Шығыс философиясындaғы aдaм мәселесі орындаған: Булекова У. А


– ақиқат: өмір – азап шегу, қайғы-қасірет



бет4/8
Дата08.02.2022
өлшемі2,43 Mb.
#120297
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Шығыс ф-дагы адам Булекова

1 – ақиқат: өмір – азап шегу, қайғы-қасірет.
Қасірет шегудің психологиялық негізі үміт пен үрейдің байланысында. Дамыған буддалық ілімдерде азап шегу космостық тұрғыдан ашылады: ол – дхармалардың шексіз “толқыны”, тасқыны .Дхарма – бұл материя мен сананың бірін-бірі алмастыратын элементтері, заң.
2 – ақиқат: азап шегудің себептері бар. Екінші ақиқатында азап шегудің қайнар көзі – тілектер, қалаулар, құмарлықтар деп көрсетіледі. “Дхаммапада” тексттерінде мынадай сөздер бар: “Алтын теңгеден жауын жауса да, құмарлыққа тоят жоқ. Құмарлық күйзелуге әкеп соғады, одан қуаныш аз. Осыны білген адам – данышпан”.
3 – ақиқат : азап шегуден құтылу бар. Үшінші ақиқат - құмарлықты басу, тию. Құмарлық басылғанда нирванаға қол жеткізуге мүмкіндік пайда болады. “Нирвана” санскриттен аударғанда суу, өшу, сөну дегенді білдіреді. Нирвана – бұл этикалық идеал, психологиялық күй, сыртқы болмыспен салыстырғанда ішкі болмыстың толықтанып бітуі, сыртқы дүниеден қол үзушілік. Нирвана – жанның әбден дамыған күйге жетуі туралы идея.
4 –ақиқат: азап шегуден құтылуға апаратын жол бар. Төртінші ақиқат – қайғы қасіретті жоюдың жолы бар.
Буддизмнің өзекті мазмұны – Будданың “төрт ақиқаты” туралы өсиеттері:
Аталған сатылы сегіздік жол – рухани өрлеудің жолдары. Буддизм қайғы-қасіреттен арылуды тек имандылықты жетілдіруден іздеп, оған өмірден бас кешу, нирванаға берілу жолымен ғана қол жеткізуге болады деп түйді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет