Ұсынылып отырған жинақта ақын, композитор, философ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы, Абай мұрасын зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен деректер берілген


- метафораларды қолданады. Бірде ақын жүрегі кейіптеу бейне арқылы сипатталады: «Жүрегім менің -



бет3/12
Дата23.12.2021
өлшемі7,94 Mb.
#128328
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Kaz.-Abaj-doc
Дәріс 8
- метафораларды қолданады. Бірде ақын жүрегі кейіптеу бейне арқылы сипатталады: «Жүрегім менің - қырық жамау». Осындағы жұлқыланып, кескіленген, қырыққа бөлінген, парша-парша болып бөлектенген жүрек бейнесі ақынның өкінішін, арманын, қастандық-өшпенділіктен шеккен азабын, сүйенерге тірек таппай күйзеліп қалуын, т.б. көркемдік шеберлікпен жеткізіп тұр. Абайдың ұлылығын танытатын өлеңінің бірі «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес». Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен жер, күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен ұзақ екені талассыз. Ескі философиялық еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін біріне-бірін қарама-қарсы қою кездеседі. Мысалы, Сократ адамды табиғатқа қарсы қойып, әділдік, ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін зерттеу қажет деп, ал табиғатты зерттеу деген көңіл бөлуге тұрмайды деп санаған. Табиғат өзгереді, құриды, мәңгі өзгермейтін жаратушы бір Алла ғана деген ұғым бар. Жақсы адамның өзі өлсе де, жаны өлмейді деген пікірді философтар да айтқан.

Ол өзін 40 жасқа келгенде ғана ақын және азамат екенін танып «Жаз» деген өлеңіне өз атын жазады (бұрын шығармаларын досы Жантасов Көкбайдың атынан жазатын) [1, 448 б.]. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Ол кезде өз Отанының тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене қатысушылар Қазақстан аумағына жер аударылып келіп жатты. Олар, атап айтқанда, Украина мен Польшадағы зиялы қауымның неғұрлым білімді өкілдері болатын. Жер аударылып келгендердің арасында патша үкіметінің саясатына қарсы шыққан орыс зиялы қауымының өкілдері де аз емес еді. Олар Абайдың саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Атап айтқанда, Е. Михаэлис, А. Леонтьев, С. Гросс, А. Блек, П. Лобановский, Н.Коншин, Н. Долгополов және басқалары еді.

Олар Абаймен бірге жиі-жиі қонақта болып жүрді. Қазақ ақыны солардың арқасында озық ойлы орыс мәдениетінің алып өкілдері А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың және басқалардың шығармаларымен жете танысты. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз [1, 450 б.]. Бірақ Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М.О. Әуезовтың «Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мәдениетін мол, терең тани бастаған Абай озғын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тәрбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеуметтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына және ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік» деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда «1884 жылдары, жасы қырыққа таман ілінгенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды». Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды.

Абайдың өмірлік бағдарламасы, жаңа Абай екенін көрсететін өлеңі 1885 ж. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген өлеңі, ұлы ақынның өкініші. Мұнда үлгілі, жемісті өкініш айтылады. Кейінгілерге үлгі ретінде айтылады. Бұл сол замандағы барлық саналы ата-ананың өкініші еді.

«Бұл мақрұм қалмағыма кім жазалы?» дейді. Бұл «мақрұм» қалған Абай сол кезде Пушкин, Лермонтов, Толстой, Щедрин, Крылов т.б. біледі. Сонда да білген сайынғы білімге қомағайлықты көрсетеді. «Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім» дегенде дін медресе емес, басқа оқу жүйесін айтады.

Қазақ ортасында идеялық жаңа тыныстың қанаттануына Абайдай жан салған ойшыл кемде-кем, идеялық өрістің отын жағу үшін, шоқтанып қалған халықтың сезім мен ұлттық дәстүрді жедел дамыту керек болды. Сонау ХІХ ғасырдың соңында сомдалған Абай ақыры ХХ ғасырдағы реалистік поэзияның биік шыңына айналды [2, 6 б.].

1886 жылы Абай ақындық жолға біржолата құлай беріліп, үлкен-кішілі 18 өлең жазған. Бұл жылда програмды үлкен өрісті ақындық жеміс беру кезеңі көрінеді. Бар буын түгел қамтылады. Әуелі ата-аналар болып, кейін жігіттерге арнайды. Енді «Интернатта оқып жүр» деп балаларға оралады. Өлеңді қоғам тіршілігін көрсететін құрал екенін түсінеді. Абай мораль тәрбиесімен қауымды түзеуге болады деп түсінген.

Абай туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы халқын күресуге оятып, береке-бірлікке шақырды.

Ұлы Абай тәуелсіздік таңын көре алмады, бірақ оны ұрпағы бүгінде өзінің тәуелсіз мемлекетін құруда.

Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.

Ұлы Абайдың әлеуметтік мәселелерді қозғайтын ойшыл өлеңдерінің астарына терең үңіледі. Кейбір пікірлерін келтіре кетсек.

«Абай қазақ арасындағы берекесіздіктің және басқа кемшіліктердің түп тамыры надандығында, оқымағандығында деп түсінеді де, халқының «көңіл көзін», яғни сана сезімін жетілдіру үшін қазақ жастарын оқуға, білім алуға шақырады. Ол:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет