Сынып: 11 Оқушылардың аты-жөндері


Зерттеу бөлімі. RFID-белгіcі



бет4/8
Дата20.10.2022
өлшемі446,93 Kb.
#154131
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
NFC kassa v2
665, СРО
1.2. Зерттеу бөлімі. RFID-белгіcі
Біздің касса – бұл бөлшек сауда дүкендерінде тауарларды сатып алу процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін электронды-механикалық құрылғы. Оны ірі азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерде пайдалануға болады. RFID-белгілері тауарларды анықтау және баға туралы ақпаратты алу үшін қолданылады. RFID-белгіcі – сигналды қабылдауға, өңдеуге және қайта жіберуге арналған электрондық құрылғы (2 - сурет). RFID технологиясы тірі жандарды, жансыз заттарды, соның ішінде контейнерлерді, көліктерді, киімдерді тануға мүмкіндік береді. RFID әдісі бизнес-процестерді жақсарту үшін шексіз мүмкіндіктер береді.



2 - сурет.

RFID технологиясы деректерді өңдеу процесін айтарлықтай жылдамдатады және қол еңбегінің шығындарын азайтады. Бұл жағдайда сәйкестендіру өнімдердің қозғалысы кезінде және бірнеше метр қашықтықта жүргізілуі мүмкін. Технология визуалды контактіні қажет етпейді, RFID-белгіcін қаптаманың ішіне жасырын түрде қоюға немесе өнімге қоюға болады (3 - сурет).



3 - сурет.

RFID-белгінің қалай жұмыс істейтінін қарастырайық. Барлық RFID чиптері ақпаратты сақтауға арналған қабылдағышты, антеннаны, таратқышты және жадты қамтиды (4 - сурет).





4 - сурет.

Радиожиілікті идентификациялау әрекетінің схемасы (5 - сурет):



  • чип энергияны өзінің қуат көзінен немесе оқырманның радиосигналынан алады;

  • антенна оқырманның электромагниттік толқындарын қабылдайды, сигналды қабылдау үшін сыртқы құрылымдарды пайдалануға рұқсат етіледі;

  • радиочип сыртқы сигналға жауап ретінде импульсті жібереді.


5 - сурет.

Интерфейсте жүктелетін және көрсетілетін деректер идентификатор бойынша оқығаннан кейін анықталады.




2. ҚОЛДАНЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ТІЛДЕР
Біздің серіктесіміз екеуміз бағдарламалаудың әртүрлі салаларында қанағаттанарлық білімге ие болғандықтан, қолымыз ашық болды. Әу бастан-ақ біздің касса тұрақты және толық жұмыс істеуі үшін біз қарапайым веб-сайт пен телефонға қосымша жасауды шештік. Ол кезде бізде RFID-белгісі болмаған, түймелермен жұмыс істейтін ең бастапқы прототипі болды. Біздің ең бірінші жетістігіміз прототипті Bluetooth-ға және телефонға қосу мүмкіндігі болды. Осыдан кейін біз оны экранда өнімдердің саны мен атауларын және олардың жеке және жалпы бағасын көрсетуге қол жеткіздік. Біз веб-сайттың көмегімен қалған тауарлардың тарихын онлайн режимінде көруге болатындай етіп жоспарладық. Әрине, қиындықсыз болған жоқ, түрлі кедергілер болды. Біздің прототип NFC арқылы өнім деректерін оқиды, бұл технология туралы кейінірек айтып береміз. Бұдан соң тауарлардың мәліметтерін оқығаннан кейін ол желі мен Bluetooth арқылы оларды базаға жіберді. Содан кейін біз Arduino және Python-мен байланыс жасай алдық. Arduino арқылы деректерді серверге жіберіп, ал Python арқылы оларды өңдедік. Біз қолданған бағдарламалық құралдарды толығырақ қарастырайық.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет