«Шығармашылық жоба» пәні оқу бағдарламасынан (силлабустан) көшірме



бет1/7
Дата27.04.2023
өлшемі108,5 Kb.
#175616
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5.Шығармаш жоба, 4-5 кезеңдер, 14-15 апта


«Шығармашылық жоба» пәні оқу бағдарламасынан (силлабустан) көшірме
(14-ші және 15-ші апталарға тапсырмалар)


1.Тапсырма №1:
Шығармашылық жобаларды аяқтап, рәсімдеу, Антиплагиаттан өткізу (яғни, 4-ші және 5-ші кезеңідердегі жұмыстар);
2.Таспырма №2:
Шығармашылық жобаларды аяқтап, рәсімдеп, басып шығару (12-17 бет) және ол бойынша слайд-презентация дайындау (5-7 слайд-бет)
ДЕДЛАЙН: 2023.04.26 – 2023.05.04!!!
6. Өзбетіндік жұмыстар тапсырмалары
«Шығармашылық жоба» пәні бойынша студенттің өзбетіндік жұмыстарының түрлері (СӨЖ) және оларды орындауға қойылатын негізгі талаптар
6.1.Студенттің өзбетіндік жұмысы (СӨЖ) келесі жұмыс түрлерін қамтиды:
- пәннің әр тақырыбы бойынша негізгі және қосымша әдебиеттерді зерделеу және конспекттеу;
-пән тақырыптарының тізімінен студенттің таңдауы бойынша рефераттық жұмыстарды (реферат-конспект, реферат-шолу, реферат-баяндама және т.б.) орындау (Силлабусты қараңыз, 6.4-тармақ.);
-пән тақырыптарының тізімінен студенттің таңдауы бойынша слайдтар мен презентацияларды әзірлеу және орындау (Силлабусты қараңыз, 6.3-тармақ.);
-шығармашылық жоба - бұл студенттің ғылыми-зерттеу жобасы (ШЖ-СҒЗЖ); тақырыпты студент таңдауы бойынша анықтайды және ұсынады – оқу бағдарламасының немесе мамандықтың пәндерінің өзекті мәселелері бойынша, сондай-ақ студентті қызықтыратын кез-келген мәселе бойынша;
-шығармашылық жоба - ШЖ-СҒЗЖ тақырыбы бойынша ғылыми мақаланы жариялауға дайындау немесе жобалардың келесі түрлерін (әлеуметтік жобалар, саяси жобалар, бизнес-жобалар, коммерциялық жобалар, инвестициялық жобалар және т. б.) әзірлеу және орындау;
Әрбір студент осы пән бойынша орындауға міндетті СӨЖ нысандары:
-пәннің әрбір тақырыбы бойынша негізгі және қосымша әдебиеттерді зерделеу және конспекттеу (қолжазба конспект, қағаз форматта);
-оқу бағдарламасы немесе мамандық пәндерінің өзекті мәселелері бойынша, сондай-ақ студентті қызықтыратын кез келген мәселе бойынша шығармашылық жобаны- ШЖ-СҒЗЖ әзірлеу және орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет