Сынып сағаты «Отбасы қызығушылық әлемі» Күні



Дата23.10.2023
өлшемі19,47 Kb.
#187659
Байланысты:
«Отбасы қызығушылық әлемі»


Сынып сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Сынып сағаты

«Отбасы қызығушылық әлемі»

Күні:18.04.2023




Сынып жетекші:

Мукаева Ж.Т

Сынып: 5А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:




Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға тәрбие бесіктен бастау алатынын,яғни қазақ халқының салт-дәстүрлерімен әдеп-ғұрыпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру



Сабақтың барысы





Сабақтың
кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар







Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Бала – ұлт болашағы. Олай болса бала тәрбиесіне қырандай қарау керек. Ешкімде де ұлттық салт – санадан тыс өмір сүре алмайды. Ата – ана парызы – баланы ұлт тірегі мен талабына сай тәрбиелеу.
Халқымызда тәрбиеге қатысты көптеген дана пікірлер бар. Соның бірі: “Ұлыңа беске дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыдай сана, он бес жастан асқан соң досыңдай бағала.” Мұндай, баланың жасына сай рухани қарым - қатынаста болудың өсиеті қандай тамаша айтылған.
Отбасымызда өсіп, ержетіп келе жатқан балаға адамгершілікке негізделген жағдайда өмір сүруге мүмкіндік жасалуы керек. “Ойсыз думан жас адамды қор етер”, “Өскің келсе, өзімшіл болма” деген сөздер әрбір жастың жадында болуы шарт.
Бала тәрбиесіне тек мектеп мұғалімдері емес, ең алдымен мемлекетіміздің болашағына бей-жай қарай алмайтын әрбір ата – ана жауапты.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.









Сабақ басы (13 мин)



Отбасы туралы бейне баян көрсетіледі




слайд




Ортасы (20 мин)



1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата - анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Сен не істейсің?
3. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің?
4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?




1. атаның баласы болма,....................... ( халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда соны ілерсің)
3. Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу мазар)
4. ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген тон пішер)
5. Ананың сүті – бал,..............................( баланың тілі – бал)
6. Туған үйдің түтіні жылы,...................( туған ананың күтімі жылы)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,........................( артыңа ауыр жүк артпа)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл)


слайд




Соңы



- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.





Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.


слайд








Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет