Сынып Күні: Тақырыбы



бет1/3
Дата10.04.2017
өлшемі0.57 Mb.
түріСабақ
  1   2   3

PowerPlusWaterMarkObject2620725


Сынып

Күні:
Тақырыбы: Тірі табиғат дүниесі
Мақсаты: Оқушыларға тірі табиғат дүниесі туралы мәлімет беру. Ағзалық әлемнің маңызын көрсету. Тірі табиғат дүниесінің топтарға жіктелуін мәлімдеу.
Міндеті: Тірі ағзаның негізгі қасиеттерімен таныстыру. Өсімдіктер мен жануарлардың біртұтас ағза екенін қалай дәлелдегені туралы оқып үйрету
Құрал-жабдықтар: вирустар, саңырауқұлақтар, бытыраңықтар, қыналар, өсімдіктер, жануарлар суреттері. Электрондық көрсетілімдер.
Сабақ типі: жаңа сабақ түсіндіру.
Әдістемелік шешім: оқушылармен сұхбаттасу арқылы дәріс-сабақ жүргізу.
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Жүйелі жіктеу

1.Ағзалық әлем деген не?

2. Тірі табиғат дүниесі

3. Вирустар дүниесі

4. Бытыранықтар дүниесі

5. Саңырауқұлақтар дүниесі

6. Қыналар дүниесі

7. Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері.




1.Бүкіл дүние жүзінде тіршілік етіп, өмір сүретін барлық ағзалар жиынтығы – ағзалық әлем деп аталады.

2. Тірі табиғат дүниесі дегеніміз – биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғарғы тобы. Дүние жүзінде ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі.

Тірі табиғат дүниесі

саңырауқұлақтар

вирустар бытыраныктар
өсімдіктер жануарлар

3. Вирус – “У” деген сөз. Бұл жасушасыз тірлік құрылымындағы затия

4. Бұлар микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады.

5. 1-ші қасиеті өсімдіктерге ұқсас. Олар қозғалмайды, жасушасы тығыз қабықшамен қапталған. 2-ші қасиеті – жанурларға тән. Жасушасында пластидтер болмағандықтан, ағзалық зат түзбейді, дайын ағзалық заттармен қоректенеді.

6. Қыналар – сирек кездесетін, құрам бөлігінде көк-жасыл балдырлар мен саңырауқұлақ үйлескен ағза.

7. Негізгі ерекшеліктері- тыныс алады, қоректенеді, зәр шығарады, қозғалады, көбейеді, өседі, дамиды, тіршілігін жояды.



Әсер етуші факторлар

1.Климат


2. Экология

3. Адам


Жаңа ұғым


ІІІ. Бекіту: кесте толтыру


Ағзалық әлем дүниелері

Өкілдері

Дүниеге бөліну себебі

1

2

3



4

5










ІV. Қорытынды: Жануарлардың өсімдіктерден айырмашылықтарына мысал келтіру.
V. Бағалау
VІ. Үй тапсырмасы: 1-параграф сұрақтарына жауап беру, оқу.

Сынып: 7

Күні:
Тақырыбы: Жасушасыз тіршілік құрылымы
Мақсаты: Тірі табиғатта вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайтыны туралы мәлімет беру

Міндеті: Вирустар туралы толық ақпарат беру
Дамытушылығы: Вирустар ауру туғызытыны, олардан сақтану шараларын оқып үйрену
Білімділігі: ИТИС ауруының вирусы туралы оқыту, иммунитет – ағзаның қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті екенін дәлелдеу
Тәрбиелілігі: Вирустардан сақтану шараларын білу, өз гигиенасын сақтау
Құрал-жабдықтар:флипчарт, вирустардың суреттері, ауру туғызатын вирустар суреттері, электронды көрсетілімдер
Сабақ типі: аралас сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ағзалық әлем деген не?


2. Тірі табиғат дүниесі туралы не білесін?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Жүйелі жіктеу

1.Вирустарға жалпы сипаттама

2. Ауру туғызытын вирустар

3. Иммунитет



Вирус- жасушасы жоқ өте ұсақ бөлшекті затия. Ол екі түрлі неклеин қышқылынан және сыртында нәруызды қабығы бар заттардан құралады. Мөлшері 0,0000002 см.

Бактерия жасушасына енетін вирус – фаг немесе бактериофаг.


Вирус ағзаның жасушасына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады. Олар: тұмау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ИТИС.
Иммунитет- ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті.

Әсер етуші факторлар


ІV. Бекіту: Тірі табиғатта вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайды. Олар бактериядан да кішкене, жай көзге көріндейді.
V. Қорытынды: Вирус – жасуша ішінде тіршілік етеін паразит. Олар ауру туғызады.
VІ. Үй тапсырмасы: 2 параграфты оқу, ИТИС жөнінде баяндама дайындау

VІІ. Бағалау

Сынып

Күні:
Тақырыбы: Бактериялар дүние тармағы
Мақсаты:Бактриялармен таныстыру, оның ашылу тарихын, зерттеген ғалымдарды көрсету
Міндеті: Микробиология ғылымының зерттеу саласын мәлімдеу.
Дамытушылығы:Микробиология ғылымы пайда болғаннан кейін, бактериялардың пішіні, құрылысы, тіршілік әрекеті толығырақ зерттелгені туралы білімін одан әрі толықтыру
Білімділігі: Бактерияларды өз қолымызбен өсіре алатынымызды көрсету
Тәрбиелілігі: айналадағы қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге баулу
Құрал-жабдықтар: Флипчарттар, бактериялар суреттері, электронды көрсетілімдер

Сабақ типі: аралас сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Вирустар туралы не білесін?


2. ИТИС туралы әңгімеле
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жүктеу

1. Ашылу тарихы

2. Бактерияларға жалпы сипаттама


Антон Левенгук –микроскопты 150-270 есе ұлғайтқан.

Луи Пастер – ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.

Микробиология – көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиетін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым.

Бактерия бір жасушалы ағза. Пішіндері: таяқша, шар, үтір, оралма.

Спора – тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша

Сапрофиттер - өлі ағза денесінде тіршілік ететіндер

Паразиттер – тірі ағзалар денесінде тірішілік ететіндер


Әсер етуші факторлар



ІV. Бекіту: Зертханалық жұмысқа қажетті бактерияларды өсіру.
V. Қорытынды: Әйгілі адамдар мен ғалымдар деректері микробиология ғылымын дамытуға үлес қосты. Солардың нәтижесінде бактериялардың пішіні, құрылысы, тіршілік әрекеті едәуір толыө зерттелді. Қоректеуіне қарай сапрофиттер және паразиттер тобына бөлінеді.
VІ. Үй тапсырмасы: 3 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.
VІІ. Бағалау

Сынып

Күні:
Тақырыбы: Ауру туғызытын бактериялар және олармен күресу шаралары. Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы және көк-жасыл балдырлар бөлімі
Мақсаты: Ауру туғызытын бактериялар түрлерімен таныстырып, олардың зияны туралы түсіндіру. Бактериялардың халық шаруашылығына маңызы барын көрсету.
Міндеті: Ауру туғызытын бактериялармен таныстыру, олардың алдын алу шараларын сақтауды мәлім ету.
Құрал-жабдықтар: “Ауру тудыратын бактериялар”, “Бактерия зақымдаған өсімдіктер”, “Шіріту бактериялары”, “Түйнек бактериялары”, “Ашытқы бактериялары” суреттері, электронды көрсетілімдер, флипчарт.
Сабақ типі: Жаңа сабақ түсіндіру
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Жүйелі жіктеу

1.Ауру туғызатын бактериялар

2. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы

3.Шіріту бактериялары

4. Түйнек бактериялары

5. Цианобактериялар



Ауру туғызатын бактериялар – адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы. Олар туғызатын аурулар: оба, сіріспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаң.

Індет- ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруы


Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы – тазалық ережелерін сақтау. Киімді таза ұстау. Ағзаны шынықтыру. Тағамдарды көгеруден сақтау.

Пеницилл дәрісін қабылдағанда ауру қоздырғыш бактериялар тіршілігін жояды.

Бактериоз – бактериялардың өсімдіктерді зақымдауы.
Шіріту бактериялары – біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы. Олар өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. 1 г қара топырақта – 5-6 млрд бактериялар болады.
Түйнек бактериялары – жоңышқа, беде, асбұршақ, сиыржоңышқа, соя шеңгел сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктермен селбесіп тіршілік етеді.
Цианобактериялар- бактериялардың фотосинтез процесі жүретін жасыл-қызыл түсті өкілдері.

Осциллятория трихомасы- бұтақталмаған бір түрі.

Спирулина цианобактериясын нәруыз өндіру үшін көптеген елдерде арнайы суқоймаларында өсіріледі.


Әсер етуші факторлар

№ 1 Зертханалық жұмыс Сүт қышқылы бактерияларын, цианобактериялар мен пішен таяқшасын микроскоппен қарау.


ІІІ. Бекіту: Бактериялар тіршілік әрекетіне қарай алуан түрлі болады және олардың табиғаттағы маңызы өте зор. Сапрофитті бактериялардың көпшілігі өсімдіктер мен өлген жануарлардан, саңырауқұлақтардан қалған ағзалық заттарды ыдыратады, шірітеді.
ІV. Сабақ қорытындысы: Бактериялардың табиғатта және халық шаруашылығнда маңызы зор. Олардың кейбір түрлері өсімдік қалдығымен, жануарлар өлексесімен, саңырауқұлақтардан қалған қалдықтарды ыдыратып, шірітеді. Топырақ құнарлығын жақсартуға қатысады. Бактериялар зат айналымына қатысып, тіршіліктің жалғасуына себепші болады. Цианобактериялардың кейбір түрі бос азотты синтездеп, нәруызға айналдыра алады. Сөйтіп, нәруыз өндіру үшін арнайы суқоймаларда өсіріледі.
V. Үй тапсырмасы: 4,-5 параграфтарды оқып, сұрақтарға жауап беру
VІ. Бағалау

Сынып

Күні:
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар. Төменгі сатыдағы біржасушалы саңырауқұлақтар. Зең саңырауқұлақтары.
Мақсаты: Саңырауқұлақтар туралы мәлімет беру. Білім алушыларға саңырауқұлақтар неге бөлек дүниеге жатқызылғанын түсіндіру.
Міндеті: Білім алушыларға саңырауқұлақтар дүниесін, олардың жасушаларының құрылысын, біршасушалы саңырауқұлақтарға қандай саңырауқұлақтар жататынын түсіндіру, таныстыру.
Құрал-жабдықтар: Саңырауқұлақтың нақпішіндері, суреттері, электронды көрсетілмдер, флипчарт.
Сабақ типі: Жаңа сабақ түсіндіру
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Жүйелі жіктеу

1. Жалпы сипаттамасы

2. Саңырауқұлақ жасушасының құрылысы

3. Біржасушалы саңырауқұлақтар

4. Зең саңырауқұлақтары


100 мыңнан астам түрі бар. Өсімдіктерге тән: қанша тіршілік етсе, сонша өсе береді, қозғалмайды. Жануарларға тән: дайын қорекпен қоректенеді, хитин жамылғысы сияқты қабық болады.

Микология ғылымы – саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым.

Жасушаның сыртында қатты қабығы, ішінде цитоплазма, ядро, митохондрия, лизосама, рибосома.

Көбею
­­

­­өсімді жынысты жыныссыз

көбею көбею көбею


Біржасушалы саңырауқұлақтың мысалы ретінде ашытқы саңырауқұлақтары жатады.

Олар бір жасушадан тұрады. Ашытқы саңырауқұлағы бүршіктену арқылы тез көбейеді. Жынысты көбею кезінде екі өсімді жасшалар қосылады.


Зең саңырауқұлақтары да төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады. Олардың құрылысын тек микроскоп арқылы көруге болады. Үйде ұннан жасалған тағамдардың беті 2-3 күн жабық тұрса, бетін жұмсақ мақта тәрізді мукор саңырауқұлағының жіпшумағы пайда болады. Ол түссіз бір жасуша. Пеницилл мен аспергилл зең саңырауқұлақтары болып табылады. Медицинада пенициллдің 2 түрінен пениццлл дәрісін алады. Оны өкпе қабынуынан, дифтериядан, ревматизмнен қолданады.

Әсер етуші факторлар

№ 2 зертханалық жұмыс. Ашытқы және зең саңырауқұлақтарының тіршілігін бақылау


ІІІ. Бекіту: зең саңырауқұлақтары медицинада дәрі-дәрмек ретінде, қымыз, сүт, шарап ашытып, нан пісіруде пайдаланылады. Олардың зияны да бар: кротп, жеміс, дәнді дақылдарды шірітеді. Адам және ауыл шаруашылық малдарына ауру туғызады.
ІV. Сабақ қорытындысы: Микроскоптармен төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды қарау
V. Үй тапсырмасы: 6 -7 параграфтарды оқып, сұрақтарға жауап беру
VІ. Бағалау

Сынып

Күні:
Тақырыбы: Қына – ерекше тірі ағза. Қыналар.
Мақсаты: білім алушыларды осы уақытқа дейін төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатқызып жүрген қыналар өсімдік тобымен таныстыру.
Міндеті: білім алушыларға қыналардың құрылысын, маңызын түсіндіру
Дамытушылығы: қынаның табиғатта кездесетін жерлерін көрсетіп, солар туралы білетін білімдерін одан әрі дамыту.
Білімділігі:білім алушыларға қыналардың маңыздылығын көрсету
Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, еңбекшілікке, ұжымдық қатынастарын дамыту
Құрал-жабдықтар: электрондық көрсетілім
Сабақ типі: аралас сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Ашытқы саңырауқұлақтары туралы не айта аласын?

2. Зең саңырауқұлақтарының шаруашылықтағы маңызы


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Жүйелі жіктеу

1. Қыналар туралы жалпы мәлімет

2. Қына пішіндері

3. Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы



Қыналар көбінесе тірі табиғаттың жеке дүние ретінде қарастырылады. Олар – ерекше және ғажап ағзалар. Қыналар денесі саңырауқұлақтан және балдырдан тұрады. Қынаны төсеміке саңырауқұлақ орналастырады. Қазіргі кезде қыналардың 26 мыңға жуық түрі бар. Қынаны зерттеушілер – лихенологтар деп атайды.
Қыналар пішіндеріне қарай үш топқа бөлінеді:

1. ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қабық тәрізді қына. Олар сраы-қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр, жұқа болады.

2. орманда ағаш діңіне, түбіріне жабысып өсетін жапырақ пішініне ұқсастары – жапырақ тәрізді қыналар.

3. қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтақталған ақшыл-жасыл, ақшыл түстілер – бұта тәрізді қыналар.

Қынылар өсімді жолмен көбейеді.

Қыналардың топырақта қоректенуі нашар жүреді. Қыналардың шаруашылықтағы маңызы өте зор. Бұғы қынасы деп аталатын қынаның бірнеше түрі тундра, тайгада қыс кезінде бұғылардың негізгі азығы болып табылады.



Әсер етуші факторлар

Климат


Экология

Күн


Ауа райы

Ылғал
Жаңы ұғым

Қына



ІV. Бекіту: Қыналар қайда кездеседі?

Қынаның қандай түрлері бар?


V. Сабақ қорытындысы: қыналар – ерекше құрылымды тірі ағза. Өсімдіктер мен жануарлардан ерекшеліктері болғандықтан, оларды өсімдіктер ретінде емес, саңырауқұлақтардың бір бөлімі ретінде қарастырдық.

VІ. Үй тапсырмасы:12 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 7

Күні
Тақырыбы: ­­Өсімдіктер тіршілігімен танысу және оларды жіктеу
Мақсаты: Білім алушыларға өсімдіктердің жіктелу ерекшеліктерін, олардың ортақ белгілерін түсіндіріп, оқыту.
Міндеті: Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбею ерекшеліктерімен таныстыру, өсімдіктердің жүйелену жолдарымен таныстыру.
Дамытушылығы: Білім алышылардың өсімдіктер дүниесі туралы білімдерін одан әрі дамыту
Білімділігі: Білім алушыларға туыс, тұқымдас, қатар, клас ұғымдарын түсіндіру.
Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, қорғай, аялай білуге баулу. Оларды ұжымшылдыққа, топтастыруға үйрету.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Құрал – жабдықтар: электронды көрсетілімдер, өсімдіктердің көбею жолдары көрсетілген суреттер.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Жүйелі жіктеу

1. Өсімдіктердің бөлінуі

2. Өсімдіктерге тән белгілер

3.Өсімдіктердің көбеюі

4. Өсімдіктерді жіктеу


1. Өсімдіктер төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер болып екіге бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырларды жатқызамыз. Ал жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге мүктерді, қырықбуындарды, өсімдіктерді жатқызамыз.
2. Өсімдіктерге тән ортақ белгілер:

1. Қасеттері: зат алмасу, көбюе, тыныс алу, тітіркену, қоректену, т.б

2. барлығы жасушалардан тұрады.

3. Ұлпалары: түзуші, негізгі, жабын, тірек, фотосинтездеуші, қор жинаушы, өткізгіш, бөліп шығарушы ұлпалар болады.

4. Мүшелері: сабығы, тамыры, жапырағы, гүлі болады.

5. Өсімдіктер тіршілігінің соңына дейін өсе береді

6. Көбеюі: өсімді, жынысты, жыныссыз
3. Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз – жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті.

Өсімді көбею дегеніміз – денеден тіршілік ете алатын бөліктердің бөлінуі арқылы түрдің жеке санының артуы.

Жыныссыз көбею споралар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Зооспора қозғалғыш спора деген мағынаны береді. Зооспоралар арқылы көбюе суда, ылғалы мол топырақта өсетін балдырларға тән.

Жынысты көбею кезінде қасиеттері жағынан айырмасы бар гаметалар қосылып зигота пайда болады.


4. Қазір жер бетінде 500 мыңдай түрі, ал ҚР 5600 дей өсімдік түрлері бар. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін – туысқа, ұқсас туыстарды – тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды – қатарға, ұқсас қатарларды – класқа, кластарды- бөлімге жіктейді. Жүйенің ең кіші бірлігі – түр.

Әсер етуші факторлар


IІІ. Бекіту. Түр – туыс – тұқымдас – қатар – класс – бөлім. Осы қатарға мысал келтіру.
ІV. Сабақ қорытындысы: Өсімдіктердің барлығына тән ортақ белгілер болады. Басқа тірі ағзалар тәрізді зат алмасады, қоректенеді, тыныс алуды, көбейеді, тітіркенеді. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Өсімдіктер ажырату үшін оларды жүйелейді.
V. Бағалау
VІ. Үй тапсырмасы: 13 парграфты оқып, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 7 «а»

Күні --------------------------------

Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар

Мақсаты: Білім алушыларды сңырауқұлақтардың жоғарғы сатысымен таныстырып, олардың төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардан ерекшеліктерін көрсетіп, түсіндіру. Улы және жеуге жарамды сңырауқұлақтарды айыра білуге үйрету.

Міндеті: Білім алушыларды симбиоз, микориза терминдерімен таныстырып, олардың маңызын, ерекшеліктерін көрсету.

Дамытушылығы: Білім алушылардың осыған дейінгі саңырауқұлақтар туралы білген білімдерін одан әрі толықтырып, саңырауқұлақтардың улы және жеуге жарамды түрлерімен таныстыру.

Білімділігі: Білім алушыларға симбиоз бен микоризаның айырмашылығын түсіндіру.

Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, қорғай, аялай білуге баулу. Оларды ұжымшылдыққа, топтастыруға үйрету.

Сабақ типі: аралас сабақ

Құрал – жабдықтар: Улы саңырауқұлақтар, жеуге жарамды саңырауқұлақтардың суреттері, элктрокөрсетілімдер, флипчарт, саңырауқұлақтардың нақпішіндері

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Зең саңырауқұлақтарының тұрмыста пайда болу себептерін айтып бер. 2. Жіпшумақ, мукор, аспергилл, пеницилл ұғымдары нені білдіреді?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру: Жоғары сатыдағы көпжасушалы саңырауқулақтардың мысал ретінде қалпақшалы саңырауқұлаққа тоқталамыз. Саңырауқулақтар қарағай, самырсын, көктерек, қайын, қарағаш, сияқты орманда, ағаштардың түбінде, кездеседі,саңырауқұлақтар ауа райы ылғалды және жылы болса, жақсы өседі. Қүннің жарығын керек етпейді, өйткені оларда хлорофилл болмайды. Өсімдіктердің даяр ағзалық заттарымен көректенеді.

Жүйелі жіктеу

1. Қалпақшалы саңырауқұлақтар

2. Саңырау-құлақтардың өсімдіктермен селбесуі

3. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың айырмашылығы



1. Қалпақшалы саңырауқұлақтар қалпақтан және түбіртектен тұрады. Оны жемісті денесі деп атайды. Жемісті денесі жіпшумақтан дамиды.жіпшумағы топырақ арасында көрінбей жатады, жіпшесін микроскоппен қарасақ оның бір қатарға орналасқан ұзын жасушалардан тұратының көреміз, жіпшесінің жасушалары екі ядролы, жіпше жақсы өсу үшін ауа, ылғал, жылу кажет.сондықтанжіпшесі топыраққа тереңенбей 6-12 см терендікке таралады.

Саңырауқұлақтар



Түтікшелі Қатпарлы

Қалпағының астында Қалпағының астында

майда шұрықтар болады.үстінгі қатпарлар болады.арышқұлақ,

Қабаты жылтыр,түрлі түсті реңді болса, түлкіжем,қозықұйрық саңыр түбір

астыңғы кабаты түтікшелі және қатпарлы тектен шоқталып, тараған қатпар

болып келеді ларға толы екенің көреміз

2. Микориза – саңырауқұлақтардың ағаш тамырларымен селбесіп өсуі.саңырауқулақтың жіпшелері ағаштың тамырын айнала қоршап алады,тіпті тамырдың ішіне енеді, топырақтан су мен минералды заттарды сорады.

Симбиоз – саңырауқұлақтар мен ағаштардың пайдалы өсуі. /селбесу\

Қалпақшалы саңырауқұлақтар споралары арқылы дамиды, көбейеді. Споралар суыққа, құрғақшылыққа өте төзімді келеді.


3. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар да жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады. Оларды өсімдік еті деп, тағамдарға қосады. Оның құрамында 10-20% құрғақ затының, 2-4% нәруыз, 1% май болады. бұлар саңырауқұлақтың дәмін жақсартады. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 100-ге жуық түрі бар.

Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар

Жеуге жарамды

Улы

Ақ саңырауқұлақ

Арышқұлақтар

Майқұлақ

Ойысқұлақ

Түлкіжем

Қозықұйрық

Бүріскі

Көңқұлақ

Жалған түлкіжем

Боз арамқұлақ

Шыбынжұт

Көңілкеш

Жалған түбіртек




Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың айырмашылығы

Жеуге жарамды

Улы

Кәдімгі түлкіжем- қалпақшасының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақшыл-сары түсті

Жалған түлкіжем – қалпақшасының үсті тегіс, үстіңгі беті қызғыл-сары түсті

Қозықұйрық – қалпақшасының астынғы жағы алқызыл түсті болады.

Боз арамқұлақ – қалпақшасының асты ақшыл-жасыл түсті болады.




Әсер етуші факторлар


Каталог: uploads -> doc -> 134c
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
134c -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы
134c -> Сабақ жоспары №15 Пәні: Дәнекерлеуші сантехниктің арнайы технологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет