Сынып Күні: Тақырыбы


VІ. Бағалау VІІ. Үй тапсырмасы



бет3/3
Дата10.04.2017
өлшемі0,57 Mb.
#13557
түріСабақ
1   2   3

VІ. Бағалау
VІІ. Үй тапсырмасы: 5 тараудың кіріспесін оқып, төменгі сатыдағы өсімдіктер мен жоғары сатыдағы өсімдіктер айырмашылығын жазып келу

Сынып: 7

Күні:
Тақырыбы: Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі
Мақсаты: Мүктәріздес өсімдіктердің тірі табиғаттағы маңызы туралы жаңа түсініктерді қалыптастыру.
Міндеттері

Дамытушылығы: білім алушылардың ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту. Салыстыру және қорыту біліктілігін дамыту.
Білімділігі: Мүктәріздес өсімдіктердің тірі табиғаттағы маңызы туралы жаңа түсініктерді қалыптастыру. Мүктәріздес өсімдіктердің көбею, даму, өсу ерекшеліктерін түсіндіру.
Тәрбиелілігі: білім алушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық – гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Мүктәріздес өсімдіктер суреттері, флипчарт, электронды көрсетілімдер.
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Жоғары сатыдағы өсімдіктер туралы не білесің?

  2. Жоғары сатыдағы өсімдіктер ерекшеліктері


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1. Мүктәріздес өсімдіктер ерекшелігі

2. Көкек мүгі


Дүние жүзінде 22 – 27 мыңға дейін түрлері бар.

Бриология – мүктерді зерттейтін ғылым.

Мүктәріздестер – аласа, көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. 1 мм – 70 см дейін.

Құрылысы


Ризоид сабағы жапырағы

Ризоид – бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабығының өсіндісі

Сабағы - сыртын бірнеше қатар жасушалардан тұратын қабықша жауып тұрады.
Көкек мүгі – екіүйлі өсімдік. Аталық- көпжылдық, аналық – біржылдық. Биіктігі – 40 см. Сабағы бұтақтанбайды. Сабағында тірек ұлпасы болады. Фотосинтез жүреді.

Көбеюі


Жынысты жыныссыз

Жынысты – аталық өсімдік ең ұшында аталық жыныс жасуша. Аналық ең ұшында аналық жасуша. Аналық + аталық – ұрықтанады – жұмыртқажасуша – қауашақ – спора.

Жыныссыз – споралар шашылып, өніп, өскін пайда болады.


Әсер етуші факторлар


ІV. Бекіту: 1. Ризоидтың тамырдан айырмашылығы

2. Мүктәрізділердің жынысты және жыныссыз көбеюін талдау.


V. Қорытынды: Мүктәріздестер қоңыржай белдемде кең таралған. Мүктердің көпшілігі сабақты және жапырақты болып келеді. Тамыр қызметін ризоид атқарады. Мүктер өсімді, жыныссыз, жынысты жолмен тек суда ғана көбейеді. Мүктәріздестердің аса кең тараған өкілі. Көкек мүгі және шымтезек мүгі. Көкек мүгі спора арқылы, өсімді, жыныссыз жолмен көбейетін екі үйлі жасыл өсімдік.
VІ. Үй тапсырмасы: 17 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.
VІІ. Бағалау

Сынып: 7

Күні:
Тақырыбы: Шымтезек мүгі.
Мақсаты: Мүктәріздес өсімдіктердің тірі табиғаттағы маңызы туралы жаңа түсініктерді қалыптастыру. Шымтезек мүгінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Міндеттері

Дамытушылығы: білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту.
Білімділігі: Мүктәріздес өсімдіктердің тірі табиғаттағы маңызы туралы жаңа түсініктерді қалыптастыру. Мүктәріздес өсімдіктердің көбею, даму, өсу ерекшеліктерін түсіндіру. Шымтезек мүгінің құрылысы мен көбеюі туралы ой қозғау.
Тәрбиелілігі: жинақылық пен көңіл аударуға үйрету. Салауатты өмір сүру салтын ұстануға тәрбиелеу. өздігінше ойлануға баулу.
Құрал-жабдықтар: Мүктәріздес өсімдіктер суреттері, флипчарт, электронды көрсетілімдер.
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Мүктерді зерттейтін ғылым. Мүктер қалай қоректенеді?

  2. Ризоид деген не?


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1.Шымтезек мүгінің құрылысы

2. Маңызы


Шымтезек мүгінің сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік. Басқа мүктәріздес өсімдіктерден айырмашылығы – ризоиды болмайды. Сабақ арқылы сіңіреді.

Жапырақ жасушалары

Ұзын, жіңішке, хлорофилл ішінде цитоплаз

дәндері бар жасыл -масы жоқ өлі

түсті тірі жасушалар жасушалар
фотосинтез жүреді су қоры жиналады

Көбеюі


Жынысты жыныссыз
Шымтезек мүгі – ылғалы мол жерлерде өседі. 1. Топырақтың батпақтануын тездетеді.

2. Топырақ түзеді

3. Балапан шығаратын құстардың қорегі, тығылатын орны.

4. Шымтезек өндіреді

5. Су – тұщы су қоры.


Әсер етуші факторлар


ІV. Бекіту: 5 зертханалық жұмыс. Көкек мүгінің (жасыл мүк) құрылысы.
V. Қорытынды: Шымтезек мүгінің 350-ден астам түрі бар. Ол – бірүйлі өсімдік. өте ылғал жерлерде тамырсыз және ризоидсыз, тікелей суды сабағы және жапырағы арқылы сіңіреді. Шымтезек мүгі суды өз салмағынан 20-25 есе көп сіңіре алады. Құрғақшылық кезінде, су болмағандықтан, өлі жасушалардың іші ауаға толады да мүктің түсі ағарып кетеді. Сондықтан ақ мүк деп те атайды. Шымтезек мүгінің сабағы түпкі бөлігінен қурайды. Сөйтіп, шымтезек түзеді. Шымтезек мүгі латынша сфагнум деп аталады.
VІ. Үй тапсырмасы: 18 параграфты оқып, сұрақтарға жауап, беру.
VІІ. Бағалау

Сынып: 7

Күні:
Тақырыбы: Плаунтәріздес өсімдіктер бөлімі. Қырықбуынтәріздес өсімдіктер бөлімі.
Мақсаты: плаунтәріздес өсімдіктер және қырықбуынтәріздес өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беру.
Міндеттері

Дамытушылығы: тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту.
Білімділігі: плаунтәріздес өсімдіктер және қырықбуынтәріздес өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беріп, осы өсімдіктердің ерекшелігі және көбеюі жолдары туралы білімдерін толықтыру.
Тәрбиелілігі: өзін - өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу. өздігінше ойлануға баулу. Денесін жетілдіру қажеттілігін сезінуге баулу.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, кеппешөптер, флипчарт
Сабақ типі: аралас сабақ, зертханалық жұмыс
Әдістемелік шешім: сұхбаттасу, әңгімелесу, білім алушылардың ойын тыңдау, көрсетілмдер көрсету, кітаппен жұмыс.
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Көкек мүгі мен шымтезек мүгін салыстыру. Тақтамен жұмыс


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1.Плаунтәріздес өсімдіктердің сипаттамасы

2. Қырықбуынтәріз-дес өсімдіктердің сипаттамасы.


Сабағы жерге төселіп өседі, төселген сабақтан жоғары қарай - ұсақ жапырақтары бар өркендері, төмен қарай қосалқы тамырлары жетіледі. Күзде тік өркендердің ұшында 2-ден спора түзетін масақтары дамиды.

Сабағы сыртқы - өң – асты қабық.

Ортаңғы – шеңберлі шоқ

Сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар.

Көбеюі

өсімді жынысты жыныссыз


Өсімді – төселіп өсетін өркендері, үзінділер арқылы

Жыныссыз – споралар арқылы

Жынысты – споралардың өнуінен басталады.

Маңызы:


  1. фотосинтез, О2 бөліп шығарады.

  2. топырақ түзеді

  3. дәрі-дәрмек

Сабағы көп буыннан тұрады.

Ерекшеліктері: 1. тамырсабақ

2. көктемгі өркен – 20 см, қоңыр, масақ

Көбею спора

3. жаздық өркен – хлорофилл, өсу.

Көбеюі
өсімді жыныссыз жынысты

тамырсабақ споралар споралар -

түйнек ат+ан - өскін

Маңызы: 1. топырақты бүлінуден сақтайды

2.медицинада

3. тамаққа




Әсер етуші факторлар



ІV. Бекіту: 6 зертханалық жұмыс. Далалық қырықбуынның құрылысы.
V. Қорытынды: тақтадағы кестені толтыру

Сипаттамасы

Плаунтәріздес өсімдіктер

Қырықбуынтәріздес өсімдіктер

Құрылысы







Саны







Көбеюі







Маңызы








VІ. Үй тапсырмасы: 19.20 параграфтарды оқу, сұрақтарға жауап беру.
VІІ. Бағалау

Сынып: 7

Күні:
Тақырыбы: Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер бөлімі
Мақсаты: қырықжапырақтәріздес өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беру.
Міндеттері

Дамытушылығы: тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту
Білімділігі: өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беріп, осы өсімдіктердің ерекшелігі және көбеюі жолдары туралы білімдерін толықтыру.
Тәрбиелілігі: өзін - өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу. өздігінше ойлануға баулу. Денесін жетілдіру қажеттілігін сезінуге баулу
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, кеппешөптер, флипчарт
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдістемелік шешім: сұхбаттасу, әңгімелесу, білім алушылардың ойын тыңдау, көрсетілмдер көрсету, кітаппен жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Плаун мен қырықбуын құрылысын салыстыр.

  2. Қырықбуынның кебеюі туралы айтыңдар

  3. Плаунның көбеюі жолдары


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1.Жалпы сипаттама

2.Көбею жолдары


Қырықжапырақтәріздестер – жоғары сатыдағы өсімдіктердің ең ертесі. 10000 астам түрі бар. Қырықжапырақтылар – тең споралы. Қазақстанда усасыр қырықжапырағы кездеседі. Ол ылғалды жерлерде өседі. Ол тамырсабақты өсімдік. Тамырсабақты қысқарған сабақ дейді. Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады. 1) фотосинтез, 2) споралар түзіліп, көбеюге қатысады.

Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделгендіктен, өсімдік қырықжапырақ деп аталады.

Қырықжапырқтар өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді.

Өсімді көбею тамырсабақтары және өнім бүршіктері арқылы жүзеге асады.

Жыныссыз көбею жаз кезінде қырықжапырақтың жапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай қоңыр төмпешіктер түзеді. Оларды сорустар деп атайды. Сорус дегеніміз- спарангийлердің жиынтығы.

Жыныстық көбею - өскіншеде жүзеге асады. өскінше жүрек пішінді, жасыл түсті, диаметрі 4 мм. Ол ризоидтары арқылы топыраққа бекінеді.

Қырықжапырақтыларды өсімдікжайда сәндік үшін өсіреді.


Әсер етуші факторлар


ІV. Бекіту: 7 зертханалық жұмыс. Усасыр қырықжапырағының құрылысы.
V. Қорытынды: Қырықбуынтәріздес өсімдіктер мен қырықжапырақтәріздес өсімдіктерді салыстыру, тақтамен жұмыс.
VІ. Үй тапсырмасы: 21 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.
VІІ. Бағалау


Сынып: 7 «а»

Күні:----------------------------------
Тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер.
Мақсаты: Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктермен таныстыру. Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін, түрлерін түсіндіру.

Міндеттері

Дамытушылығы: тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту

Білімділігі: Ашық тұқымды өсімдіктермен таныстырып, олардың маңызын, ерекшеліктерін түсіндіру, көбею жолдарымен таныстырып, сүрек, ашық тұқымды өсімдіктерге анықтама беру.

Тәрбиелілігі: білім алушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық – гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу

Құрал-жабдықтар: кеппе шөптер, нақпішіндер, суреттер, электронды көрсетілімдер, кестелер, сызбанұсқалар

Сабақ типі: жаңа сабақ

Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1.Жалпы сипаттама

2.Кәдімгі қарағай


Біз енді тұқымды өсімдіктер бөлімімен танысамыз. Спора мен тұқымның айырмашылығы: спора – біржасушалы түзіліс, ал тұқым – көпжасушадан тұрады. Тұқымда қоректік заттар көп болады. Тұқым түзіліп, өсімдіктердің түрлері жер бетінде тұқым арқылы таралады. Сондықтан ашық тұқымды өсімдіктерді тұқымды өсімдіктер тобына жатқызамыз. Тұқымды өсімдіктер екі бөлімнен тұрады: ашық тұқымдылар, жабық тұқымдылар.

Ашық тұқымды өсімдіктердің ең ежелгі тобы. Бұлардың тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасқандықтан, ашық тұқымды өсімдіктер деп аталады. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы – сүректі өсімдіктер, яғни бұталар, ағаштар.

Ашық тұқымдылардың өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімге ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша. Бұлар қылқан жапырақты класына жатады. Қылқан жапырақты дейтін себебі – жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кейтүрде ұшы үшкір болады. 600-ге тарта түрі бар.

Кәдімгі қарағай – бірүйлі өсімдік. Ол жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Қылқан жапырақтылар – кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жанама тамырлар тарайды. Ағаш сабағы дің деп аталады. Діннің сүрегі, өзегі қабығы болады. Қылқан жапырақтылардың бір ерекшелігі: көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады. Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Сыртқы қабыршағы – жабын, ішкісі – тұқымды деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бір-бірімен тұтасып кетеді. Тұқымды қабыршақта 2 тұқымбастама түзіледі. Жас өркеннің түбінде тығыз топтасып орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлері болады. Бұлар аталық бүрлер.



Әсер етуші факторлар


ІІІ. Бекіту: 8 зертханалық жұмыс. Қылқан жапырақты өсімдіктердің (мысалы, қарағай) қылқаны және бүрінің құрылысымен танысу.
ІV. Қорытынды: Кесте толтыру.

Қылқан жапырақты өсімдіктер

Тұрмыстағы және шаруашылықтағы маңызы

Қарағай


Шырша


Балқарағай



V. Үй тапсырмасы: 22 параграфты оқып, сұқрақтарға жауап беру.
VІ. Бағалау

Сынып: 7 «а»

Күні:-------------------------------
Тақырыбы: Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі.

Мақсаты: Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктер туралы алған білімдерін толықтыру. Жоғары сатыдағы өсімдіктермен тыныстырып, олардың ерекшеліктерін түсіндіру.

Міндеттері

Дамытушылығы: білім алушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту
Білімділігі: Гүлді өсімдіктер маңызын талдау, түсіндіру. Олардың топтарға бөліну ерекшеліктерін түсіндіру. Қосарланып ұрықтану, диаграмма терминдеріне анықтама беру.

Тәрбиелілігі: білім алушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды тәрбиелеу, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының рөлін түсіндіру

Құрал-жабдықтар: кеппе шөптер, нақпішіндер, суреттер, электронды көрсетілімдер, кестелер, сызбанұсқалар

Сабақ типі: аралас сабақ

Көрнекіліктер кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшелігі

2. Қарағай ағашы

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1.Жалпы сипаттама

2. Гүлді өсімдіктердің топтарға бөлінуі


Бұлардың көбею мүшесі –гүл. Сондықтан гүлді өсімдіктер деп атайды. Ал гүлді өсімдіктердің тұқымы жемістің ішінде жетіледі. Сондықтан бұлар жабық тұқымды өсімдіктер деп аталады. 250000 түрі бар. Гүл тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана түзілген. Аталық пен аналықтар осы гүлде жетіледі. Аналық жатынында тұқым бүршіктері орналасады. Гүлдері желмен тозаңдануға, бунақденелілермен тозаңдануға бейімделген. Осы жерде олар өніп, тозаң түтіктеріне түзеді. Тозаң түтіктері арқылы аталық жынысжасушалар тұқым бүршігіне өтеді. Осы жерде тозаң түтігіндегі екі аталық жынысжасушаларының бірі жұмыртқажасушаны ұрықтандырады. Ал екінші аталық жынысжасушасы тұқым бүршігінің ең үлкен орталық жасушасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілерін пайдаланады. Құрылысы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады. Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа жатқызылады. Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады. Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктерді қосжарнақтылар класына жатқызады. Егер өсімдіктің ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда даражарнақты класына жатады.

Диаграмма дегеніміз – гүл бөлімдерінің жазықтықтағы көлденең қимасын шартты түрде бейнлеп, сызбанұсқасын сызу.



Әсер етуші факторлар


ІV. Бекіту: Берілген гүлдердің гүл формуласын жазыңдар

V. Қорытынды: мына берілген гүлдердің диаграммасын салындар. Диаграмма мен гүл формуласының айырмашылығы неде?

VІ. Үй тапсырмасы: 23 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.
VІІ. Бағалау

Сынып: 7 «а»

Күні:------------------------

Тақырыбы: Көкнәр, алабота тұқымдастары.

Мақсаты: Қосжарнақтылар класымен таныстыру. осы класқа жататын көкнәр, алабота тұқымдастарымен таныстыру.

Міндеттері

Дамытушылығы: білім алушылардың ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту. Салыстыру және қорыту біліктілігін дамыту

Білімділігі: көкнәр, алабота тұқымдастарының жемісі, тұқымы, мекен ететін жері, гүл формуласымен таныстырып, әрбіреуіне анықтам беру.

Тәрбиелілігі: білім алушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды тәрбиелеу, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының рөлін түсіндіру

Құрал-жабдықтар: кеппе шөптер, нақпішіндер, суреттер, электронды көрсетілімдер, кестелер, сызбанұсқалар

Сабақ типі: аралас сабақ

Көрнекіліктер :кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:


  1. Қосарланып ұрықтану деген не?

  2. Гүлді өсімдіктерді топтарға бөлінуі.

  3. Диаграмма деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1.Көкнәр тұқымдастары

2. Алабота тұқымдастары

3. Ақ алабота, қызылша, сексеуіл, шпинат



Көкнәр тұқымдастар – шөптекті бұта не кішкене ағаш түрінде өсетін қосжарнақты өсімдіктер тобы: біржылдық не көпжылдық.700 түрі бар. ҚР 44 түрі кездеседі. Жапырағы кезектесіп орналасады. Гүл қосжынысты. Т2 К4Ат көпАнкөп. Жемісі – қауашақ. Тұқымдары – ұсақ, түсі қара. ҚР Қызыл кітабы – жіңішке көкнәр. Бунақденелілермен тозаңданады. Кейде желмен не өзін өзі тозаңдандырады.

Алабота тұқымдастар – басым көпшіліг арамшөп. Шала бұталы, кейде бұта және кішкене ағаш түрінде кездеседі. 1500 түрі бар. Тамыры – кіндік, көріксіз. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасады. Жемісі құрғақ. Желмен, айқас, бнақденелілермен тозаңданады.

Ақ алабота - өте кең тараған біржылдық арамшөп. Сағағы ұзын, жұмыртқа пішінді жапырақтары өркенге кезектесіп орналасады. Гүл ірі гүлшоғырлы, күлтесі болмайды. Т4А4Ж1

Сексеуіл – бұта не кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір түрі. Гүлі ұсақ, бірүйлі. Жемісі – қанатты жарғақша.

Қызылша – 6 түрі бар.

Шпинат – 3 түрі бар.





ІV. Бекіту: кесте толтыру.
V. Қорытынды: алабота тұқымдастарының гүлдер суреті және көкнәр тұқымдастарының гүлдерінің суреті, осыларға сипаттама беру.
VІ. Үй тапсырмасы: 24 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.
VІІ. Бағалау



Каталог: uploads -> doc -> 134c
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
134c -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы
134c -> Сабақ жоспары №15 Пәні: Дәнекерлеуші сантехниктің арнайы технологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет