Шырышты өсімдіктер: кәдімгі зығыр, түркістан шүйгіні, сасық маралоты, кәдімгі түйежантақ, кәдімгі адыраспан Техникалық өсімдіктер. Техникалық өсімдіктер – ресурстар көзі. Қазақстан флорасындағы балды өсімдіктер



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,15 Kb.
#94211
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шырышты өсімдіктер
Мұғалім педагогикалық еңбек субъектісі ретінде. Қазіргі кездегі мұғалімнің маңызды тұлғалық және кәсіби қырлары, Шырышты өсімдіктер
6.Техникалық өсімдіктер
Техникалық дақылдар дегеніміз - кез-келген мүшелерінен өндіріске қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер. Талшықты өсімдіктер де техникалық дақылға жатады. Техникалық дақылдардан қант, крахмал, май, илік заттар, өзге де қажетті заттар алынады. Алайда техникалық дақылдарды өзге мәдени дақылдардан ерекше шектеп қарауға болмайды. Өйткені техникалық дақылдардың тағамдық, сәндік, азық-түліктік қасиеттері де болуы мүмкін.
Үпілмәлік (клещевина) - көпжылдық сүттіген тұқымдас қосжарнақтылар класына жататын техникалық дақыл. Ол - биіктігі 10 метрге дейін жететін бір үйлі өсімдік. Бірінші жылы сабағының биіктігі 60-500 сантиметрге жетелі де күзгі салқында тіршілігін тоқтатады. Сабағының іші қуыс, буын-буынды, көп бұтақты болып келеді. Жапырақтары үлкен, ұзын сағақты. Гүлшоғыры - бұтақтар ұшында болатын шашақгул. Оның астыңғы бөлігінде аталық гүлдер, үстіңгі бөлігінде аналық гүлдер орналасады. Жемісі - қауашақ. Қауашағы домаланған немесе сопақтау, үш ұялы болады. Әрбір ұнда бір-бірден тұқымы бар. Қауашақ сыртын тікенектер қаптайды. Үпілмәліктің тұқымында 40-58%-ға дейін өте тұтқыр, кеуіп кетпейтін май болады. Оның майы төмен температурада да қатпайды және бензинде нашар ериді. Үпілмәлік майы авиациялық моторларды майлауға, металлургияда, тері, мата, сабын алу өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Үпілмәлік майы жеуге жарамсыз, медицинада іш жүргізуге қолданады. Үндістанда, басқа да елдерде түтіндемейтін болғандықтан, майшам ретінде пайдаланылады. Сабағының талшықтарынан арқан есіп, қап тоқылады. Оның отаны - Шығыс Африка. Қазақстанда бір түрі - кәдімгі үпілмәлік Іле, Күнгей Алатауларында, Батыс Тәңіртауда таралған біржылдық өсімдік. Оның биіктігі 60-400 сантиметрге дейін жетелі. Үпілмәлік жылуды, жарықты, ылғалды, қара топырақты жерлерде өседі. Тұқымы 12-14С- де өнеді. Өсімді кезеңі 110-150 күн. Үпілмәлікті екпе дақылдар тәрізді жыртылған жерге кең қатарлап себеді. Себу нормасы - 1 гектарға 25-30 килограмм тұқым шашылады.
Тұқымның сіңірілу тереңдігі 8 - 1 0 см. Суарыл маған жағдайда - гектарынан 7-12 ц, суармалы егістіктен 16-20 ң түсім алынады.
Бұйдакендір (канатник) - құлқайыр тұқым дасқа жататын біржылдық, шөптекті өсімдік. Оның жапырағы, гүлдері ірі болады. Күлтесі - сары түсті. Жемісі - 11-30 ұялы қауашақ. Қауашақтың әр ұясында 3 - 5 ұсақ тұқымдары болады. Бұйдакендірдің сабақтарында 17-27% талшық бар, одан арқан есетін, қап тоқитын жіп алынады. Тұқымында тек техникалық мақсатқа пайдаланылатын 18-20% май болады. Отаны - Қытай деп есептеледі. Қазақстанда Каспий теңізінің маңында, Мұғалжарда өседі. Торғай, Балқаш-Алакөл ойысында, Іле, Күнгей Алатауларында кездеседі. Бұйдакендір жарық сүйеді, ыстыққа төзімді. Ол топырақта ылғалдықтың жетімсіздігіне төзе алмайды. Топырақ жылылығы 10-12С болғанда кең қатарлы әдіспен бұйдакендір тұқымын егуге болады. Тұқым себу нормасы - гектарына 12-20 килограмм, сіңіру тереңдігі 3 - 6 ем. Тұқымы пісіп жетіле бастағанда бұйдакендірді талшығы үшін жинап алады. Адам өмірінде дәрілік өсімдіктердіц маңызы зор.
Қазақстанда өсетін 6 мыңнан астам өсімдіктердің 500- дей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Бақбақ, долана, адыраспан, рауғаш, ермен, уқорғасын және өзге де дәрілік өсімдіктер бар. Түркістан облысындағы Шымкент фармакологиялық зауытында дермене, меңдуана, үшжапырақты сана дәрі алу мақсатында өсіріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет