Сынып жетекшісі мен оқушылардың ата-аналарының өзара əрекеттесу формалары



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата08.11.2023
өлшемі86,28 Kb.
#190215
1   2   3
Байланысты:
Дәстүрлі
407327.pptx, ХИМИЯ
Мектепішілік ата-аналар
жиналысы, əдетте, жылына екі рет өтеді. Мұндай
кездесулердің тақырыбы мектептің белгілі бір кезеңдегі жұмысы туралы есеп беру
сипатында болады. Бұл жиындарда директор, оның орынбасарлары сөз сөйлейді,
мектептің ата-аналар комитеті жұмыс туралы есеп береді.
Мысалы, білім беру мекемесі аттестациядан өтіп ата-аналар ұжымы жеткен
жетістіктерді атағысы келеді.
Мектепшілік ата-аналар жиналысын ата-аналардың бала тəрбиесіндегі жиған
тəжірибесін көрсету үшін пайдалануға болады. Сонымен, оқу жылының соңында бала
тəрбиесінде оң тəжірибесі бар отбасыларды марапаттауға болады.


Мектептің тəрбие жұмысы жүйесінде
ата-аналар конференциясының
(сыныптық, мектепшілік) маңызы зор. Ата-аналар конференциялары қоғамның өзекті
мəселелерін талқылауы керек, себебі келешекте балалар сол қоғамның белсенді мүшесі
болмақ. Əке мен бала арасындағы кикілжің мəселелері жəне одан шығу жолдары,
есірткі, отбасындағы жыныстық тəрбие – осының бəрі ата-аналар жиналысында
қамтылуы тиіс.
Ата-аналар конференциясы мектепте жұмыс істейтін психологтардың,
əлеуметтік педагогтардың міндетті түрде қатысуымен жəне мұқият дайындығымен
өтуі керек. Олардың міндеті – конференция мəселесі бойынша социологиялық жəне
психологиялық зерттеулер жүргізу жəне оларды талдау, сонымен қатар конференцияға
қатысушыларды
зерттеу
нəтижелерімен
таныстыру.
Ата-аналардың
өздері
конференцияның белсенді қатысушылары болмақ.
Олар өз тəжірибесіне жүгініп
мəселені талдайды.
Конференцияның айрықша ерекшелігі - ол белгілі бір шешімдерді қабылдайды
немесе айтылған мəселе бойынша іс-шараларды белгілейді.
Жеке консультациялар
сынып жетекшісі мен отбасының өзара əрекеттесуінің
маңызды формасының бірі.
Бұл əсіресе мұғалім сынып жинаған кезде қажет.
Ата-ананың мазасыздануын, өз баласы туралы айтудан қорқынышын жеңу үшін
ата-аналармен жеке консультация-сұхбат өткізу қажет. Консультацияға дайындалу
кезінде бірқатар сұрақтарды анықтап сол сұрақтардың жауаптарын тəрбие жұмысын
жоспарлауда пайдалану қажет.
Жеке консультация зерттеу сипатында болуы жəне
ата-ана мен мұғалім арасында жақсы байланыс орнатуға көмектесуі керек. Мұғалім
ата-аналарға бейресми жағдайда өз ойын айтуға жəне олардың баламен жұмыс істеу
үшін не қажет екенін білуге мүмкіндік беруі керек:

бала денсаулығының ерекшеліктері;

оның хоббиі мен қызығушылықтары;

отбасымен қарым-қатынас ерекшеліктері;

іс-əрекет реакциялары;

мінез-құлық ерекшеліктері;

оқуға деген мотивациясы;

отбасының адамгершілік құндылықтары.
Жеке консультация кезінде, мұғалім ата-аналармен бірге толтыратын «Менің
балам» сауалнамасын пайдалануға болады:
1.
Ол дүниеге келген кезде ______________________________________
2.
Оның өмірінің алғашқы жылдарындағы ең қызық __________ болды.
3.
Денсаулығы туралы айтатын болсақ _____________________
4.
Мектепке дайындық мəселесі туындағанда, біз _______________
5.
Оның мектепке деген көзқарасы _________________________________
болды.
6.
Алғашқы жылдары ол негізінен ________________________ үйренді.
7.
Оған пəндерден _________________________ ұнайтын.
8.
Бірінші мұғалімімен қарым-қатынасы _____________________ болды
9.
Сыныптастармен
қарым-қатынас
құрғанда
______________________________________
10.
Тəрбиедегі қиындықтар ________________________ байланысты.
11.
Мұғалімдердің _________ назар аударғанын қалаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет