеуметтік-экономикалық мазмұны
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу.
Ағылшын тілінен тікелей аударылғанда «бизнес» сөзі «кәсіпкерлікті» білдіреді. Іші пысқандықтан Том Сойердің дуалды бояған кездегісі «жұмыс» болған. Ол ақшаға бояй бастағанда - бұл «кәсіпкерлік» болған. Егер осы ұғымды кең мәнінде анықтап қарасақ, онда кәсіпкерлік - заңды және жеке тұлғалардың (кәсіпорындар, ұйымдардың) жүзеге асыратын қызметі, табиғи игіліктерді алу (жер қойнауларынан өнімдерді алғашқы өндіру), тауарларды өндіру, ие болу және сатып алу немесе басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету, қызметтер немесе мүдделес адамдардың өзара пайдасы мақсатындағы іс-әрекет [1].
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950жж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832жж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылышын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтың тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған [2].
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан бастап басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал-жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген.
Жалпы «кәсіпкерлік» ұғымы туралы экономикалық әдебиеттерде көзқарастар әртүрлі болғанымен олар бірін – бірі толықтырады және де кәсіпкерлікке байланысты анықтамалардың қалыптасып дамуы (эволюциясы) оның атқаратын нақты қызметтерінде көрсетіледі. «Кәсіпкер» туралы ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейін қандай теориялар мен тұжырымдамалар қалыптасқаны жөнінде біздің отандасымыз О. Ж. Әлиев ғылыми маңызды зерттеу жүргізіп, кәсіпкерліктің адамзат тарихында орын алған жеті кезеңін бөліп көрсеткен [3].
Алғашқы кезеңде көрсетілген «кәсіпкерлік – адамның қандай да бір іс - әрекетпен айналысуы» – деген түсінігі бүгінгі күнгі «кәсіпкерлікке» берілген анықтамалардан біршама өзгеше мән – мазмұнға ие екендігі айқын. Кәсіпкерлік туралы алғашқыдан кейінгі екі кезең ІХ – Х ғасырларда өмір сүрген орта ғасырлық араб ойшылдарының еншісінде.
Екінші кезең біздің дәуіріміздің ІХ – Х ғ-да өмір сүрген Аль-Ашари (873-935 жж.) атымен байланысты. Яғни, ашариттер (Аль-Ашариге қатысты), жәбраиттер (жәбр – арабша - еріксіз), кадариттер (кадар – арабша – қабілеттілік, құдіреттілік), мутазалиттер (арабша –айрықша, яғни еркін ойлайтын адамдар) кәсіпкерлік туралы Ислам діні шеңберінде ой толғап, тарихта алғашқы болып «Касб» тұжырымының негізін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Үшінші кезеңде аталған тұжырымды кеңейтілген түрде әйгілі орта ғасырлық араб ойшылы, оқымыстысы және мемлекет қайраткері Ибн – Хальдун (1332-1406 жж.) өз еңбектерінде «касб» («касабун») ұғымын одан әрі зерттеп, ол туралы өз тұжырымдамасын жасады. Ол кәсіпкерлікті меншікті иелік етумен, еңбекпен, адамның еңбекқорлығымен байланыстырады. Осыған орай, кәсіпкерлікті өмір сүру құралы («мааш»), баю құралы («райаш») ретінде қарастырады. Сонымен қатар, оның кәсіакерлік теориясы өзі қалыптастырған меншік («мульк»), тауар өндірісі және айырбас, қажетті және қосымша еңбек және өнім қағидаларымен тығыз байланыста болады [3].
Келесі, төртінші кезең ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басында өмір сүрген, жоғарыда атап өткендей, Р. Контильон атымен байланысты. Яғни, ол берілген анықтамада кәсіпкер – тәуекелге бара білетін адам, ал байлық көзі – экономикалық игіліктердің дәл бағасын анықтайтын жер мен еңбекте, - деп көрсеткен. Бұдан соң ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғ. басында француз экономисі Ж. Б. Сэй кәсіпкерлікті үш өндіріс факторының (жер, капитал, еңбек) бірігуінен тұрады деп қарастырады. Және сонымен қатар ол ағылшын кәсіпкерлерінің ерекшеліктерін Англия өнеркәсібінің жеткен жетістіктерінен көруге болатынын да айта кетті. Сэйдің негізгі тұжырымы кәсіпкерлердің өнім өндіруге қатысқан зор үлестерін айқындауында. Сэй «кәсіпкерлік табысты - кәсіпкердің еңбегі үшін алынатын сыйлығы», - деп есептеді, ал «кәсіпкердің өзі – қандай да бір өнімді өндіру үшін пайда табу мақсатында өз атынан тәуекелге бара алатын адам», - деп ұғынды [4].
Кәсіпкерліктің бесінші кезеңі И. А. Шумпетер (1883-1950 жж.) атымен байланысты. Ол «кәсіпкер» ұғымын жаңалық ашушы ретінде қарастырды. Оның негізгі қызметі экономикалық өсуді қамтамасыз етуде басты рөл атқаратын жаңашылдықты іске асыру деп түсінді. Яғни, жаңа бағыттарды ойлап тауып, іске асыратын шаруашылық субъектілерін кәсіпкерлер, - деп атады.
Ал, алтыншы кезең Л. Мизес, Ф. А. Хайек, И. Карцнерлермен байланысты. Бұл кезеңде, кәсіпкерді өзіндік ерекшеленген белгісімен іскерлік жүргізетін адам, ал кәсіпкерлік – экономикалық мүмкіндіктерді іздену мен зерттеу арқылы жүзеге асыру, - деп қарастырылған [5].
Соңғы, жетінші кезеңде кәсіпкерлікті қазіргі уақытта кең орын алған «менеджментпен» ұштастырады.
Кәсіпкерлік осы уақытқа дейін қалыптасқан «батыстық дәстүр» тұрғысынан алғанда ол пайда табуға бағытталған қандай да бір қызметтің белгілі бір түрін ресурстарды тиімді пайдалана отырып, ақыл – ой, зерделік меншікті және меншіктің басқа да нышандарымен ұштастырып, іскерлікті жүзеге асыру болып табылады. Ал, кәсіпкерлік қызмет – бұл меншік қатынасының әр түрлі нышандарының экономикалық жүйедегі белгілі бір әрекеті.
Кәсіпкерлік туралы аталмыш кең көлемді тұжырымдама шеңберінде оны ғылыми тұрғыдан жіктеп, жүйелі түрде қарастыруға да мол мүмкіншілік туады. Мысалы, О. Ж. Әлиев негіздеген «меншік – кәсіпорын – кәсіпкерлік» экономикалық «формуласын» негізге ала отырып, бүгінгі күні Қазақстан Республикасында орын алып отырған кәсіпкерлік тәжірибені терең зерттеп түсінуге болады. Әңгіме меншік, кәсіпорын, кәсіпкерлік тектерінің (түрлерінің, нышандарының) өзара сапалық байланысы мен өзара тәуелділігі туралы болып отыр.
Осы «формулаға» сүйене отырып, республикамызда кәсіпкерліктің ұлттық жүйесінің қалыптасу ахуалын зерттеп ұғыну методологиялық тұрғыдан біршама оңайға түседі. Нақты айтсақ, кәсіпкерліктің ұлттық жүйесінің үш классикалық тегінен (түрінен, нышанынан), яғни «мемлекеттік», «жеке», «дара», және екі бейклассикалық (классикалық емес) «ұжымдық» және «аралас» тектерінен (түрлерінен, нышандарынан) тұратынын айту керек [6].
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады:
-белгілі бір істің түрі;
-сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Кәсіпкерліктің мазмұнын терең түсіну үшін: тауарлар және қызмет көрсету, айырбас секілді басқа негіз болатын ұғымдарға қысқаша сипаттама берейік. Тауарлар - айырбасқа арналған физикалық, материалдық заттар. Қызмет көрсету сезілмейді және көрінбейді. Қызмет көрсетуге: банк ісі, сақтандыру, көлік, туризм жатады. Оларға сонымен қатар қоғамдық қоректену және ойын-сауық саласы да жатады. Оларды тауарларды сату, мысалы жеткізу, орнату, (кір жуатын машиналар сияқты өнеркәсіп жабдықтарға немесе немесе электр тұрмыстық құралдарға) сатқаннан кейінгі қызмет ету. Қызметтердің басқа түрлері тауарларды өткеруге жағдай жасай алады: жарнама сатып алушыға оған қажетті ақпаратты мүмкіндік береді, несие беру еңбегіне ақы төлеуді жеңілдетеді.
Сайып келгенде, кәсіпкерлік - нәтижесі табыстарды алу және нақтылы тұтынушының, сондай-ақ жалпы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру болып келетін әрекеттердің, процестердің, өзара қатынастардың жүйесі. Осы жүйе бөлек элементтер (мысалы, кәсіпорын ішіндегі бөлек бөлімшелер арасында), сондай-ақ сыртқы орта (мысалы, шикізат жеткізушілер немесе салық қызметі) арасында табысты тұрақты айырбастың арқасында жұмыс жасайды. Ал, жүйе жұмыс істеуі үшін орасан зор ой және дене саласындағы кұш-жігер керек [6]. 
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер (корпорациялар).
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
-дербестік және тәуелсіздік;
-экономикалық ынталылық;
-шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
-жаңашылдық.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жете түсінуі керек. Экономикалық тиімділік – бұл «шығын-өнім» мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы (өлшемі) әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол үшін ресурстарды толық ісіке қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық қамтамасыз ету қажет. Сондықтан «толық қамтылу» деген экономикалық терминді түсіндіріп кетелік [7].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет