Шырышты өсімдіктер: кәдімгі зығыр, түркістан шүйгіні, сасық маралоты, кәдімгі түйежантақ, кәдімгі адыраспан Техникалық өсімдіктер. Техникалық өсімдіктер – ресурстар көзі. Қазақстан флорасындағы балды өсімдіктер



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,15 Kb.
#94211
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шырышты өсімдіктер
Мұғалім педагогикалық еңбек субъектісі ретінде. Қазіргі кездегі мұғалімнің маңызды тұлғалық және кәсіби қырлары, Шырышты өсімдіктер
3. Сасық марлоты
Жер шарында кең тараған Ranunculaceae (Лютиковые) тұқымдасына жататын Thalictrum (Василистник вонючий) туысының аталмыш түрлері халық медицинасында пайдалануымен қатар, дəрілік қасиеттері өте жоғары [3]. Қазақстан аймағында өсетін маралотының (Василистник) тоғыз түрінен 7-уі зерттелген: Thalictrum alpinum L., Thalictrum flavum., Thalictrum foetidum L., Thalictrum isopyr., Thalictrum longip., Thalictrum minus., Thalictrum simplex L. Таралуы. Сасық маралоты — диффузды-дизъюктивті ареалды еуразиялық түр. Қазақстанда Ертіс, Семей қарағайлы орманында, Шығыс ұсақ шоқыларында, Қарқаралы, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Қырғыз Алатауы аудандарында кездеседі. Ал жалпы ТМД-ның Еуропа бөлігінде, Кавказда, Батыс жəне Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Орта Азияда, Батыс Еуропада, Батыс Жерота теңізінде, Балқанда, Кіші Азияда, Түрік Арменияда, Иранда, Батыс Қытайда, Монғолияда, Тибетте таралған. Сасық маралоты — мезофиттік, петрофиттік өсімдік. Ол таулардың тасты жəне қиыршық тасты жерлерінде бұта тектесті, орманды субальпілі белдеулерінде өседі. Ресурстары: оның қоры есептелмеген, бірақ ол Тянь-Шань шоқыларының Қазақстандағы солтүстік бөлігіндегі үлкен баурайларында көптеп кездеседі. Шикізатты дайындау жəне жинау. Маралотының шөбін өсімдіктің гүлдеуі кезінде, құрғақ, ашық күні, шық кепкеннен кейін дайындайды. Өсімдіктің сабағының ұшын 20 см етіп кесіп алады. Өсімдіктің шикізатын бір жерден 2 жылда 1 рет қана жинау ұсынылады. Кепкен шикізат оңай сынуы қажет. Ол жапырақтары, бутондары бар əлсіз иісті болып келеді. Шикізатының дəмін анықтамайды, себебі сасық маралоты — улы өсімдік. Химиялық құрамы. Жер үсті бөлігінде алкалоидтар (0,7 %-дай): фетидин, магнофлорин, тальфин, тальфинин, 1 %-дай флавоноидтар, кумариндер, тритерпенді гликозидтер, органикалық қышқылдар, шайырлар бар.
Медицинада қолданылуы. «Фетидин» тұнбасы мен препаратын 1 жəне 2 кезеңдегі гипертониялық ауруларда қолданады. Одан басқа фетидин алкалоидының қабынуға қарсы жəне ісінуге қарсы да əсерлері бар [4]. Қолдану тəсілі мен мөлшері. Шөбінің тұнбасын 70 %-тік спиртте гипертониялық аурулардың ерте кезеңдерінде күніне 15–20 тамшыдан 2–3 рет қабылдайды. Бұл тұнба стенокардия жəне қан айналысының бұзылуы кезінде жағымды əсер етеді. Қайнатпа түрінде 10 г шикізатты 1 стақан қайнаған суда 10 мин қайнатып, 1 ас қасықтан күніне 3–4 рет ас қорыту мүшелерінің қызметі бұзылғанда жəне іш өткенде, бауыр жəне өт қабы ауырғанда, əр түрлі қан кету кездерінде (мұрыннан, өкпеден, жатырдан жəне т.б.). Тұнба: шикізаттың бір ас қасығына бір стақан ыстық су құйып, 10–15 мин тұндырып, күніне 3–4 рет тамаққа дейін қабылдау керек. Сонымен қатар артритте жəне артрозда буынның қатты ауыруы кезінде қолданылады.
Халық медицинасында қолданылуы. Халық медицинасында маралотын сыртқы жəне ішкі қан кетулерде, жараларды, бөртпелерді, іріңді жараларды өңдеуге пайдаланады. Біздің зерттеуге бастапқы объект ретінде Сасық марал оты (Thalictrum foetidum — Василистник вонючий) өсімдігі алынды. Қазақстан флорасында маралотының бұдан басқа 7 түрі кездеседі. Солардың ішінде сасық маралотына химиялық құрамы, таралуы жəне халық медицинасында қолданылуы жағынан ұқсас Дөң маралоты, Төбешік маралоты, Кəдімгі маралоты, Сары маралоты түрлері де бар. Биіктігі 20–70 см болатын, ұсақ бездеуіт түктермен жабылған, жағымсыз иісі бар көпжылдық шөптектес өсімдік. Тамыр сабағы қысқа, көлденең орналасқан, көптеген қысқа қосалқы тамырлары бар. Сабағының төменгі бөлігі күлгін түсті, биіктігі 15–65 см, сабақтың негізі жапырақсыз, ал ортаңғы жəне жоғарғы бөліктерінде жапырақтары бар. Жапырақтарының пішіні кең үшбұрышты, ұзындығы 20 см, ені 15 см, қысқа сағақты, күрделі тілімді, үш дүркін жəне төрт дүркін қауырсынды. Бұның ұсақ дөңгелек-сопақшалы пішінді, қатпарланған, ұшында үш тісті көптеген жапырақтары бар. Гүл шоғы — ұзындығы 30 см жне ені 3–20 см болатын борпылдақ шашақты сыпыртқы. Гүлдері ұсақ, ұзындығы 0,5–4 см болатын гүл сағағында орналасқан, гүл серігінің жапырағының саны 4–5, жұмыртқа пішінді, оның ұзындығы 3–4 мм, ені 1–2 мм, күлгін түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет