Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Облыстық білім сапасын бағалау қызметі


Неліктен саз балшық түйіршігі соншалықты көп уақыт қобдидің ішінде жатты?



бет3/3
Дата09.04.2020
өлшемі1,07 Mb.
#62106
1   2   3
Байланысты:
1 нұсқа
КТЖ Көркем еңбек 3 сынып, Қаржы жүйесінің мәні, Мемлекеттік бюджет, Мемлекеттік бюджет

2. Неліктен саз балшық түйіршігі соншалықты көп уақыт қобдидің ішінде жатты?

_____________________________________________________________________________________________________________________________
3. Әңгіменің басында саз балшық түйіршігі не жайлы армандап отырды?

_____________________________________________________________________________________________________________________________
4. Саз балшық түйіршігін,ақыры,қобдидің ішінен не үшін алып шықты?

А) Барлық қалған түйіршіктерді алып алған

В) Бұл түйіршік қалған саз балшық түйіршіктерінің үстінде жатты

С) Балаға бұл түйіршік ерекше ұнап қалғандықтан алды

Д) Мұғалім балаға жұмыс істеу үшін дәл осы түйіршікті алсын деді
5. Бала нені дұрыс істеген жоқ?

А) Ол саз балшықты қыш дөңгелегінде тастап кетті

В) Ол дөңгелекті бар күшімен айналдырды

С) Ол саз балшықты терезенің жанында тастап кетті

Д) Ол саз балшықты илеп,шар жасап қойды
6. Бала саз балшық түйіршігін қауіптілікте қалдырып кетті.Қауіп неден болды?

_____________________________________________________________________________________________________________________________


7. Бала қыш-құмыра шеберханасынан кетіп қалғаннан кейін,саз балшық түйіршігі нені сезінді?
А) қанағаттанды

В) қорқып қалды

С) ашуланды

Д) мақтаныш сезімі биледі



8. Ұзақ уақыт бойы терезенің жанында жатқаннан кейін,саз балшық түйіршігі қандай ғажайып нәрсеге тап болды?Неге бұл оған соншалықты маңызды болды?

_____________________________________________________________________________________________________________________________
9. Әңгімедегі қандай сөздер кішкентай қыз баланың не жасағысы келетінін білгенін көрсетеді?

А) «оның саусақтары тамаша болып көрінді»

В) «Кішкентай қыз бала терезенің жанында жатқан саз балшық түйіршігін көріп қалды»

С) «Қыз бала оны абайлап ұстап тұр»

Д) «оның қолдары белгілі бір мақсатпен қозғалып жатты»
10. Әңгіменің басында және соңында саз балшық түйіршігі әр түрлі сезімдерге бөленді.Оларды сипатта.Сезімдері неліктен өзгергенін түсіндіріңіз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________


11. Кішкентай қыз бала-бұл әңгімедегі маңызды кейіпкер.Қыз бала рөлінің маңыздылығын,қандай оқиға болғанын түсіндіріңіз.

______________________________________________________________________________________________________________________________


12. Әңгіменің авторы саз балшық түйіршігі туралы тірі жандай әңгімелейді.Ол саған мұнымен нені көрсеткісі келіп тұр?

А) жауын-шашын астында қалу деген қандай екенін

В) саз балшық түйіршігінің сезімі барын

С) саз балшықпен жұмыс істеудің не екенін

Д) бір нәрсені өз қолымен жасағанда,қандай сезімге бөленетінін
13.Бұл әңгіменің басты ойы қандай?
А) адамдар саз балшыққа ұқсас: оларды өзгертуге және пішіндеуге болады.

В) дүниеде қайғы көп

С) кез-келген нәрсе өз орнын тапқанда, өзін бақытты сезінеді

Д) қыш-құмыра өнері-осы өмірде жақсылық жасаудың ең жақсы тәсілі




Тапсырма 2 Алып тіс құпиясы

Ақпараттық мәтін
Қазбалар-бұл көптеген жылдар бұрын Жер бетінде мекендеген қандай да бір жаратылыстың сүйегі немесе өсімдіктің қалдығы. Адамдар мыңдаған жылдар бойы жартастар мен құздардан және өзендердің маңынан тасқа айналған жануарлар мен өсімдіктерді тапқан. Енді, осы тасқа айналғандардың кейбіреуі динозаврлар болғанын білеміз.

Баяғы заманда сүйекті тапқан адамдар оның ненің сүйегі екенін білмеген. Кейбіреулері үлкен сүйектерді гиппопотам немесе пілдер сияқты өзі көрген немесе оқыған үлкен жануарлардың сүйегі деп ойлаған. Бірақ, адамдар тапқан кейбір сүйектер ең үлкен гиппопотам немесе пілді алатын болсақ та,тым үлкен болған еді. Осы алып сүйектер кейбір адамдарды алыптардың барына сендірді.



Жүздеген жылдар бұрын Францияда Бернард Палисси атты адам басқа нұсқаны ойлап тапты. Ол қыштан бұйымдар жасайтын белгілі шебер болған еді. Бір күні қыш құмыра сомдай отырып, саз балшықтың ішіндегі көп ұсақ сүйектерді байқап қалды. Оларды мұқият зерттеп,тірі тіршілік иелерінің сүйектері деп сипаттады. Бұл жаңалық болған жоқ. Алайда Бернард Палисси осы тіршілік иелерінің кейбіреулері ендігәрі жер бетінде мекендемейтінін, толығымен жойылып кеткенін жазған болатын. Олар толығымен жойылып кетті. Олар қырылып қалды.

Палисси өз жаңалығы үшін марапатталды ма? Жоқ! Оны мұндай ойлары үшін түрмеге жауып тастады.

Уақыт өте кейбір адамдар әлемнің біздің заманымызға дейін қандай болғаны туралы жаңа идеяларды ашық айта бастады.

Содан соң, 1820 жылы Англияда үлкен тасқа айналып кеткен тіс табылды. Сүйектер жөніндегі сарапшы Джидеон Мантелдің әйелі Мэри Анна Мантел серуендеп жүргенде алып тасқа айналған айналған тіс сияқты болып көрінген бірдемені көрген. Мэри Анна Мантел, мұндай үлкен тістің өте сирек кездесетінін біліп, күйеуіне көрсету үшін тісті үйіне алып келді.

Джидеон Мантел тасқа айналған тісті алғаш көргенде, тіс шөпқоректі жануардың тісі деп ойлады, себебі ол тегіс және тыртықшалары болған.

Ол азығын шайнаудан мүжіліп қалған еді.

Ол пілдің тісіндей үлкен болатын.Бірақ пілдің тісіне ұқсамайды.Тістің нобайы табиғи шамасына сәйкес бейнеленген.

Джидеон Мантел тіске бекітіліп қалған тас кесектерінің өте ескі болғанын айтқан. Ол бұл тастың түрі рептилияның сүйектері табылған жердегі тас түрі екенін білген еді. Осы тіс сондай азықпен қоректенген алып,шөпқоректі рептилияның тісі болуы мүмкін бе? Енді мүлдем жер бетінде мекендемейтін рептилияның тісі ме?

Джидеон Мантел расында табылған зат жайлы ойланып қалды. Ол өзі білетін рептилияның ешқайсысы да өз азығын шайнамайтынын білетін. Рептилиялар азығын жұтып қоректенеді және тістері тозбайды. Бұл құпияға айналды.

Джидеон Мантел тісті Лондон мұражайына апарып, басқа ғалымдарға көрсетті. Мұндай тіс алып рептилияның тісі деген Джидеон Мантелдің тұжырымымен ешкім келіскен жоқ.

Джидеон Мантел дәл осындай алып тісті рептилияны табуға тырысқан еді. Ұзақ уақыт ештеңе таппады. Сөйтіп бір күні игуаналарды зерттеп жүрген ғалымды кездестірді.



Игуана-Орталық және Оңтүстік Америкада табылған үлкен шөпқоректі рептилия. Оның ұзындығы 1,5 метрден астам болуы мүмкін. Ғалым Джидеон Мантелге игуананың тісін көрсетті. Ақыры тапты! Бұл әлгі жұмбақ тіске ұқсайтын тірі рептилияның тісі болды. Тек тасқа айналған тіс біраз үлкенірек болды.

Игуана Джидеон



Мантелдің дәптерінен алынған игуана тісінің суреті

Енді, Джидеон Мантел тасқа айналған тіс игуана сияқты жануарға жататынына көз жеткізді.Тек оның ұзындығы 1,5 метрден әлдеқайда ұзын екенін болжады.Джидеон Мантел оның ұзындығы 30 метрге жететініне сенді.Оны Игуанодон деп атады,бұл «игуананың тісі» дегенді білдіреді.

Джидеон Мантелде Игуанодонның толық қаңқасы болған жоқ.Бірақ,жылдар бойы жинаған сүйектерді пайдалана отырып,олардың түрі қандай екенін анықтауға тырысты.Оның болжамы бойынша,жануар төрт аяқты болған.Оның ойынша,ұшы үшкір сүйек мүйізі болған.Ол мұрынында мүйізі бар Игуанодонның суретін салды.

Джидеон Мантел Игуанодонды дәл осылай елестеткен.

Бірер жылдардан кейін, Игуанодонның бірнеше бүтін қаңқалары табылды. Олардың ұзындығы бар болғаны 9 метрге жуық. Сүйектеріне қараса бір кездері артқы аяқтарымен жүргені анықталды.Сонымен қатар Джидеон Мантелдің мүйіз деп болжағаны,расында «үлкен бақайындағы» үшкір дөңес болып шықты. Осы жаңалықтарға сүйене отырып, ғалымдар Игуанодонның қандай болғаны жайлы пікірлерін өзгертті.



Джидеон Мантел бірнеше қателік жіберді. Бірақ сонымен қатар маңызды жаңалық ашты. Оның алғашқы ойы бойынша, қазбаның тісі шөпқоректі бауырымен жорғалаушыларға жататын болғандықтан, ол өз идеяларының дұрыстығын дәлелдеу үшін фактілер мен айғақтар жинауға көп жыл еңбектенді. Дәлелді болжам жасай отырып, Джидеон Мантел бұрынғы заманда аса ірі бауырымен жорғалаушылардың жер бетінде өмір сүргенін көрсеткен алғашқылардың бірі болған еді. Бірақ кейіннен олар қырылып қалған.

Осыған дейін жүздеген жылдар бұрын, Бернард Палисси дәл осындай жаңалық ашқаны үшін түрмеге жабылған еді. Ал Джидеон Мантел болса әйгілі болып кетті. Оның жаңалығы осындай алып бауырымен жорғалаушылар туралы көбірек білгісі келген адамдардың қызығушылығын тудырды.

1842 жылы Ричард Оуэн атты ғалым, қырылып бара жатқан бауырымен жорғалаушыларға өз атауы керек деп шешті. Ол жануарларды Динозаврлар деп атады. Бұл «қорқынышты үлкен кесіртке» дегенді білдіреді. Бізде оларды «динозаврлар» деп атаймыз.
«Алып тіс құпиясы» мәтіні бойынша сұрақтар

1. Қазба дегеніз не?

А) жартастар мен құздардың беті

В) алыптың сүйектері

С) ежелгі тірі жандардың сүйектері

Д) пілдің тістері
2. Мақалаға сәйкес,неліктен бұрынғы заманда кейбір адамдар алыптарға сенген?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Бернард Палисси қазбаларды қайдан тапты?

А) Құздан С) өзеннің жағасынан

В) саз балшықтан Д) жалғыз аяқ жолдан
4. Бернард Палиссидің жаңа идеясы қандай болды?

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


5. Неліктен Бернард Палиссиді түрмеге отырғызды?

А) Адамдар жаңа идеяға дайын болмады.

В) Ол Джидеон Мантелдің идеясын қабылдады.

С) Ол кіп-кішкентай сүйектерді саз балшықта тастап кетті.

Д) Францияда қазбаларды зерттеуге тыйым салынған еді
6.Тасқа айналған тісті Англиядан кім тауып алды?

А) Бернард Палисси С) Ричард Оуэн

В) Мэри Энн Мантел Д) Джидеон Мантел
7. Тасқа айналған тісті жаңылыстырған рептилиялар туралы Джидеон Мантел не білген?

А) Бауырымен жорғалаушылардың тісі болмайды.

В) Бауырымен жорғалаушылар жартастар астынан табылған.

С) Рептилиялар бұрынғы заманда өмір сүрген.

Д) Рептилиялар азығын шайнамай жұтып жейтін.

8. Джидеон Мантелдің ойынша,тіс әр түрлі жануарлар түріне жатуы мүмкін. Осылай ойлауына не себеп болғанын көрсету үшін кестені толтырыңыз.


Жануарлардың түрі

Неліктен мұндай ой келді

























9. Неліктен Джидеон Мантел тісті мұражайға апарды?

А) табылған зат мұражайға жарайтынын білу үшін

В) қазбалар жөніндегі сарапшы екенін дәлелдеу үшін

С) идеясы жайлы ғалымдардың пікірін есту үшін

Д) тісті мұражайдағы басқа тістермен салыстыру үшін
10. Ғалым Джидеон Мантелге игуананың тісін көрсетті.Неліктен бұл Джидеон Мантел үшін соншалықты маңызды болды?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


11. Игуанодонды болжамдап көрсеткісі келгенде Джидеон Мантел нені қолданды?

А) өзі жинаған сүйектерді

В) басқа ғалымдардың идеяларын

С) Кітаптағы суреттерді

Д) басқа бауырымен жорғалаушылардың тісін
12. Игуанодонның екі суретіне қараңыз. Бұдан не түсіндіңіз?

______________________________________________________________________________________________________________________________


13. Кейінгі жаңалықтар Джидеон Мантел Игуанодонның қандай болғанын дұрыс суреттемегенін дәлелдеді.Кестені толтырыңыз.


Джидеон Мантелдың ойынша Игуанодонның түрі қандай болды

Қазіргі заманғы ғалымдардың пікірінше, Игуанодонның түрі қандай болды


























14. Табылған заттың қайсысы Игуанодонның түрі қандай болғаны жайлы Джидеонның қателескенін көрсетті?

А) көптеген тасқа айналған тістер

В) ғылыми суреттер

С) тірі Игуанодондар



Д) бүкіл қаңқасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет