Shtjb 5301 «шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар»



бет2/63
Дата09.08.2023
өлшемі467,58 Kb.
#179767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі-emirsaba.org
107, Кері-байланыс-1
жұмыс оқу бағдарламасы
6М011400 «Тарих» мамандығы бойынша берілген кредит саны: 2
Қызылорда, 2018 жыл
Жұмыс бағдарламасын дайындаған А.Ж.Оразбақов

ПІКІР ЖАЗУШЫ
С.К. Серікбаев т.ғ.к.,
Н.К. Мыңжасов т.ғ.к., доцент
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан тарихы кафедрасында жасалды жасалды.

№1 хаттама « ___ » ________ 2018ж. ғылыми әдістемелік кеңесінде қаралған.


1.Кіріспе
Шетелдік тарихнаманың заманауи бағыттары пәнінің мақсаты мен міндеттері. Осы дәрістер жинағы негізіне қазіргі шетел тарихи білімдер ғылымы, немесе дәлірегі «тарихи білімдер тарихы алынған». Оның мазмұны тарихи танымның табиғаты мен функциясын заманауи түсінумен айқындалады.
Курстың методологиялық негіздемесі гуманитарлық білімдердің табиғаты туралы пікірталас барысында ұсынылған бірқатар идеялармен айқындалады.
Бұл тарихи танымдардың ерекшелігін белгілеу және тарихи зерттеудегі ақиқат пен шынайлықты салыстырмалы өлшемділігін көрсетеді. Тарихи білімдердің салыстырмалылығы бірқатар факторлармен айқындалады, ең бірінші кезекте зертеулердің 3 негізгі компоненттерінің бастапқы көп мәнділігімен: тарихи факт, тарихи дерек пен тарихи зертеудің әдістері. Өткен туралы «объективті»шындықты анықтауға тырыса отырып зертеуші өзінің субъектілігінің сондай-ақ рационалды талдауға алып отырған деректердің субъективтілігінің тұтқынында қалып қоюы мүмкін. Тарихи білімдердің мүмкіндіктері мен шеңбері толық емес сақталынған куәліктері және куәгерліктердегі зерттеп отырған дәуірдің шынайы бейнелей алатындығына кепілдіктің жоқтығымен, ақырғы соңында зертеушінің интеллектуалдық инструменттерімен түсіндіріледі.
2. Батыстық тарихнамадағы қазіргі заманғы гендерлік зерттеулер
Гендерлік зерттеулердің тарихына шолу. Әйелдер тарихы «әйел зерттеулері» деп аталатын пәнаралық ғылыми бағыттың бөлімі болып табылады. Ол батыста алпысыншы жылдардың аяғы жетпісінші жылдардың басында қалыптасқан. Алғашқы « әйелдік тақырыптық» мәселе арнайыланған құбылыс ретінде бірінші феминистік толқуға байланысты он тоғызыншы ғасырдың аяғында келең бере бастады. Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында көбінесе әйгілі әйелдердің өмірін сипаттайтын әйелдерге арналған жұмыстар пайда бола бастады. Әйел тақырыбын талқылауда бүгінгі күннің өзінде үлкен орын алатын жұмыс ол атақты француз философы Симон де Бовуардың 1949 жылы баспадан шыққан жұмысы « Второй пол». Онда әйел мәселесі философиялық тұрғыдан қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет