Симмуляция Қант диабеті Сұрақтар


Қант диабетінің тәуекел факторлары



бет3/8
Дата22.06.2020
өлшемі38,21 Kb.
#74293
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Саутхан Айгерим симмуляция Қант диабеті Сұрақтар

Қант диабетінің тәуекел факторлары

Дәрігерлер диабет тәуекел факторларын ажыратты.

1.Отырықшы өмір салты

2.Стресс


3.Депрессия

4.Артық салмақ

5.Ұйқының жоқтығы

6.Дұрыс диета



Қант диабетінің патогенезі

Инсулин көптеген зат алмасу процесіне әсер етеді. Ең алдымен көмірсулар алмасуы бұзылады. Гипергликемия дамиды. Бұлшықеттерде және май тіндерінде, миокардта глюкозаның қаннан және жасуша аралық сұйықтан жасуша ішіне өтуі қиындайды. Ары қарай жасуша ішінде глюкозаны пайдалану шектеледі. Өйткені глюкозаны фосфорлау арқылы жасушаның энергиялық алмасуына әсер ететін ферменттердің түзілуі тежелген. Қалыпты жағдайда гексокиназа және глюкокиназа глюкозаны фосфорлайды: глюкоза + АТФ = глюкоза -6- фосфат + АДФ. Ары қарай фосфорланған глюкоза тотығу тотықсыздану реакциясына ілігеді. Көрсетілген  ферменттердің жеткіліксіздігі нәтижесінде жасушалардың глюкозаны пайдалануы бұзылады.

    Инсулиннің жеткіліксіздігі гликогенсинтетаза ферментінің белсенділігін төмендетеді. Сондықтан бауырда, бұлшықеттерде, қантты диабет кезінде глюкозадан гликогеннің түзілуі азаяды да, глюкоза бос күйінде сақталып қалады. Бұл кезде глюкозаның пентоздық – фосфаттық жолмен тотығуы нашарлайды.  Сондықтан рибоза мен НАДФ.Н2 коферменті құрылуы азаяды. Ал бұлар нуклеин және май қышқылдары түзілуіне қажет.

Диабеттің алғашқы кезеңдегі белгілері

·        үнемі сусап тұру

·        кіші дәреттің жиілеп, көп болуы.

·        үнемі шаршаулы сезіну,

·        қол-аяқтың үйып, жансыздануы

·        үнемі қарын аштығынан арылмау

·        салмақ азаюы

Өршіп бара жатқан диабет белгілері

·        терінің қышуы

·        көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман көлегейлегендей»)

·        жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы

·        аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы.

·        естен тану (қысылтаяң жағдайларда)

Клиникалық айқындалуы: 3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады:

·        Полидипсия-шөлдеу.

·        Полиурия-кіші дәретке жиі отыру.

·        Полифагия-кенеттен тәбеттің ашылуы.

·        Науқас  тамақты жақсы ішкенімен азады.

·        Науқастың  терісі құрғақ, дуылдап қышиды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет