Силлабус оқу жұмыс бағдарламасы



бет2/3
Дата26.08.2017
өлшемі468,75 Kb.
#28684
түріТематический план
1   2   3





Тақырыптың атауы


Сағаттар саны

Дәр

Тәж

Зерт

СӨЖ

1

Кіріспе

1

-

-

-

2

Тұрақты токтың сызықты электр тізбектері


3

2

2

10

3

Бір фазалы синусоидалы токтың электр тізбектері


2

2

1

10

4

Айнымалы токтың үш фазалы тізбектері


2

1

1

10

5

Синусоидалы емес токтың электр тізбектері


2

-

1

10

6

Сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі үрдістер


1

1

1

5

7

Сызықты емес электр тізбектері

1

1

1

5

8

Магниттік тізбектер


1

-

0,5

5

9

Электрлік және электрлік емес шамаларды өлшеу

2

0,5

-

5




пән бойынша БАРЛЫҒЫ:

15

7,5

7,5

60


Пәннің мазмұны
1 Кіріспе
Курс мазмұнының анықтамасы: тұрақты және синусоидалы токтың сызықты электр тізбектері; үш фазалы электр тізбектері, магниттік тізбектер; электр өлшеу аспаптары.

Электр энергиясы, оның ерекшеліктері: әр түрлі электр станцияларында орталықтандырылған және үнемді түрде алу мүмкіндігі; электр берілісі желілерінің көмегімен тұтынушыға үлкен ара қашықтықтарға қарапайым берілістер; энергияның басқа түрлеріне түрлендіру мүмкіндігі.

Электр техникасының ғылым ретінде даму тарихы: У. Гильберттің «Магнит, магниттік денелер және үлкен магнит – Жер туралы (16 ғ.)» трактаты; Б. Франклин әзірлеген, электрлік құбылыстар теориясы; Кулон, Ом, Кирхгоф заңдары (18 ғ.); Эрстедтің ашқан жаңалығы; Дж. Максвеллдің жұмыстары; заттың электрондық теориясының негіздері (19-20 ғ.); техникада электрлік және магниттік құбылыстарды кеңінен пайдалану (П.Л. шиллинг, С. Морзе, П.П. Яблочков, Б.С. Якоби, М.О. Доливо-Добровольский, А.С. Попов).
2 Тұрақты токтың сызықты электр тізбектері

Тұрақты токты қолдану облысы. Электр тізбегінің құрылымы. Электр тізбегінің элементтері. Стандарттық графикалық белгілеулер. Қосылыстар түрлері. ЭҚК, токтар мен кернеулердің шартты оң бағыттары.

ЭҚК-нің бір көзі бар тұрақты ток тізбегінің электрлік күйін талдау. Ом заңы. Энергетикалық баланс. Кирхкоф заңдары. Потенциал диаграмманы салу. Қабылдағыштары тізбекті, параллель және аралас жалғанған тізбектер. ЭҚК-нің бірнеше көздері бар тұрақты ток тізбегінің электрлік күйін талдау.

Кирхгоф заңдары. Электр тізбегін есептеу үшін оларды тікелей қолдану. Контурлық токтар әдісі. Екі торап әдісі.


3 Бір фазалы синусоидалы токтың электр тізбектері

Синусоидалы ЭҚК, кернеулер, токтар. Синусоидалы ЭҚК генерациялау. Синусоидалы шамалардың негізгі параметрлері. Синусоидалы ЭҚК, кернеулердің, токтардың қолданылып жүрген мәндері.

Синусоидалы токтың электр тізбегінің элементтері: резистивтік элемент, идеал индуктивті орауыш, идеал конденсатор, нақты индуктивті орауыш.

Резисторды, индуктивтілік пен сыйымдылықты тізбекті қосу.

Қабылдағыштары параллель қосылған синусоидалы токтың электр тізбектері. Кешенді түрдегі Ом және Кирхгоф заңдары.
4 Айнымалы токтың үш фазалы тізбектері

Негізгі ұғымдар. Эқк үш фазалы симметриялы жүйесін алу. ЭҚК үш фазалы симметриялы жүйесін бейнелеу тәсілдері. Қоректендірудің үш фазалы көзінің фазаларын қосу тәсілдері. Шартты оң бағыттар және фазалық және сызықтық кернеулердің шамалары.


5 Синусоидалы емес токтың электр тізбектері

Электр тізбектерінде периодты синусоидалы емес токтардың пайда болу себептері. Синусоидалы емес ЭҚК, кернеулер мен токтар. Периодты синусоидлалы емес функциялардың гармониялық құраушыларға ыдырауы. Периодты синусоидалы емес ЭҚК, кернеулер мен токтардың максимум, қолданылып жүрген және орташа мәндері. Амплитудалы-жиіліктік спектрлер. Синусоидалы емес тізбектің қуаты.


6 Сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі үрдістер

Жалпы мәліметтер. Коммутация заңдары. Өтпелі үрдістерді есептеудің классикалық әдісі. R және L, R және C-элементтері бар тізбекті тұрақты кернеуге қосу. Кедергіге конденсатордың разряды.


7 Сызықты емес электр тізбектері

Айнымалы ток тізбегінің сызықты емес элементтері. Сызықты емес элементтердің көмегімен жүзеге асырылатын негізгі түрлендірулер. Орауыштың ВАС кесекті-сызықты аппроксимациясы кезінде лездік мәндер үшін ВАС пайдалану арқылы айнымалы токтың сызықты емес тізбегін есептеу. Ток пен кернеудің қолданылып жүрген мәндері бойынша сызықтық емес тізбекті талдау.


8 Магниттік тізбектер

Анықтамалары. Магниттік тізбек элементтері. Толық ток заңы. Электрмагниттік индукция құбылысы. Индуктивтілік және өзара индуктивтілік. Магниттің тізбекте орын алатын физикалық құбылысы.


9 Электрлік және электрлік емес шамаларды өлшеу

Жалпы мәліметтер. Өлшеу аспаптары мен өлшеу әдістері. Өлшеу қателіктері және дәлдік класы. Шкалалардағы шартты белгілер. Көрсететін аспаптардың механикалық тораптары және жүйелері. Электрондық және цифрлық аспаптар.



Зертханалық сабақтарды орындау мазмұны және графигі







Тақырыптың атауы

Бақылау түрі




1

Тұрақты, айнымалы ток тізбектеріндегі электрлік өлшеу



ЗЖ

1 апта

2

Кирхгоф заңдарын тәжірибелік тексеру


ЗЖ

3 апта

3

Айнымалы ток тізбегінің элементтері


ЗЖ

5 апта

4

RLC-элементтерін тізбектеп қосу


ЗЖ

7

апта


5

RLC-элементтерін параллель қосу


ЗЖ

9

апта


6

Жүктемені жұлдызшаға қосу кезіндегі үш фазалы тізбектер


ЗЖ

11

апта


7

Жүктемені үшбұрышқа қосу кезіндегі үш фазалы тізбектер Жүктемені жұлдызшаға қосу кезіндегі үш фазалы тізбектер


ЗЖ

13

апта




СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағаттарда көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

15

2

Практикалық сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15

3

Зертханалық жұмыстарға дайындалу

Қажетті кестелерді дайындау және т.б.

ЗЖ жіберу

15

4

Есепті дайындау және зертханалық жұмыстарды қорғау

Есеп

ЗЖ қорғау

15

5

Аудиторлық сабақтар мазмұнына кірмеген материалды оқу

Конспект (және т.б.)

Коллоквиум (және т.б.)

15

6

Бақылау шараларына дайындалу




АБ 1, АБ 2, коллоквиум (тестілеу және т.б.)

15

Барлығы

90



Выписка из рабочего учебного плана специальности




Ф СО ПГУ 7.18.1/10

5B073200-«Стандарттау, метрология және сертификаттау » мамандығына үшін жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Пәннің атауы: Электртехникасы негіздері



Оқу түрі


Бақылау түрі

Студенттің жұмыс көлемі, сағат

Курстар мен семестрлер бойынша сағаттарды бөлу (сағат)

емт.

сын.

кжб.

кж.

ЕГЖ

бақ. жұм

барлығы

дәр

пр

зерт

сөж

жал

ауд

сөж

1

күндізгі, ЖОБ негізінде

3
















90

30

60


3семестр

15


7,5

7,5

60



ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

  1. Китаев В.Е. Электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 224 б.

  2. Касаткин В.С., Немцов М.В., Электротехника. М.: Энергоатомиздат, 2000.

  3. Евдокимов Ф.Е. Общая электротехника. М.: Высшая школа, 2004.

  4. Сборник задач по электротехнике и основам электротехники / Под ред. В.Г. Герасимова. М.: Высшая школа, 1987.

  5. Электротехника: Программированное учебное пособие / Под ред. В.Г. Герасимова. М.: Высшая школа, 1983.

  6. Липатов Д.Н. Вопросы и задачи по электротехнике для программированного обучения. М.: Энергия, 1977.

4.1. Қосымша әдебиет

1 Кузовкин В.А. Элекротехника. Основы теории с практическим применением.-М.:2004

2 Новиков П.Н. и др. Задачник по электротехнике. – М.: 2004

3 Сборник задач по электротехнике / Под ред. Пантюшина В.С. – М.: Высшая школа, 1987.


  1. Модуль мен аралық аттестаттау бойынша бақылауға дайындау және өткізуге арналған сұрақтар

I тарау.

1) Электр өткізгіштіліктің формуласын көрсет.

А) g = 1 / R (1 / Ом = См)

В) I = Q / t (Кл/сек = А)

С) j = I / S (А / мм2)

Д) [Е] = 1Дж / 1Кл = 1В

Е) θ2 = (R2 – R1) / R1 α) + θ1

2) Қатарлап қосылған деп қандай қосуды айтамыз?

А) Электр тізбегіндегі элементтердің тек бір ғана кернеу астында болуын айтамыз.

В) Элетр тізбегіндегі түйінге келетін токтардың қосындысын айтамыз.

С) Кез келген тұйықталған электр тізбегінде барлық ЭҚК-дің алгебралық қосындысын айтамыз.

Д) А және В жауаптары сәйкес келеді.

Е) А жауабы сәйкес келеді.

3) Кирхгофтың бірінші заңының формуласын көрсет.



А)

В)

С)

Д) А,С


Е) Дұрыс жаубы жоқ.

4) Лездік қуат деп нені айтамыз?

А) Бұл идеалды элементтердің шартты белгілерінен тұратын электрлік тізбектің графикалық бейнесі.

В) Берілген уақытта электр энергиясының тізбекке жету жылдамдығы.

С) Сыртқы тізбекке берілетін токтың шамасы қыспақтардың арасындағы кернеуден тәуелсіз болатын элемент.

Д) Берілген нүктеде орналасқан бірлік зарядтың потенциалдық энергиясы.

Е) Пассивті элементтерді көлемдік бағалайтын шамалар, оларға кедергілер, индуктивтілік және сыйымдылық жатады.

5) Кирхгофтың бірінші заңы не дейді?

А) Электр тізбегіндегі түйінге келетін токтардың қосындысы, осы түйіннен кететін токтардың қосындысына тең немесе электр тізбегінің түйін қосындысына тең немесе электр тізбегінің түйін нүктесіндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең.

В) Кез келген тұйықталған электр тізбегінде барлық ЭҚК-дің алгебралық қосындысы,осы тізбекке тізбектеп қосылған кедергілерге түскен кернеулер қосындысына тең.

С) Электр тізбегіндегі элементтердің тек бір ғана кернеу астында болуын айтамыз.

Д) Дұрыс жауабы жоқ.

Е) Берілген жауаптардың А және В жауаптары сәйкес келеді.

6) Электр тізбегінің негізгі теңдеуін көрсет.



А) Е = UВШ + UВТ

В) Е-U=U

C)

Д) α = (R2 – R1) / R12 - θ1)

Е) θ2 = (R2 – R1) / R1 α) + θ1

7) Электр кедергісін қай өрнекпен анықтайды?

А) R =  ρ ℓ / S

В) Rэ = R1 + R2 + R3

С) I Rэ = I R1 + I R2 + I R3

Д I = U / R Е) α = (R2 – R1) / R12 - θ1)

8) «Кез келген тұйықталған электр тізбегінде барлық ЭҚК-дің алгебралық қосындысы, осы тізбекке тізбектеп қосылған кедергілерге түскен кернеулер қосындысына тең.»-деп қай заңда тұжырымдалады?

А)Кирхгофтың 1-ші заңы.

В) Кирхгофтың 2-ші заңы.

С) Ом заңы.

Д) Ньютонның I-ші заңы.

Е) Ньютонның II -ші заңы

9) Қорек көзі, электр энергиясын қабылдағыш және өткізгіш сым жинағы не деп аталады?

А) Қатарлап қосу.

В) Электр кедергісі.

С) Электр тізбегі.

Д) Электр өткізгіштілік.

Е) Электр ток.

10) Суретте қандай тізбектің элементі салынған?

А) Тарам тізбегі.

В) Тұйық электр тізбегі.

С) Электр тізбегінің түйіні.

Д) А және В жауаптары сәйкес келеді.

Е) Дұрыс жауабы жоқ.










A

II тарау.

1.Синусойдалы токтың әрекеттік мәні деп нені айтамыз?

А) Ток пен кернеудің лездік мәндері уақыттың бірдей аралықтарында қайталанып отыратын электрлік тізбектің процесін айтады.

В) Уақыт бірлігі ішінде бір резисторда синусойда токтың бөліп шығаратын жылу мөлшеріне тең жылу бөліп шығаратын тұрақты токтың мәнін айтады.



С) Мерзімдік шаманың лездік мәндері қайталанып отыратын ең аз уақытты айтады.

Д) Синусоидалы шаманың өзгеру деңгейін анықтайытын шамасын айтады.

Е) Дұрыс жауабы жоқ.

2) Айнымалы тоқтың тәжірибелік енгізілуі нешінші ғасырда басталды?

А) XIX ғасырдың 1-ші жартысында.

В) XIX ғасырдың 2-ші жартысында.

С) XX ғасырдың 1-ші жартысында.

Д) XX ғасырдың 2-ші жартысында.

Е) XIX ғасырда.

3) ТМД энергожүйесінде және көптеген басқа мемлекеттерде неше ГЦ тең өндірістік жиілік қолданылады?

А) 10 ГЦ


В) 20 ГЦ

С) 30 ГЦ


Д) 40 ГЦ

Е) 50 ГЦ


4) Мәні және бағыты бір уақыт бөлшегінде өзгеретін токты атаныз.

А) Тұрақты ток.

В) Электр ток

С) Айнымалы ток

Д) А,В

Е) Дұрыс жауабы жоқ.



5)Жиілік деп нені айтамыз?

А) Мерзімге кері шаманы, яғни уақыт бірлігіндегі мерзімдер санын айтамыз.

В) Мерзімдік шаманың лездік мәндері қайталанып отыратын ең аз уақытты айтамыз.

С) Сыртқы тізбекке берілетін токтың шамасы қыспақтардың арасындағы кернеуден тәуелсіз болатын элементті айтамыз.

Д) Бірнеше тармақтан өтетін кез-келген тұйық жолды айтамыз.

Е) Ток пен кернеудің лездік мәндері уақыттың бірдей аралықтарында қайталанып отыратын электрлік тізбектің



  1. Каталог: arm -> upload -> umk
    umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
    umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
    umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
    umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
    umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
    umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
    umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
    umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет