«Шуағын шашқан аялы алақан» 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні



Дата24.01.2022
өлшемі22,51 Kb.
#113715
Байланысты:
тарбие сагаты
Тәрбие сағат Ана

Күні:05.03. 21ж

Тақырыбы: «Шуағын шашқан аялы алақан » 



8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні
Мақсаты:
1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақта мерекеге сай безендірілген. Шарлар, слайд.
Барысы:

Жүргізуші:

Осы мерекенің иелері,бар адамзаттың табынары мен киелері,қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,сүйкімді қылығымен сағындырған,қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,әсем көркімен, жүрегінің өртімен не бір дана мен данышпандарды табындырған, сүйкімді қыздар, Әсемгүл апай мерекелеріңіз құтты болсын! Әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар! Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!


Оқушылардың тақпақтары

Жасұлан

Құттықтаймыз аналарды қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер.

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер.

Дильназ

Құтты болсын ақ анам

Сегізінші наурызың

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың.

Расул

Әсемгүл апай біздің апай біліп қой,

Ұстаздардың ішіндегі гүлі ғой

Мектебімнің жақсы атанып жүргені

Осы апайдың арқасында біліп қой!

Апай мейрамыңызбен!



Айым

Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.

Наурыз

8 Наурыз қуанышқа бөлесін!


Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8 Наурызға жете беріңіздер келесі!

Адема

Ақ жаулықты әжемді


Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.

Айзере

Бесіктерін әнімен

Тербетуде аналар

Жасай берсін сәнімен

Жер бетінде аналар.

Ершат

Аналар, қыздар жасай берсін!

Ана десе ақтарылған ағынан

Анашымды күніне мың сағынам.



Илигай

8 Наурыз 2021 жыл көктемі,


Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

Ән Анашым, анажаным

Жүргізуші: Енді сендерге балалар аналарға қыздарға арналған мақал жасырамын, 3 қатар болып жарысып тауып көрейік.

Мақалдарды жалғастырыңдар.

1.Ағайын алтау

Ана __ (біреу)
2. Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі_________. /далада/
3. ________ қылығымен көркем. /қыз/
4. Гүл өссе ,_______ көркі. /жердің/

Қыз өссе......... көркі/елдің /


5. .......... көріп қызын ал /шешесін немесе анасын/

6.Әке асқар тау, Ана жағадасындағы ағып жатқан ........ /бұлақ/


7........қарап ұл өсер, /Әкеге/

...........қарап қыз өсер /анаға/



Жүргізуші: Тақтаға 3 қыз шықсын, мен қазір жағадаяаттар қоямын, сол жағдайдан қалай шығар екенбіз, жауаптарымызды көрейік.
Қыздарға арналған
1. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінәлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің?
2.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?
3.Ата-аналар жиналысы болатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?

Жүргізуші:

Ана деген — асыл жандар болаттай,


Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.
Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.
Әр күн сайын атыңды қайталаймын.
Еске алғандай таң сайын ән ұранды.

Құттықтау хаттар беріледі. Стикерлер беріледі.

Жүргізуші: Осымен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз балалар. Барлық перзент ана алдында қарыздар екенін ұмытпайық.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет