Сынып: 5 “в” Сынып жетекшісі: Дуан. А. Ж орындаған: Уалханова Дина Сынып сағатының тақырыбы «Тұмаудың алдын алу»



Дата23.02.2022
өлшемі19,11 Kb.
#132916
Байланысты:
Тұмаудың алдын алу
5 - дәріс. Абай шығармаларның жанры

Сынып:5 “в”
Сынып жетекшісі: Дуан.А.Ж
Орындаған: Уалханова Дина
Сынып сағатының тақырыбы « Тұмаудың алдын алу»
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Оқушыларды салуатты өмір сүруге, зиянды әдеттерден аулақ жүруге тәрбиелеу;
Білімділік:
Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру;
Дамытушылық:
Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, сонымен қатар тазалық, жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер беру;
Барысы:
Оқушылар суретке қарап, бүгінгі сынып сағатының тақырыбын анықтайды.
Сәлеметсіңдер ме 5-сынып оқушылары.Бүгінгі « Тұмаудың алдын алу» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ашық тәрбие сағатының бөлімдерін таныстырып өтейін.

  • Оқушылар суретке қарап, бүгінгі сынып сағатының тақырыбын анықтайды.

  • Тұмау туралы жалпы түсінік.

  • Денсаулық тақырыбына мақал-мәтел айтып жарысу.

  • Тұмаудың алғашқы белгілері

  • Тұмауды емдеу.

  • Қорытынды сұрақтар.

Ұйымдастырылу бөлімі:
Тұмау түсінігін ашу. Слайд арқылы түсіндіру
Тұмау – бас салу, шап беру деген мағынаны білдіреді. Тұмау- тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар)тыныс жолының кілегей қабығында өсіп- өнеді, Мұрынның шырышты қабықтарын зақымдайды, қанға сіңіп жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың негізгі қоздырғышы- ОРТОМИКСОВИРУСТАР.Олардың 3 түрі болады А,В,С.
Денсаулық тақырыбына Мақал- мәтелдер айту.

  1. Байлық байлық емес- денсаулық байлық

  2. Салауатты өмір- денсаулық кепілі.

  3. Ауру қалса да - әдет қалмайды.

  4. Денсаулық кепілі - тазалық.

  5. Жарлының байлығы- деніңнің саулығы.

  6. Тазалық- денсаулық негізі, денсаулық- байлық негізі.

  7. Тәні саудың- жаны сау.

  8. Денсаулық - зор байлық

  9. Бірінші байлық- денсаулық

  10. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.


Тұмаудың негізгі белгілері:

  • Тоңып, дірілдеу;

  • Бастың ауруы;

  • Дауыстың нашарлауы;

  • Көздің қызаруы;

  • Қақырық пайда болады



  • Дене қызуының көтерілуі;

  • Әлсіздік;

  • Құрғақ жөтел;

  • Бұлшық ет пен буындардың сырқырап ауруы;

  • Тамаққа тәбеті болмау;

  • Ұйқының бұзылуы;

Тұмау вирусы:

  • Науқастың ыдысы;

  • Сүлгісі;

  • Кітабы;



Тұмауды алдын- алу жолдары:



Емделу жолдары:

  • Дәрігердің бақылауында болу;

  • Науқастың жеке бөлмесі және ауасы таза болу қажет;

  • Орамалы, ыдысы, жиі қайнатылып, жуылуы тиіс;

  • Организмнің арнайы улануын азайтатын дәрі- дәрмектер беріледі;

  • Құнарлы мезгілімен тамақтану;

  • С дәрумендеріне бай көкөністер (шикі жуа, сарымсақ, пияз бұрыш)болуы қажет.

  • Тұмауға қарсы сусындар ішу; (қайнаған сүт,ішіне бұрыш, сары май салып ішу, 1стакан қайнаған суға 1 ас қасық бал , 1 ас қасық ит мұрын таңқурай, малиина , қосып ішу.



Қорытынды: Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар беріледі.

  1. Тұмаудың алғашқы белгілері қандай?

  2. Тұмау қалай жұғады?

  3. Тұмаудан қалай сақтанамыз?

Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отыра, талдап, бүгінгі сынып сағатын қорытындылайды.
« Күнің тұман болмасын, ауруың тұмау болмасын !» демекші Денсаулығымызды бағалай білейік. Ешқашан ауырмайық.. Қатысқандарыңызға көп- көп рахмет. Сауболыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет