Шөгінді тау жыныстары



бет1/3
Дата20.10.2023
өлшемі322,77 Kb.
#186896
  1   2   3
Байланысты:
Презентация (10)
1621913962458 (1), «Физика» п нінен 1-то сан а арнал ан жиынты ба алауды тапсырма, алаш орда

Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді тау жыныстары

  • Шөгінді тау жыныстары құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және кабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы, оолитті ізбестас және басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шегінді тау жыныс бөлінеді.
  • Жер қыртысы алғашқы қатайып кұрылған кезден бастап оны құраушы магмалық жыныстар температураның, желдің және судың әсерінен өзгеріске ұшыраған. Үгітілген кесектер сумен ағып немесе желмен ұшып көл, теңіз, т.б су түбіне жиналған. Мұндай тұнба жыныстар кесек шөгінділер деп аталады.
  • Суға түрлі заттар араласып, ериді. Теңіз немесе көл тартылғанда олар тұнып, жер кабатына қосылады (мысалы, тұз, т. Б.). Мұндай жолмен химиялық шегінділер пайда болады.
  • Судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары органикалық шегінділер құрайды. Мысалы, есімдіктердің шірімей және көміліп қалған қалдықтарынан шымтезек пен тас көмір, теңіздің өте майда жәндіктерінің қалдықтарынан бор құралады
  • Эр түрлі жолдармен пайда болғанына қарамастан, шегінді жыныстардың бәріне тән екі түрлі ерекшелік бар. Біріншіден, тұну арқылы түзілгендіктен олардын бәрі де кат-кабаттанып жатады. Екіншіден, шегінді жыныстардың арасынан жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары немесе танбалары ұшырасады. Мысалға, тас көмір қабаттарының арасынан ағаштың тасқа айналған қалдығы немесе жапырағының таңбасы жиі кездеседі.

Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталып, үш сатыдан етеді:

  • қатты (түпкі) тау жыныстарының мүжілуі, бұзылуынан бастапқы материал пайда болады;
  • осы материал су ағыны, жел, мұздыққа байланысты құбылыстар әсерінен көшеді де
  • құрлық немесе су түбіне тамаде; әр түрлі бөлшектерден құралған, суға қаныққан борпылдақ тұнба түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет