Шымкент көлік, коммуникация



бет14/26
Дата01.08.2017
өлшемі4,54 Mb.
#22451
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТТІҢ

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
Оқу жылының басында барлық циклдік комиссиялардың жоспарлары: - Ц/к жылдық жоспарлары;

- ц/к мәжіліс жоспарлары;

- оқу жылы барысында ц/к оқытушыларының іс-шаралары мен ашық сабақтарының өткізу мерзімдерінің кестелері;

- әдістемелік талдаулары мен баяндамаларының өткізу мерзімдерінің кестелері;

- ц/к оқытушыларының өзара сабаққа ену кестелері;

- үйірме жұмыстары мен олимпиада жоспарлары;

- әдістемелік кабинеттің жылдық жұмыс жоспары;

- колледж оқушыларының білім сапасын көтеру мақсатында іс-шаралар жоспары;

- жалпыкәсіптік, арнайы пәндерді оқытудың сапасын арттыру мақсатында іс-шаралар жоспары;

- колледжге жаңадан қабылданған оқытушылар, жас оқытушылар және инженер-педагогтарға арналған «Жас оқытушылар мектебінің» жоспары талапқа сай құрылып, бекітілді. Сондай-ақ жас оқытушыларға тәлімгерлер тағайындалып, олардың жас оқытушылармен жүргізілетін жұмыс жоспарлары құрылып, бекітілді.

Биылғы, 2014-2015 оқу жылында жоспарланған 5 әдістемелік кеңестің отырысы белгіленген мерзімдерде өткізіліп келді.

Әдістемелік кеңестің №1 мәжілісі 10.09.2014ж. күні өткізілді. Мәжілісте әдістемелік кабинеттің 2014-2015 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырылды және алда атқарылатын негізгі міндеттер мен мақсаттар айқындалынды.

Сонымен қатар 2014-2015 оқу жылында біліктілік санаттарын көтеру үшін өтініш білдірген оқытушылар тізімімен және олар жөніндегі мәліметтермен таныстырылды.

Оқытушыларды колледжішілік педагогикалық аттестаттаудан өткізу комиссиясы мен сараптамалық топ құрылып, бекітілді. Жоғары санатты растауға – 3 оқытушы; жоғары санатқа – 3 оқытушы; І- санатқа – 5 оқытушы; ІІ-санатқа – 16 оқытушы өтініш беріп, колледжішілік аттестаттау комиссиясының 2015ж. «06 »_05._№_78Б/і бұйрығы және ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының 2015ж. «_30__» 06. №680 бұйрығына 25 қосымша бойынша өтініш берген санаттарын иеленді.

Қазан айында директордың 08.10.2014ж. күнгі нөмірі 182 Б/і бұйрығына сәйкес «Оқу процесінің талапқа сай жүргізілуін бақылау» мақсатында арнайы рейдттер ұйымдастырылып, оқушылардың сабаққа қатысуымен қатар оқытушылардың ОӘК-н талапқа сай қамтамасыз етуі және сабақ өту барысы мен сабақ процесінің талапқа сай өтуі қадағаланып, отырылды.

Ц/к оқытушыларының бекітілген кестеге сәйкес ашық сабақтары мен іс-шараларына қатысып, талдау жасалынып, кездескен кемшіліктер бойынша әдістемелік көмектер көрсетіліп отырылды. Сондай-ақ, оқытушылардың өткізген ашық сабақтары мен іс-шараларының әдістемелік талдаулары әдістемелік кабинеттегі портфолиоларына салынды.

Сонымен қатар, арнайы кесте бойынша ц/к-ң оқытушыларының әдістемелік талдаулары мен баяндамаларын, өзара сабаққа ену парақтарын ай сайын өз мерзімінде әдістемелік кабинеттегі портфолиоларына салынды.

Оқу жылында 9 циклдік комиссия апталықтарын жоғары деңгейде өткізіп, апталықтардың есебі мен материалдары әдістемелік кабинетке өз мерзімінде өткізілді.

2014-2015 оқу жылына талапкерлерді тарту мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру жоспарына сәйкес, БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс жасай отырып арнайы іс-шараларды жергілікті телеканалдарға және газет беттеріне жариялау жұмыстары да жүргізіліп отырылды. Айта кетер болсақ, облыстық ішкі саясат басқармасы Әлеуметтік бастамалар орталығы қызметкерлерінің ұйытқы болуымен Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде өңірдің дінтанушы мамандары студент жастармен кездесу өткізді, бұл кездесу Шымкент келбетінің №44, 31.10.2014ж күнгі газетіне жарияланды, сондай-ақ, осы іс-шараны түсіруге ТVК жергілікті телеканалы шақырылды.

Сонымен қатар «Инновациялық білім беру – басты назарда» - тақырыбында колледж директоры Гүлзат Үкібайқызының мақаласы Оңтүстік Рабат газетінің №49, 03.12.2014ж. күнгі газетіне жарияланды.

Сондай-ақ, циклдік комиссия оқытушылары да өздерінің пәндеріне қатысты мақалаларын БАҚ беттеріне жариялап отырды. Ц/к оқытушыларың БАҚ беттеріне жарияланған жалпы саны 62 мақаланың көшірмесі ц/к-дың жылдық қорытынды есебімен қоса әдістемелік кабинетке өткізілді.

Әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес колледжде бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:



12.09.2014ж. күні «Жас оқытушылар мектебінің» бірінші семинары өткізілді. Семинарда жас оқытушыларға оқу-тәрбие процесін жүргізуге қажетті жан-жақты мәліметтер беретін баяндамалар оқылды, оқу-әдістемелік бағыт-бағдарлар, кеңестер берілді. Семинардың бағдарламасы мен материалдары жинақталынып арнайы папкаға салынды.

28.11.2014ж. күні «Курстық және дипломдық жобаның сапасын арттыру» тақырыбында диплом және курстық жоба жетекшілері мен арнайы пән оқытушыларының қатысуымен семинар өткізілді.

18.12-20.12.2014ж. күндері аралығында колледжішілік пәнаралық олимпиада талапқа сай ұйымдастырылып өткізілді. Колледжде жүлделі І-орынды иеленген оқушылар 11.04. және 17.04.2015ж. күндері өткен ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен облыстық пәндер олимпиадасына қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:



Химия пәні бойынша Ж.Байділдаеваның дайындаған оқушысы З.Махамаджанов І-орын;

Математика пәні бойынша Н.Сақбаеваның дайындаған оқушысы Б.Қараманов ІІ-орын;

Информатика пәні бойынша Г.Саханованың дайындаған оқушысы М.Төленбай ІІ-орын;

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Ж.Баймуханованың дайындаған оқушысы Ж.Күнпейісов ІІІ-орынды иеленді.

23.02.2015ж күні әлеуметтік серіктестер мен арнайы пән оқытушыларының қатысуымен «Дуалды оқытудың жол картасын іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

08.01.-14.01.2015ж. күндері аралығында 9 циклдік комиссияның ОӘК-нің талапқа сай орындалуын тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысынды кездескен кемшіліктер талқыланып, қайта түзету мерзімдері беріліп, жұмыстар жүргізілді.

- 26.01.-30.01.2015ж. күндері аралығында «Таным-өнер-спорт» байқауы өткізіліп, төмендегідей нәтижелер анықталынды.

І-дәрежелі ДИПЛОМ:

1203000 мамандықтарының арнайы пәндер циклдік комиссиясы

Жалпыкәсіптік пәндер циклдік комиссиясы

ІІ-дәрежелі ДИПЛОМ:

Жалпыбілім пәндер циклдік комиссиясы

1202000, 1410000 мамандықтарының арнайы пәндер циклдік комиссиясы

ІІІ-дәрежелі ДИПЛОМ:

1201000, 1107000 мамандықтарының арнайы пәндер циклдік комиссиясы

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер циклдік комиссиясы

Номинациялар:

Тіл пәндері циклдік комиссиясы

Дене және әскери патриоттық тәрбиелеу циклдік комиссиясы

1108000, 1303000 мамандықтарының арнайы пәндер циклдік комиссиясы


17.03.2015ж. «Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұрпақ мақтанышы» тақырыбында колледжішілік ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

11.04.2015ж. күні А.Ақмолдаев басқаратын 1201000, 1107000, мамандықтарының арнайы пәндерінің циклдік комиссиясының ұйымдастырумен «Үздік автомеханик-2015» байқауы өткізілді.

13.05. - 15.05.2015ж. күні Облыс деңгейінде өткізілген «Жыл шебері-2015» байқауына 1202000, 1410000 мамандықтарының арнайы пәндерінің циклдік комиссиясының оқытушысы А.Шаланова қатысып, ІІ-ші жүлделі орынды иеленді.

15.06.2015ж «Үздік педагог» байқауы өткізілді. Нәтижесінде:

Байқаудың қорытынды нәтижесі бойынша үздіктері анықталынды:

1. Байділдаева Жанна Тұрсынханқызы – 195,2 ұпай санымен – І-орынды иеленді.

2. Абдразақова Перизат Рысқұлбекқызы – 192,4 ұпай санымен – ІІ-орын иеленді.

3. Балғабаева Перизат Сейтмаханбетқызы – 181,4 ұпай санымен ІІІ-орын иеленді.

4. Молдабек Гулмира Төлешқызы - «Өнерлі» номинациясымен;

5. Нұрданов Нұржан Нұралыұлы – «Жаңашыл» номинациясымен;

6. Тәжібекова Гүлназ Сансызбайқызы – «Шығармашыл» номинацияларымен марапатталды.

Сондай-ақ, «Үздік кабинеттер мен зертханалар, шеберханалар» байқауы өткізіліп, колледждің ең үздік кабинеттері анықталынды.

Оқу жылының соңында 9 циклдік комиссияның «Ашық есеп беру отырысы» өткізіліп, атқарылған жұмыстар мен алдыңғы оқу жылының жоспарына ендіру ұсыныстары қаралды. Сонымен қатар, Білім беру қызметі бойынша оқытушылардың Рейтингтік картасы қабылданды. Нәтижесі арнайы кестеде көрсетіліп, стенд түрінде шығарылды.

Директордың ОӘІЖ орынбасары Ж.С.Қамбарбеков
Әдіскер Ф.А.Тургумбаева
11-кесте

2014-2015 оқу жылында орындалған оқу-әдістемелік жұмыстар туралы мәлімет




Циклдік комиссия атауы

Әдістемелік жұмыс

Әдістемелік

баяндама


Оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар

Стандарт

Оқу-жұмыс жоспары

Типтік бағдарламалар

Тәрбиелік іс- шаралар бойынша әдістемелік

жұмыстар


Өткізілген апталықтар

Ашық сабақтар

Өзара дәріске қатысу

Циклдік комиссия төрағалары мен төрайымдары

Жоспар бойынша

Орын--

дал--


ғаны

Жоспар бойынша

Орын-

дал- ғаны



Жоспар бойын-ша

Орын- дал- ғаны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

1

Тілдер пәндерінің ЦК-сы

13

12

17

14

4

1

32

7

13

13

2

16

164

Найманбаева Р.

2

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер ЦК-сы

10

10

10

10

-

-

-

-

5

5

1

10

200

Ешимов Р.А.

3

Жалпыбілім пәндері ЦК-сы

6

6

6

6

5

1

18

4

10

10

1

18

140

Сақбаева Н.

4

Жалпыкәсіптік пәндер ЦК-сы

13

13

13

13

23

1

30

9

13

13

1

20

360

Кушерова Т.

5

1202000, 1410000 мамандықтарының арнайы пәндерінің ЦК-сы

44

44

44

44

35

1

28

28

12

12

1

24

420

Актуреева Ж.

6

1203000 мамандығының арнайы пәндерінің ЦК-сы

13

13

7

7

3

-

-

-

4

4

1

13

144

Алтынбеков С.

7

1108000, 1303000

мамандықтарының арнайы пәндерінің ЦК-сы



12

12

12

12

4

1

40

40

10

8

1

24

200

Ниязов М.

8

1201000, 1107000 мамандықтарының арнайы пәндерінің ЦК-сы

18

18

18

18

4

2

23

23

18

18

1

34

321

Ақмолдаев А.

9

Дене және

әскери-патриоттық тәрбиелеу

ЦК-сы


10

8

10

8

-

-

1

1

-

-

1

16

192

Жаңабаев Қ.




Колледж бойынша

139

136

137

132

78

7

172

112

85

83

10

175

2141




Әдістемелік орталық

Оқушылардың кәсіптік машықтануы

және кәсіпкерлік қызметтер

2014-2015 оқу жылында колледжде кәсіптік практикалар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 05.04.2004 ж., № 287 бұйрығына қосымша орта кәсіптік оқу орындарында кәсіптік практикаларды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемелік нұсқаулары негізінде, оқу стандарттары мен жоспарларына сәйкес ұйымдастырылды.

Колледжде дайындалатын мамандықтардың барлығы мемлекеттік стандартқа сәйкес, оқу жоспарлары бойынша оқытылды. Осы оқу жоспарлары мен практикалардың типтік бағдараламалары негізінде жұмыс оқу бағдарламалары жасалынып, қазіргі кезде оқу процесінде қолданылып жатыр .

Оқу практикалары оқу жоспарларына сәйкес, колледждің гараж кешеніндегі шеберханасында, компьютер кабинеттерде және арнайы келісім-шарттарға сәйкес өндірістік мекемелерде өткізілді.

2014-2015 оқу жылында колледж ұжымы оқу практикаларын ұйымдастыру мен өткізуді жақсарту мақсатында келесі іс-шараларды құрастырды:


  1. Жаңа мамандықтар бойынша пракатикалардың барлық түрінен жұмыстық бағдарламаларды түзу;

  2. Колледждің оқу шеберханасында өткізілетін оқу практикаларын сапалы жүргізу үшін қажетті құрал-саймандармен жабдықтау;

  3. Өндірістік-технологиялық машықтанулардың сапасын арттыру үшін автокөлік, жол құрылыс мекемелері мен ұйымдарында ашылған оқу-өндірістік кешендерінің (кафедра филиалдарын) мүмкіндіктерін пайдалану.

  4. Оқу практикасын сапалы жүргізу мақсатында шеберхананы жаңа станоктармен толықтыру.

Өндірістік-технологиялық және диплом алды машықтанулар бағдарламалардың талаптарына сәйкес (толық көлемде) келесі кәсіпорындар мен ұйымдарда өткізіледі: «КазМашинери» ЖШС, «Береке КиТ» ЖШС, «Автоарт ЛТД» ЖШС, «Сункар» ЖШС, «КиУ» ЖШС, «Эрик и СО» ЖШС, «Ордабасы» ЖШС, «Оңтүстіқжоллаборатория» ММ, «Есимбек Сервис» ЖШС, «Казатомпром - Демеу» ЖШС, «Базис-К» ЖШС, «Строй Юг Грунт» ЖШС, «АзияФормат» ЖШС, «ШДРХ» ЖШС, «ЛТД Турмыс» ЖШС, «Туркестан Жол Сервис» ЖШС, «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС, «Туркестан Транс Строй Сервис» ЖШС, «Арғымақ» ЖШС, «MAN-Оңтүстік» ЖШС, ӨК «Меркурий», ЖАҚ ҰҚ «Қазақстан темір жолы» Шымкент бөлімі, Қазықұрт станциясы, «Шымкент-Шам» ЖШС, «Шымкенттранстелеком» АҚ, «Шымкентдорстрой» ЖШС, «ШымкентРемСервис» ЖШС, «Арыс пайдалану вагон депосы» АҚ, «Экспресс» ЖШС, «Жибек-жолы 2008» ЖШС, «Сигма-такси» ЖШС, «Шымкент ШАМ» ЖШС, «ФКО Транс» ЖШС, «ШымРемСервис» ЖШС, «ЯНС-2»ЖШС, «ГосНПЦзем» РКМ ОҚ, «Южавтотранс» Ассоциациясы, «Нұр-Қуаныш» ЖШС, «Галиев и К» ЖШС, «МАН-Онтустик», «Мусаева» ЖК,«Хусанов М.Б.» ЖК, «Автокомбинат №4-Нур» ЖШС,«GreenBus» ЖШС.

Сонымен қатар колледжде 07.06.2014 ж. күні «Әріптестер сұхбаты: Диалог және бизнес» атты семинар өткізілді. Семинарға қатысқандар: колледж директоры – Искакова Г.Ү., директордың оқу - өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Романенко Я.А., Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінен машықтану жетекшісі - У.Бекмуратова, Сарсенов Х.А. - Қазығұрт станциясының ДС, Мусабеков Ж.Ж - «ЮжАвтоТранс» ассоциациясының атқарушы директоры, Оразов Н.О.- «ФКО Транс» ЖШС БДД бойынша инженер, Раисов А.А.-«Меркурий» ӨК директоры, Билибаев Б. - ШЧ37 тех.құжаттама бойынша аға электромеханик, Е.М.Алтаев - «Оңтүстікжоллабораториясы» ЖШС бас маманы, Бегежан А.Б.– «ШымкентЛокомотивСервис» ЖШС директоры, М.Б.Хусанов – «Престиж» таксопаркінің директоры, Абдришев А.Н. «ЛТД Тұрмыс» ЖШС бас механигі. Семинар соңында семинардың бағдарламасы бойынша «Greenbuscom» ЖШС директоры және «Автокомбинат №4-Нур» ЖШС директоры арасында келісім-шартқа қол қою рәсімі жүргізілді.

Бұған дейін де, 1203000 - «Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша «Қазақстан Темір Жолы» ҰК-ның Шымкент жол бөлімшесі бойынша ең үлкен станциялардың біреуі «Қазықұрт» станциясымен, 1108000 - «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша, осы салаға сәйкес темір жолдың жылжымалы құрамдарын жөндеумен айналысатын ең ірі мекемелері - Шымкент станциясының Локомотив Депосы және «ШымкентЛокомотивСервис» ЖШС-гі арасында өндірістік-техникалық қарым-қатынас туралы келісім-шарт түзілген болатын.

«Қазықұрт» станциясындағы кафедра филиалы, станция басшылығының көмегімен техникалық құралдармен жабдықталынған.

2014-2015 оқу жылында, осы осы мамандықтар бойынша кәсіптік практикалар «Қазықұрт» станциясының, Шымкент станциясының Локомотив Депосы мен «ШымкентЛокомотивСервис» ЖШС-нің базасында өткізілді.

Арнайы жоспарланған пед. жүктеме бойынша осы мекемелердің алдыңғы қатарлы, білікті инженер кадрлары практикаларға жетекшілік етті және теориялық дәріс берді.

Бұл мекемелер өздерінің базаларының есебінен колледжге қайтарымсыз түрде, көптеген өте құнды әрі таптырмайтын жабдықтар мен бөлшектерді жүйелі түрде бөліп отырады.

«Greenbuscom» ЖШС мен «Автокомбинат №4-Нур» ЖШС бұл міндеттемелердің біршамасын орындап үлгерді. Технологиялық және жұмысшы мамандығын алу үшін практикалары кезінде осы мекемеге бөлінген 10 оқушыға 18 000-25 000 теңге аралығында еңбек ақы төленіп, өндірістік жұмыстарға тартылды.

      Ал, колледждегі оқу практикалары бағдарламаға сәйкес оқу шеберханасында, гараж кешенінде, автодром мен арнайы пәндердің зертханаларында өткізіледі.

Оқу шеберханасы слесарлық, станоктық, пісіру-дәнекерлеу, ұсталық-термиялық бөлімшелерден тұрады.

Слесарлық бөлімше 15 жұмыстық орыннан тұрады. Бөлімше арнайы құрал-саймандармен, икемді аспаптармен, верстактармен және барлық қажетті оқу-әдістемелік құжаттармен жабдықталған.

Станоктық бөлімшеде оқушылар металл кесуді, металл жонуды, металл өңдеуді станоктарда оқып үйренеді.

Бөлімшеде 2 дана-токарлық станок, 1 дана-горизонтальді-фрезерлік станок, 1 дана-тік фрезерлік станок, 1 дана-тік бұрғылау станогы, 1 дана-столға орнатылған бұрғылау станогы, 1 дана-жону станогы, 1 дана-қайрау станогы, 2 дана-токарлық оқыту станогы, 2 дана-фрезерлік оқыту станогы және ұйымдастыру-технологиялық жабдықтар мен оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығы бар. Бөлімшеде практиканың оқу бағдарламасында қарастырылған жұмыстардың барлығы толығымен орындалады.

Пісіру-дәнекерлеу бөлімшесі 10 бекеттен тұратын жұмыс орнымен жабдықталған. Бекеттер қажетті ұйымдастыру-технологиялық құралдармен және оқу-әдістемелік құжаттармен толықтырылған. Бұл бөлімшеде пісіру-дәнекерлеу жұмыстары бойынша машықтанулар толық көлемде өткізілді.

Ұсталық-термиялық бөлімшеде бір жұмыс орындық көрік (горн), екі жұмыс орындық төс, екі жұмыс орындық термиялық пеш орнатылған және қажетті аспаптар мен икемді құралдар жинақталған.

Колледждің гараждық кешешінінің құрамына енетіндер:



  1. Оқу автомашиналары мен тракторларын сақтауға арналған бокстар.

  2. Жеңіл автомобильдерге ТҚК мен диагностикалауға арналған бекет.

  3. Жүк автомобильдеріне ТҚК мен жөндеу бекеттері.

  4. Автомашиналар жөндеуге арналған эстакада.

  5. Бөлшектеу-құрастыру бөлімшесі.

  6. Компрессор бөлімі.

  7. Шинажөндеу зертханасы.

Гараждық кешенде бөлшектеу-құрастыру, жұмысшы мамандығын алу практикалары өткізілді.

Оқу практикаларын өткізу барысында атқарылатын жұмыстардың сапасын арттыру мен оқушылардың білімдерін тереңдету үшін төмендегідей зертханалар пайдаланылады: «Автомобиль құрылысы», «Автомобильдердің электр жабдықтары», «Автомобильге ТҚК», «Қозғалтқыштарға ТҚК», «ІЖҚ бөлшектерін дефектациялау», «ІЖҚ бөлшектерін қалпына келтіру», «ІЖҚ сынақтау» және «Автомобильдерде пайдаланылатын материалдар».

Зертханаға қойылатын стендтер, жабдықтар оқушылардың алған теориялық білімдерін бекітуге, диагностикалаудан, ТҚК-ден, бөлшектеу-құрастырудан, қозғалтқыштың механизмдері мен жүйелерінің бөлшектері мен приборларын сараптау мен қалпына келтіруден еңбек дағдыларын алуларына мүмкіндіктер береді.

«В» және «ВС1» санатты автокөлік жүргізушісі жұмысшы кәсіптеріне үйрету практикалары ГАЗ-53А, Зил-ММЗ-555, ГАЗ-66, ВАЗ-21150, «Фольксваген Пассат», Шевроле-Лачетти маркалы автокөліктерде жүргізіледі.

Автокөліктің, жол машиналарының құрамының өсуі, ТҚК мен жөндеу технологиясындағы, сервисті ұйымдастырудың ыңғайын табудағы өзгерістер, машина құрылымына ғылым мен техниканың жаңалықтарының жиі енуі колледж ұжымын мамандықтар бойынша оқу машықтануларының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базаларын қайта қарауға, қайта құруға және жаңалауға мәжбүр етеді.

2014-2015 оқу жылы колледж ұжымы оқу практикаларын ұйымдастыру мен өткізуді жақсарту мақсатында келесі іс-шараларды жоспарлап орындады:



  1. Слесарлық бөлімшедегі оқу-әдістемелік құжаттар жаңартылды.

  2. Станоктық бөлімшедегі оқу-әдістемелік құжаттар жаңартылды.

  3. Жаңа бірнеше станоктармен толықтырылды.

  4. Станоктық бөлімше кесу және өлшеу құралдармен толықтырылды.

  5. Гараж кешенінің 4 боксына конструкциясы темірден қақпа орнатылды.

  6. 4 бағанды электр көтергіш орнатылды.

  7. Оқу шеберханасына қажетті, оқушыларға арналған жұмысшы

киімдер алынды.

Каталог: uploads -> doc -> 0edf
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0edf -> Сабақтың тақырыбы: Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі. Сабақтың мақсаты
0edf -> Бөлімі: Математика Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет