Үсінік хат Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құруға негіз болған құжат(тар)


Бағдарламалық және оқу-әдістемелік жағынан жабдықтау



бет3/4
Дата13.12.2021
өлшемі58,18 Kb.
#125789
1   2   3   4
Байланысты:
Түсінік хат-10
жіө
Бағдарламалық және оқу-әдістемелік жағынан жабдықтау:

-Оқулық: 10 сынып.География.К.Каймулдинова,С.Әбілмәжінова



Алматы «Мектеп» 2019.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны:

10 сынып

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

ЖМБ

1

1

2

2


     "География" пәні – табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән. Ол табиғи және антропогендік нысандардың арасындағы кеңістіктік-уақыттық өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктерді зерттейді.

      "География" пәнінің мақсаты – дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын, географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу.

      Тұлғаның географиялық мәдениеті – тұлғаның бойындағы Жер, қоршаған орта, табиғат туралы, оның алуантүрлілігінің себептері, халқы мен шаруашылық әрекеті туралы білім мен "адам – табиғат – қоғам – мәдениет" жүйесіндегі өмірлік құндылықтарды меңгеруінің көрінісі.

      Дүниенің географиялық бейнесі – аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелердің қасиеттері мен заңдылықтары туралы көзқарастар жиынтығы.

      Географиялық ойлау – географиялық нысандар, үдерістер мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыстарды тану және олардың маңызды қасиеттерін бейнелеу.

      "География" пәнінің міндеттері:

      1) географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі заманғы адамзат мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін түсінуге мүмкіндік беру;

      2) оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды қалыптастыру;

      3) қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашу;

      4) оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын игеруіне ықпал жасау;

     5) оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін меңгеруіне ықпал жасау;

     6) кеңістіктік ойлау мен картографиялық дағдыларды қалыптастыру;

     7) географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

География пәнінің мұғалімі:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет