“Шын хакім, сөзің асыл-баға жетпес, бір сөзің 100 жыл жүрсе


Абай Құнанбаев ескерткіші



бет2/3
Дата31.10.2022
өлшемі2,63 Mb.
#155881
1   2   3
Байланысты:
Абай Құнанбайұлы туралы презентация (копия)
Сапарғали Бегалин, Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі, ашық сабак матем, ашық сабақ геометрия
Абай Құнанбаев ескерткіші

Қарағанды қаласы
Көркемсөз шебері
Философ
Көркем әдебиеттің қазығы
Ұлы ақын
Аудармашы
Ғалым
Композитор
Күйші
Абай - әдебиеттегі аударма жасаудың шебер үлгісін көрсеткен, жай мағынасын ғана аударумен шектелмей, Пушкин, Лермонтов Крыловтармен таласа отырып, өз ақындық қуатын, қарымын танытқан, қазақ өлеңінің шоқтығын көтерген ақын.
Абай аудармаларын еске түсіре кетейік:
Пушкиннен: «Евгений Онегин», «Татьянаның хаты», «Ленскийдің сөзі»
Лермонтовтан аударған өлеңдер саны жиырма жеті.
«Мұңлы шайтан», «Теректің сыйы», «Тұтқындағы батыр», «Дұға», «Жалғыз жалау»
Крыловтан: «Есек пен бұлбұл», «Піл мен кәнден», «Түлкі мен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Бүркіт пен қарға».
Абай поэмалары қазақ өмірінен алынған емес, шығыстық оқиғалар сарынында жазылған. Поэмалар саны үшеу: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі».
Қазақ әдебиеті тарихында.ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сездерін жазуды қолға алған. Буған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
  • Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап керсетеді:

  • «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қагазга жаза берейін, ақ қагаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».
    Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ыншы қара сөзі қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз казақтардың тубі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.
    Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.
    Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез-қүлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет